Ұстаз-ұлы тұлға ашық тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаз - ұлы тұлға

Шағын көрініс

Сахнаға 6 оқушы шығып «Ұстаз - ұлы тұлға» тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, өтілу барысынан көрініс көрсетіп, «Мұғалім» сөзінің мағынасын ашады.

М - мейірімді

Ұ - ұлағатты

Ғ - ғазиз

А - ақылды

Л - лайықты

І - іскер

М - маман

Осы кезде фанфар ойнайды.

1-жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, есен-сау бармысыздар, аса құрметті де аяулы біздің ұстаздарымыз!

2-жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестеміз. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгілік бастаушысы ұстаздар қауымы!

1-жүргізуші: Мектеп қабырғасынан алыстаса да, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

2-жүргізуші: Аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаев «1-қыркүйекте салтанатты шеру не салюттер де болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ» деп толғанған екен. Солай ма, Думан?!

1-жүргізуші: Иә. Олай болса мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі ұстазға баланысты. «Ұя да не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Сіздердің алдарыңызда әрқашан да бас иеміз.

2-жүргізуші:

«Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбекв жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, ол ұрпақты тәрбилейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.

Ән: «Ұстазым».

1-жүргізуші: Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге, білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Бала жанашыры». Иә, бұл мектеп мұғалімі - ұстазға арналған теңеулер, бұл тізбектің шегі бар ма екен десеңізші. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, өздеріңізге арналған даналық сөздер тұтас бір кітапқа айналары сөзсіз. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.

2-жүргізуші: Ұстаз туралы мақтау сөз айтысып тауыса алмаспыз.

Ерсайын:

Зауытта болсаң күнбе-күн,

Көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң түрлі емің,

Шипалы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің

Өзгеше тіпті басқадан.

Ол өзің арнап ел үшін,

Осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам - елдің тірегі,

Байлығы туған халықтың.

Шапағын шашар үнемі

Көгңнде тұрған жарық күн.

Сен жастық өамын шертерсің,

Тағдырын толғап ойланып.

Әр үйдің бір еркесін

Үйреттің өзің қолға алып,

Ұстазсыз жолға сенбек кім,

Шәкіртсіз өмір - сусыз жер.

Көрінбес ғажап еңбектің

Бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жанымнан

Табылар құрмет, жігер күт,

Ұстазым сенің әр күнің,

Әр сәтің - тұрған бір ерлік.

1-жүргізуші:

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.

Жыр оқисың нөсер болып жайылып,

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің.

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп,

Жалын атып, от боп бірге жаңасың.

Қарлығаш:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай!

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Аида:

Ұстаздарға мың алғыс,

Алғыстарым көп менің.

Асыл анам, мектебім,

Үйреткенің - адалдық.

Ұсынғаның - адамдық,

Текті мінез, даналық.

Біз ұстаздарға тілейміз.

Бақыт, табыс, амандық.

2-жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ол тек оқу, жазу үйрететін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін - қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

1-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылатын сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін жауаптылық, қажырлық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, ғарышкер де - бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

2-жүргізуші:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға» деп Абай айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Гүлфайрус:

Ұстаз, ұстаз.

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әбінасыр, Ыбырай мен Аханды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз небір қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін.

Болса дағы малға кедей өмірде,

«Бар байлығым - шәкірттерім, сен» дейтін.

Артур:

Күллі өмірің жеткенше арналған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Ол мектептен шықса да қыс-жазы.

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге қол созғанын,

Шәкірттердің өзінен де озғанын.

Би: «Қара жорға»

2-жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1-жүргізуші:

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп

Құттықтаймыз, ұстаздарым, баршаңды.

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді. Мереке құрметіне отшашу беріледі. Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!

© 2010-2022