АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТҮР –ТҮС КОНЦЕПТІСІ

Осы зерттеу әдебиет жанрларымен байланысты. Жұмыс мақсаты- дүниенің тілдік бейнесі дүниені тіл арқылы көрудің түрлі тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді, мұнда түр – түстердің ұлттық, ұлтқа тән аймақтарды айқындауға мүмкіндігі зор екендігі көрсетіледі. Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының көрінісі. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үдерісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үдеріс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам сана...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ТҮР -ТҮС КОНЦЕПТІСІ


Б.М. Шажанқанова,қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

Павлодар қаласы,№ 20 лицей-мектебі ММ



Осы зерттеу әдебиет жанрларымен байланысты. Жұмыс мақсаты- дүниенің тілдік бейнесі дүниені тіл арқылы көрудің түрлі тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді, мұнда түр - түстердің ұлттық, ұлтқа тән аймақтарды айқындауға мүмкіндігі зор екендігі көрсетіледі. Кез-келген халық тілі - сол халықтың шынайы этникалық болмысының көрінісі. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үдерісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үдеріс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам санасының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде дүниенің тілдік бейнесі жасалады.

Түстердің танымдық модельдерін зерттеу, тілді адаммен және оның әлемімен тығыз байланыста қарауды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Мұнда таным модельдерінің негізгі ұстанымдары - қоғамдық тәжірибеге негізделуі, бейнеленуге мүмкіндік жасауы (символикалығы ), жүйелілігі, креативтілігі назарға алынады. Түр - түс адамзат өмір сүруінің ажырамас бөлігі, ақиқатты нақты бейнелеуде мүмкіндігі мол. Ол - адамның саналы білімінің ғана емес, психологиялық жай күйі, талғам, талап, қажеттілік пен көзқарасының өлшемі және оны танытушы. Сын атауының шығу тарихы жайында белгілі ғалым С.Аманжолов: «Кейбір сын есімдердің әлі күнге шейін әрі зат есімдік, әрі сын есімдік мәні бар мысалы:) «көк» әрі нәрсенің түсі, әрі «аспан» мәнінде; «қара» әрі «мал» мәнінде: «қызыл» әрі нәрсе түсі, әрі қоғамдық топтың символы т.б. Кейбір түркі тілдеріндегі материалдарды салыстыра тексерсек, бір тілде зат есім болып жүрген сөз екінші тілде сын есім орнына қолданылады екен. Мысалы, «қызыл» - азербайжан тілінде зат есім, «алтын» деген сөз, бізде ол сын есім мәнінде, ал азербайжан тіліндегі «қырмызы» - жібектен істелген товардың аты, зат есім» 1, 337 б. деген пікірді білдіреді. Бұл тұста сындық түстердің ұлттық танымды беруде мәні зор екенін байқауға болады.

Тілдік таңбалар халықтың дүниені түйсінуінен хабар беретін ақпараттық дереккөз ғана емес, сонымен қатар ғаламның тілдік бейнесін жасайтын ұлттың эстетикалық таным-талғамын, кәсібін, мінез-құлқын, ырым-нанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық рухын ұлттық тіл арқылы сақтап, жан-жақты таратып танытады. Осыған орай белгілі бір халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көріністері тілде тарихи-мәдени тілдік таңба ретінде қалыптасады. Демек «әлемді тіл арқылы танудың» әр ұлт тілінде түрлі сипатқа ие екендігі туралы шешімге келіп, осы түстердің тілдік сипатын тануға, әр ұлттың болмысын тануға түр-түстердің жұмсалуы негізінде келуге болатынына көз жеткіздік. Сондықтан да қазақ тіліндегі түр-түстің тілдік таңбалық мәнін қарастыру - тіл мен таным, тіл мен ойлаудың бірлігінен туған өзекті мәселенің бірі.

Абай Құнанбаев шығармаларындағы түр-түс ұғымының берілу сипатын талдау.

Жұмыстың негізгі мақсаты - Абай өлеңдеріндегі түр-түстің танымдық негізде түсіндіру, олардың қолданылу мақсаты мен мазмұнын, қызметін саралау. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:

- Қазақ тіліндегі түр-түс ұғымдарын, олардың қазақ танымындағы мәнін, қалыптасу жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы түр-түстердің танымдық мәнін анықтау.

- Абай өлеңдеріндегі түр-түстің қолданысын қазақ халқының мифтік түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы дәлелдеу.

- Түр-түс концептілерінің тілдік құбылыс ретіндегі зерттелуіне тоқталып, олардың қолданылу маңызын қазақ халқының болмысымен сәйкес анықтап, ашып көрсету.

-Түр-түс лексемаларындағы когнитивтік ғылымның белгілерін, оны тілде қолдану үрдісін зерделеу.

Жұмыстың тілдік деректері - «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-10 т., 1974-1986), І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977), Ф.Р.Ахметжанова мен Қ.Т.Қайырбаеваның «Түр-түске байланысты тұрақты сөз тіркестері» (2000)еңбектері және Абай Құнанбаев өлеңдерінен мысалдар алынды.

Зерттеу жұмысында дәстүрлі-құрылымдық грамматикаға қатысты ғылыми пікірлер негізге алынды. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерімен қоса, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ә.Қайдар, Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов, т.б. зерттеулері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының барысында жинақтау, талдау, салыстыру, когнитивтік талдау әдістері пайдаланылды. Когнитивтік теориялар, ғылыми тұжырымдар, танымдық лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының қағидалары басшылыққа алынды.

- Түр-түстердің ( ақ, қара, көк, қоңыр, қызыл, сары) т.б. түстерінің таңбалық мәні нақты тілдік деректер арқылы анықталды;

- қазақ тіл біліміндегі когнитивтік, этнолингвистикалық, әлеуметтік, танымдық зерттеулерге сүйене отырып, түр-түс ұғымның өзіндік ерекшеліктері ашылды;

- түр-түс ұғымдарының Абай өлеңдеріндегі қолданысы және өлеңдегі тілдік деректерді талдау нәтижесінде түстердің танымдық қызметі анықталды;

- бірқатар түр-түс лексемаларының этимологиясы ашылды;

- түр-түс ұғымды білдіретін тілдік деректерді талдау арқылы қазақ халқының ұлттық дүниетанымынан туған этномәдени символдық бейнелерін, менталдық сипатын білдіретін таңбалары анықталды;

- Абай өлеңдеріндегі түр-түс ұғымдарының танымдық қызметі анықталды.

- Абай өлеңдерінде түр-түс концептілері жиі ұшырасады. Жинақталған тілдік деректер түс концептісінің мәнін айқындауға мүмкіндік береді;

- тілімізде түр-түс ұғымдарының танымдық қызметі зор. Әлемнің тілдегі көрінісі түр-түс лексемалары арқылы да жасалғандығын Абай өлеңдерінен анық байқалады.

Ғылыми жоба екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. - Алматы: Ғылым, 2002. - 368 б.

2.Платон. Собрание сочинений: В 4-х т. том 1 - М.: Мысль, 1990.-с. 860

3.Кононов А.Н.Семантика цветообозначений в тюркских языках.М:, 1978.

4.Қайдаров Ә, Ахтамбердиева З. Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. -Алматы: Ана тілі, 1992.- 160 б.

5.Ақбердиева Б. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар (Қазақ тілі материалы бойынша). Фил. ғыл. канд. дисс.- Алматы, 2000,- 119б.

6. Қондыбай С. Қазақ мифологиясы. Қысқаша сөздік

7.Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: Фил.ғыл.докт.. дисс. автореф. -Алматы, 1997. - 53 б.

8.Уәлиханов Ш.



© 2010-2022