Мақалдар мен мәтелдер 10 сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Мақалдар мен мәтелдер 10 сыныпМақалдар мен мәтелдер 10 сыныпМақалдар мен мәтелдер 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мақалдар мен мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың халық ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал-мәтелдер туралы

түсініктерін молайту. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын дамыту. Тақырып төңірегінде

өз ойларын ашық жеткізі білуге баулу.

Тәрбиелік: Қазақ мақал-мәтелдеріне қызығушылықтарын арттыру, қазақ тіліне

сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мәтелдер, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Міндеттері:

  • Сабақта жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдай қамтамасыз ету

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, ҚР мемлекеттік әнұранын орындау.

  • Сыныпты түгендеу, кезекшімен сұхбат.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Міндеттері:

  • Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру

  • Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау

  • Қатемен жұмыс

Тұрақты сөз тіркесі тақырыбын қорыту. Үйге жазып келуге тапсырылған тұрақты сөз тіркестерін сұрау, мағыналарын ашқызу. Тұрақты сөз тіркесінің ережесін пысықтау.

Тұрақты сөз тіркестері тақырыбын қорыту мақсатында бірнеше тіркестердің мағыналарын ашқызу, слайд бойынша ережені пысықтау.

  1. Тісі тісіне тимеу - тоңу, мұздау

  2. Үйді басына көтеру - айғайлау, дауыстау

  3. Шаңырақ көтерді - үйленді

  4. Ай десе аузы,күн десе көзі бар - сұлу

  5. Қол ұшын берді - көмектесті

Тұрақты сөз тіркесі

Тікелей аударуға болмайды

Бірігіп бір мағына береді

Орны тұрақты


ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

Міндеттері:

  • Өткен сабаққа шолу

  • Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру

  • Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Өтілген тақырыптарды пысықтау арқылы жаңа сабаққа көшу.

Оқушылардан «Қызыл тілді» тұрақты тіркесінің мағынасын сұрау.

Осы тұрақты сөз тіркесіне мақал ойлап тапқызу.

«Өнер алды - қызыл тіл» т.б. тіл туралы білетін мақалдарын сұрау арқылы бүгінгі тақырыптың мақал мен мәтел екенін айқындау.

ІV. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

Міндеттері:

  • Грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту

Тұрақты тіркестер сияқты мақал - мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Мақал - мәтелдердің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал - мәтелдер де сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді

Слайд арқылы мақал мен мәтелдің айырмашылықтарын түсіндіру.

V. Жаңа материалды меңгерту дәрежесін тексеру кезеңі

Міндеті:

  • Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру

ә)Жазба жұмысы

Карточкамен жұмыс жүргізу

Картосканың алдыңғы бетінде мақал жазылған. Оқушы осы мақалды аударып, артындағы тапсырманы орындайды

№1 тапсырма

Сөз шындықты табар. - Слово найдет правду

«шындықты» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

№2 тапсырма

Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.- Перед мамой почет, перед отцом служба

Үндестік заңына бағынбай жазылған сөздерді көрсет.

№3 тапсырма

Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.

Ақылсызға сөз айтсаң, тындайды да күледі

Сөздерге антоним табу

№4 тапсырма

Ағайын - алтау, ана - біреу.

Сөздерге синоним табу, «алтау, біреу» сан есімдерін талдау.

№5 тапсырма

Судын басы - бұлақ, сөздің басы - құлақ.

Омонимдерді табу.

VI. Жаңа материалды бекіту кезеңі

Міндеті:

  • Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру

Оқушылар өздерінің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін сөз тіркестер, сөйлемдер , шағын әңгіме құрастыру арқылы бекітеді.

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін түсіндіріп, халқы ауыз әдебиетіндегі орынын атап өту. Кейін шыққан мақал-мәтелдерге тоқталу.

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ақиқат бар жерде жеңіс бар (Төле би)

Дұшпаныңнан бір сақтан,

Жаман достан мың сақтан.(Ы.Алтынсарин)

Отаның үшін отқа түс - күймейсің. (Б. Момышұлы)

VIІ. Жаңа сабақты қортындылау кезеңі

Міндеті:

  • Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу, жаңа материал бойынша ойын қорытып айтуға дағдыландыру

  • «Суреттер сөйлейді» тақырыбында оқушылар слайдта көрсетілген суреттер бойынша мақал-мәтелдер құрастырады.

Слайдты Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтау. Тілдер күнімен құттықтау.

VІIІ. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі

Міндеті:

  • Оқушылардың материалды меңгеру сапасын анықтау

  • Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту

  • Өтілген тақырыпты пысықтау.

Өз білімдерін бақылап, сұрақтарға жауап береді

IX. Түзету кезеңі

Сабақты қорытындылап, жаңа материалды түсінбеген оқушылар болса, түзету жұмыс жүргізіп, жаңа материалды пысықтау.

Х.Үй тапсырмасын беру кезеңі

Міндеті:

  • Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындалу тәсілдерін түсіндіру

Тіл туралы 10 мақал жазып,жаттау. Бірнеше сөзге фонетикалық талдау жасау

ХI.Сабақтың бағалау кезеңі

Міндеті:

  • Өзара бақылау, жеке оқушының жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру(ынталандыру, мадақтау, ескерту т.б.)

ХІI. Рефлексия кезеңі

Оқушылар берілген парақшаларға өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін жазып, мұғалімге тапсырады.





© 2010-2022