«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсылық пен жамандық туралы түсінік қалыптастырып, «жақсы деген немене, жаман деген немене» екенін түсіндіру, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету;

Дамытушылығы: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын және таным белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, көрсету, сұрақ

жауап әдістері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, тірек сызбалар.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі.

  2. Әнұранды салттанатты түрде орындау

  3. Оқушымен сұрақ - жауап

  4. Үйге тапсырма беру

Елбасымыз Н. Назарбаев 2001 жылғы 30 - желтоқсандағы 751 жарлығы бойынша Қазақстан халқының денсаулығын, жай - күйін жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін қлдау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2002 жыл «денсаулық сақтау жылы» болып жарияланды. әрбір адам өзіне, халқына, Отанына көбірек пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, қиыншылықтан қорықпайтын төзімді, пайымды, парасатты және қабілетті болу керек.


«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатын жақсарту үлкен міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан «аурудың алдын ал» деген сөз бар. ғасыр індеттері, аталған темекі, ішімдік, нашақорлықпен күрес бүкіл әлем жұртшылығын мазалады. Осы зиянды әрекеттерден адамның ағзасына, болашағына келтірер зиянын ұғындыру болашақ ұрпақ санасына жеткізіп отыру қажет.

Көк түтінге жас өкпеңді ыстама

Ащы суға өзіңді - өзің қыштама.

Ер жетудің белгісі деп бұл да бір

Әуес көріп ұстамасты ұстама.

«Баланы жастан» дегендей, ұрпағымыздың тәрбиесіне бүгін жете көңіл бөлгенімі дұрыс. Кез - келген баланың ұқыпты да әдепті болып қалыптасуына ең алдымен отбасындағы тәрбиенің әсері мол. «Жүректен қозғайын, әдептен озбайын» - дейді ұлы Абай. Яғни, әдептен озбау - үлкен қасиет. Одан адамның білімділігі мен мәдениеттілігін байқауға болады.

Қандай зиянды әдетті болсын қойдыру үшін, алдымен, оның себебін біліп алу қажет екені аян. Мәселен, бұл арада: «Балалар не үшін темекі тартады? Оған қалай үйренген?» - деген сауалдар қою арқылы балалардың ойын тыңдау.

Адамзаттың осы темекі арақ есірткіден шегіп отырған қасіреті - сұмдық. Бұлар талай есіл ерлерді адам қатарынан шығарып жібергенін, талай құт шаңырақ, ұйыған отбасын ойран етіп кеткенін айтып тауысу мүмкін емес.

Қорыта келе: болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек, ел, халық болып зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Ғасыр індеті саналып отырған темекіге, араққа, нашақорлыққа тізе қосып күресейік, достар. Олай болса бойымызға тек жақсы қасиеттерді дарытып, егемен еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық.

© 2010-2022