Қазақ тілі Матасу 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Матасу
Сабақтың мақсаты: 1) матасу туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру, сөздердің өзге байланысу түрлерінен ажырата білуді үйрету;
2) өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру, сауатты, әдемі жазуға бейімдеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін ажырату;
3) оқушыларды патриоттыққа, жігерлікке, жаңашлдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: төрт бағыт бойынша: 1) сауаттылықты бағалау; 2) практикалық бағыт (бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін жүзеге асыру); 3) ізденіс бағыты; 4) теория бағыты.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі ұпай сандары, интерактивті тақтадағы сызбалар, кітап, үлестірмелі тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу).
Үй тапсырмасын тексеру: 243 - жаттығу.
Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадағы сызбалармен түсіндіру, толықтыру.
Тәжірибе бағыты. Бұл бағытта жаңа сабақтан алған білімдерін іс жүзіне асыра білуі керек.
а) Кітаппен жұмыс. Тақтаға жаздыру.
248 - жаттығу.
ә) 249 - жаттығу. Ауызша орындату.
б) 250 - жаттығу. Жарыс жаттығуы.
в) Интерактивті тақтамен жұмыс
Сыңарларын тауып жаз. Оқушылар тақтаға жазады.
а) Адамның...
ә) Көктемнің..
б) Баланың...
в) Табиғаттың...
Сергіту жаттығуы. «Кім тапса сол айтып берсін».
Мына жұмбақтағы сөздерді байланысына қарай топтаңдар да, есімді тіркесті бір бөлек, етістікті тіркесті бір бөлек айтып беріңдер.
1. Әуеден күбі түсті, Күбінің түбі түсті. (Күннің күркіреуі)
2. Тоғыз белдеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек.(Домбыра)
3. Көк лағым көген сүйреді.(Ұршық)
Ізденіс бағыты «желтоқсан ызғары» тақырыбында шағын шығарма жаздыру.
Теория бағыты .Интерактивті тақтадағы сұрақтар арқылы алған білімдерін бекіту. Бекіту сұрақтары барлық оқушылардан сұралу керек. Жауап берген оқушыларға көк түсті ұпай сандары беріледі.
1. Матасу дегеніміз не?
2. Есімді тіркес дегеніміз не? Мысал келтір
3. Ілік септігінің сұрағы мен жалғауын кім айтады? Мысал келтір. Зат есім дегеніміз не?
4. Матаса байланысқан сөз тіркестеріне кім мысал келтіреді?
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Рефлексия. Бүгінгі сабақта кімге не ұнады?(Оқушылардың жауабынан үлгі)
- Маған бүгінгі сабақта төрт бағытпен оқығанымыз ұнады.
- Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды орындаған.
- Мен өзімнің іздену бағытынан орташа екенімді білдім, содан жоғары ұпай алу үшін көп оқу керектігін ұғындым.












© 2010-2022