Урок по казахскому языку на темуАстана

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласындағы саяхат.

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды Астана қаласының тарихи-мәдени орындарымен таныстыру.Астана тарихын насихаттау арқылы балалардың тіл байлығын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін күшейте түсу. Грамматикалық тақырыптарға көп көңіл бөлу.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, интерактивті тақта, көрме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

І. Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау.(Экранда фондық сүйемелдеу.)

ІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді жаттап алыңдар.

Ұшақпен Астана қаласының әуежайына келдік. Сарыарқаның самал желі соғып тұр. Әуежай жақтан кірер жолда биік мемориал орнатылыпты. Ол саяси қуғын көрген адамдарға қойылған ескерткіш екен. Ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.
Біз «Турист» қонақүйіне орналастық. Қала Есіл өзенінің бойында орналасқан екен. Зәулім үйлер көптеп салыныпты. Маған парламент үйі қатты ұнады. Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының ғимараты да ерекше әсем. Біз «Достық» сарайында өнер көрсеттік. Көркейген Астана көз қуантады!

2-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланы естеріңе түсіріп және берілген сұрақтарды тыңдай отыра, ауызша жауап беріңдер. (жұптық жұмыс)

- Бұл қалада әуежай бар ма?
- Бұл қалаға қандай көлікпен саяхат жасауға болады?
- Қалада қонақүй бар ма? Ол қалай аталады?
- Қалада қандай мәдени орындар бар?
- Осы қалаға қандай мақсатпен саяхат жасадыңыз?
- Саяхат жасаған қалаңыз сізге ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады?

3-тапсырма. Өздерің саяхат жасаған қаланың демалыс орны туралы қызықты жарнама мәтінін құрастырыңдар.

4-тапсырма. Сауаттылық әліппесі. Бас әріппен жазылатын сөздерді тауып, сөйлемдердің ара жігін ажыратып жазыңдар.

Мен жазғы демалыста ертісте болдым ертістің жағалауында жақсы демалдым және саяхатқа шықтым ертіс еліміздегі ірі өзендердің бірі оның ұзындығы 4331 шақырым ертіс шығыстан солтүстікке қарай ағады ол шығыс қазақстан және павлодар облыстарының жері арқылы батыс сібір ойпатына қарай ағады ертіс зайсан көліне құйылады.

5-тапсырма. Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді теріп жазыңдар.

ІІІ. Сергіту сәті
Ал, енді демалатын сәт келді. Қане, орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.


6 - тапсырма. Топпен жұмыс. Суреттер бойынша мәтін құрап жаз (интерактивті тақтамен жұмыс).

Урок по казахскому языку на темуАстанаУрок по казахскому языку на темуАстана

Урок по казахскому языку на темуАстана

- Олай болса, саяхатымызды бастайық!
Біздің елордамыз - Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің жағалауында бой көтерген жас қала.
Астана - еліміздің бас қаласы. Қаламыз күн санап көркейіп келеді. Онда көптеген биік, әсем ғимараттар, ойын-сауық кешендері бар.
Сендер Астана туралы өлең білесіңдер ме?
1.Астана - бас қала,
Жаңа қала, жас қала.
Зәулім сәнді үйлері,
Үлгі болған басқаға.

2.Сәулесі түскен Есілге,
Сарыарқа төсінде.
Армандай әсем қала бар,
Мәңгі қалар есіңде.
Астана - қиялға бай, шексіз сәулетті. (Слайд 4. «Бәйтерек» кешені)


Урок по казахскому языку на темуАстана


Бұл - «Астана - Бәйтерек» кешені. Оның биіктігі-97 метр. «Бәйтерек» кешені «Ертөстіктің» оқиғасы желісімен өрілген.
Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік биік бәйтерекке кездеседі. Ағашты көріп таң қалады. Бәйтеректің нақ төбесіне ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болып, дәулетті ғұмыр кешеді.
Ғимараттың ұшар басынан Астана қаласының көрінісін тамашалауға болады.

Бәйтерегім аспанмен таласады,
Ай мен күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды қайсар ер азаматтар,
Астананы тұрғызған, қарашы әні!
(Слайд 5. «Қазақ елі» монументі)

Урок по казахскому языку на темуАстана

- «Қазақ елі» монументі. Оның биіктігі-91 метр. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздігін алған
1991 жылдың белгісі.
Оның басындағы алып құс самұрық - Қазақстанның тыныштығының белгісі.
Саяхатымызды жалғастырамыз. (Слайд 6. «Ақ орда» резиденциясы.)


Урок по казахскому языку на темуАстана
Ақ орда - ҚР Президентінің жұмыс орны. Мұнда елбасымыз жиналыстар мен кездесулер өткізеді. Өзге елдермен келіссөздер жүргізеді.
Балалар, Астана қаласында демалатын орындар көп екен.
Келесі тамашалайтын көрікті жердің бірі - «Думан» ойын-сауық кешені.

(Слайд 7. «Думан» ойын-сауық кешені)


Урок по казахскому языку на темуАстана


Онда кинозалдар, океанариум бар. Океанариумнан түрлі жырқыш балықтарды көре аласың. Ал кинозалда арнайы көзәйнектер киіп, экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесің.
ІІІ. Рефлексивті-коррекциялаушы кезең.
Ойын ойнағыларың келе ме?
«Кім шапшаң» ойыны
1. ҚР астанасы қай қала?(Астана)
2. «Астана» сөзі неше буыннан тұрады? (3)
3. Астана қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)
4. ҚР президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
5. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата? (Гимн, Ту, Елтаңба)
6. Астанадағы ең ірі ойын-сауық кешені? (Думан)
7. Бәйтеректің биіктігі қанша? (97 метр)
- Балалар, біз бүгін Астана қаласына саяхат жасадық. Ондағы тарихи-мәдени орындармен таныстық.
Олар: «Бәйтерек кешені», «Қазақ елі» монументі, «Ақ орда» резиденциясы, «Думан» ойын-сауық кешені, ескерткіштер.

Хормен:
Жаса, жаңа жас қалам,
Жайнай бер менің Астанам!
Енді Астана қаласына жылы лебіз, тілегімізді айтайық!
«Жүректен жүрекке»
Біз ерекше баламыз,
Жайнай берсін қаламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.
(Іс-әрекетке белсене қатысқан балаларды мадақтау.)

ІV. Сабақты бекіту.

Астанамыз көркейе берсін! Зәулім, биік ғимараттар көбейсін! Еліміздің болашағы жарқын болсын!- деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

V. Бағалау. Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. «Тұңғыш елбасымыз» тақырыбына шығарма жазу.






© 2010-2022