Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс сабақ Ұлы даланың ұлылары 11-сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс сабақ Ұлы даланың ұлылары 11-сыныпЗеренді аудандық оқу бөлімінің

«Жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) орта мектебі» ММ








Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына және Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған



«Ұлы даланың ұлылары» атты сайыс жоспары














Дайындаған: Шаукеров Ж.Н.





Гранитный-2015

Тақырыбы: Ұлы даланың ұлылары. Абай Құнанбаев және Шоқан Уәлиханов

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың және Шоқан Уәлихановтың мол мұрасын насихаттау.

Дамытушылық: оқушыларды өзіндік «мені» қалыптасуына бағыттау , тұжырымды пікір айтуға баулу.

Тәрбиелік: Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.

Көрнекілігі: буклеттер, Абай мен Шоқанға арналған кітап көрмесі, слайд-шоу, деректі фильм.

Әдісі: сұрақ - жауап, кіріктіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы- мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. Биыл Абай атамыздың туғанына 170 жыл, артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі -қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалихановтың туғанына 180 жыл.

Сайысқа төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.

Сайысқа жоғары сыныптардан 2 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды. Топ атаулары «Абай ауылы» және «Шоқан ауылы»

ІІ. Тақырыпты анықтау кезеңі. Ой қозғау.

Шоқан

Абай


Білім сайысы негізінен 7 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Топты таныстыру, топтың ұраны, осы сайысқа түсудегі мақсаты.

2 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

3 кезең. «Математикалық ойын».

4 кезең. «Елші» деп аталады. Бұл кезеңде берілген сөзжұмбақты шешу.

5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.

6 кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады.

7 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.

2 кезең. «Бәйге».

І топ

1. Шоқан Уәлиханов қай жерде туды?

2. Шоқан оқыған кадет корпусы?

3. Шоқанның орыс достары кімдер?

4. Шоқанның шын аты?

5. Шоқан қайда саяхаттар жасады?

6. Шоқан жазып алған қырғыз жыры?

7. Шоқанның атасы кім?

8. Абайдың әжесінің аты?

9. Абай қай жылы дүниеге келді?

10. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы орысша аудармасы?

11. Абай аударған орыс ақындары?

12. Абайдың махаббат лирикасы?

ІІ топ

1. «Абай жолы» роман- эпопеясының авторы кім?

2. Абайдың қанша қарасөзі бар?

3. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңдері?

4. Абайдың поэмалары?

5. Абайдың туған жері?

6. Абайдың шын аты?

7. Абайдың анасының аты?

8. Шоқан Уәлиханов қай жылы қайтыс болды?

9. Шоқанның анасының аты кім?

10. Шоқанның ескерткіші бар қалалар?

11. Шоқанның әкесі кім?

12. Шоқан туралы қандай шығармаларды білесіздер?

3 кезең. «Математикалық ойын»

І - топ.

1. 500 * 3 + 800 / 2 + 706 =1856 жыл. (Жетісуға, Ыстықкөлге, Құлжаға сапар шегеді. Күнделіктер жазады. Қараша айында П. П. Семенов - Тянь Шанскиймен танысады. Қызметте ерекше көзге түскені үшін поручник шенін алады).

2. 250 + 250 * 3 + 500 - 143 = 1857 жыл.(Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады. Қашқарға сапарына қамдану үшін қыс кезінде Алматыда тұрақтап, қажетті мағлұматтар жинайды).

3. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?

(250 - 200) - 20 =30

4. Ә.Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?

(100 * 3) - (10 * 15) =150

ІІ - топ.

1. 2000 / 2 + 900 - 42 = 1858 жыл.(28 маусымда Семейден Қашқарға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагер деген құпия атпен қосылады ).

2. 700 * 2 + 926 / 2 + 700 = 1863 жыл. ( сот реформасы туралы халық пікірін жинау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады).

3. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?

(50 : 5) - (20 : 4) = 5

4. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?

(57 - 50) + (7 + 4) =18



4 кезең. «Елші».

1

А


2

Б



3

А


4

Й



5

Қ


6



Ұ


7



Н

8

А


9



Н

10



Б


11

А


12

Е


13


В

1. Қыс айы.

2. М. Әуезовтің басты шығармасы.

3. Мемлекеттік рәміздің бірі.

4. Абай туған қала.

5. Бие сүтінен жасалатын сусын.

6. Жылқының төлі.

7. Қазақстанның бас қаласы.

8. Абай лирикасының бірі.

9. Абайдың анасы.

10. Абайдың неше қарасөзі бар?

11. Абайдың шын аты.

12. Абайдың әжесі.

13. «Абай жолы» романының авторы.

1

Ш


2

О


3

Қ



4



А

5



Н


6

У

7




А

8



Л


9



И


10



Х


11

А


12



Н

13

О

14




В

1. «Купол юрты» сөзінің аудармасы.

2. Шоқан білім алған қала.

3. Шоқанның туған жері.

4. «Столица» сөзі қалай аударылады?

5. Тудың ортасында не бейнеленген?

6. Шаңырақ пен керегені не қосып тұрады?

7. Шоқан атындағы Университет қай қалада?

8. Астанадан бұрынғы Қазақстанның астанасы.

9. Көшпелі қазақтардың баспанасы.

10. «Путешественник» сөзінің аудармасы.

11. Шоқанның қазақ ханы болған арғы атасы.

12. Шоқанның анасының аты.

13 . Тудың шетінде не бейнеленген?

14. Мемлекеттік Тудың авторы.

5 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» .

Сұрақтар: І топ

1. Нағашы деген кім?

2. Құда шақыру деген не?

3. Ораза деген не?

4. Бет ашар туралы не білесің?

5. Тұсау кесу деген не?

6. Қандай туыстық атауларды білесің?

ІІ топ

1. Айт мейрамы туралы не білесің?

2. Құда, құдағи дегендер кімдер?

3. Ұлттық тағамдарды ата?

4. Шілдехана деген не?

5. Қымыз қалай жасалады?

6. Бата беру дегенді қалай түсінесіңдер?

6 кезең. «Сен не істейсің?».

1. Жаңа сойылған қойдың еті, ішек, тұз, сарымсақ, ағаш пен жіп, пышақ сияқты заттар пайдаланып, сен не істер едің?

2. Майда еттартқыштан өткізілген ет, оқтай-тақтай, жуа, ұн, су, май сияқты заттарды пайдаланып, сен не істер едің?

7 кезең. «Тапқырлық».

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)

3. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

4. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Тілден артық ... (қазына жоқ).

7. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл).

8. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

9. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

10. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

Қорытынды. Бүгінгі сайыстан алған әсерім.

Сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға алғысымызды айтамыз.

Біздің еліміздің ұлы тұлғалары Абай мен Шоқан туралы білімімізді ортаға салдық. Олардың өмірі мен шығармашылығын білу - біздің міндетіміз. Тәуелсіз еліміздің ертеңі - сендер, ендеше ұлыларымызды ардақтай білейік.

© 2010-2022