М. Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» 5-сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 6

Күні 27.01.16ж

Сабақтың тақырыбы

М.Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдері

Мақсаты

Өлең мазмұны мен идеясын талдау жасау арқылы тақырыптың мазмұнын игеріп, өз ойын еркін жеткізе білу.

Күтілетін нәтиже

Мұзафар Әлімбаев өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

алады. Ана тіліне деген сүйіспеншіліктері оянып, тіл байлықтары дамиды.

Көркемдік тіліне талдау жасайды.

Керекті жабдықтар

АКТ мүмкіндіктері.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

10 мин

Оқушылармен амандасу.

Топқа бөлу

I. Үй тапсырмасын тексеру. «Сыныпқа келген жаңа оқушы» тақырыбына жазып келген эссе тексеру.

2. Түсінгенін сұрау.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1. Оқушылар эссе оқиды және түсінгенін баяндайды.

Негізгі бөлім

25мин

1. Бейнебаян қарау. Мұзафар Әлімбаев 29 қазанда 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында туған. 1948 - 58 жылдары «Пионер» қазіргі (Ақ желкен) журналында соң «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі кейін бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1958 - 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. 1965 жылы ҚазҰУ - ды бітірген.
1952 жылы «Қарағанды жырлары» деген алғашқы жинағы жарық көрді. М. Әлімбаевтың 300 - дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан.
1953 жылы «Менің ойыншығым», 1959 жылы «Отпен ойнама», 1962 жылы «Орақ - олақ», 1977 жылы шыққан «Шынақсаң шымыр боларсың» деген кітаптары
қазақ балалар әдебиетіне қосылған елулі үлес болды.
Әлем әдебиеттерінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге аударылды.
1978 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1994 жылы Қазақстанның халық жазушысы деген атаққа ие болған.
1993 жылы Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, 1995 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
1984 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының, 1992 жылы жазушылар одағы «Алаш» сыйлығының, 1996 жылы Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты болды.

2. Өлеңді мәнерлеп оқу

3. «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңінің құрылысына талдау жаса.

Өлеңдердің аты

Шумақ:

Тармақ

Бунақ

Буын

Ұйқас түрі

«Ана тілім ғажап деп айта аламын»,

2

8

24

11

Қара өлең

«Биіктер»

3

12

36

8-9

Шалыс ұйқас

4.«Ана тілім -мақтанышым» тақырыбына шығарма жазу

Оқушылар бейнебаян қарау

Оқушылар өлең құрылысына талдау жасайды.

Қорытынды

10мин

5. «Ыстық орындық» әдісі әр топтан бір оқушы шығады

6.Үйге тапсырма М.Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер» өлеңдерін жатқа айту

7.Бағалау

М.Әлімбаевтің өмірбаянынан сұрақ қояды

Үш түрлі смайликтер.
Әркім өз біліміне, көңіл күйіне қарай тиісті смайликтерді таңдайды.
1. - Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердім десе «сары» смайликті таңдайды, яғни өз күнделігіне «5» қояды.
2. - Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа «жасыл» смайликті таңдайды, өзіне «4» деген баға қояды.
3. - Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе «көк» смайликті таңдайды, яғни «3» деген баға.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақ бойынша өзгертулер













© 2010-2022