Қазақ тілінен диктанттар жинағы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Павлодар қаласының Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі











Қазақ тілінен

2-4 сыныптарға арналған бақылау

жұмыстарының өлшем бірліктері







Құрастырған қалалық шығармашылық тобы.





Павлодар қаласы, 2013 ж

Павлодар қаласының оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кульжигитова А.К., Аубакирова М.М., Каримова С.А. (№9 ЖОББГМ), Дүйсенбекова С.Т. (№21 ЖОББМ), Сагинова Д.С. (№5 ЖОББМ), Жакиянова Г.К. (№17 ЖОББСОБМ), Сыздықпаева Б.В. (№43 ЖОМ),Шарбанова Қ.Б. (№39 ИББЖОББМ), Садымова З.А. (№13 ЖОМ), Қапарова Н.Н. (№7 ЖОББББММ), Қонқаева Ә.Т. (№36 ЖОББББМ) авторлығымен әзірленген 2-4 сыныптарға арналған қазақ тілінен бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері.

Пікір


Жинақ оқу орыс тілінде жүретін оқушыларының білім сапасын жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін анықтап, білім сапасын салыстырмалы талдау мақсатында мұғалімдерге арнап құрастырылған.

Негізгі мақсаты - оқу орыс тілінде жүретін мектептердің оқуыларын қазақ тілінен алынатын ағымдағы бақылауға дайындау, өткен материалдарды олардың есіне түсіру.

Диктант мәтіндері мен тапсырмалар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен орыс тілінде жалпы орта білім беретін 1-4 сыныптарына арналған бағдарламаларына сәйкес жасалған.

Бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызы артып, қолданылу өрісі кеңейтіп отырған жағдайда алған білімдерін практикада қолдана алу өте маңызды. Осы талаптарды, ағымдағы бақылау міндеттерін жүзеге асыру қарастырылған.

Құралды тәжірибеде қолдану оқушылардың жазу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.




Түсініктеме

2010 жылдың оқу бағдарламасына сүйене отырып, осы бақылау жұмыстарды және тесттерді құрастырдық.Ұсынылып отырған бақылау жұмыстары оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 2-4-сыныптарына арналған. Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Бақылау жұмыстары өткізген кезде диктанттан кейін грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты - әр оқушының стандарт бойынша меңгерген білім, білік деңгейін тексеру.

Ескерту: Диктант мәтінін мұғалім бір орында тұрып оқиды.

Диктанттарды бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке-жеке есептеледі де жалпы бір баға қойылады.

Барлығы 6 бақылау жұмысы ұсынылып отыр. Жалпы диктанттағы сөз саны 30-40 сөз.

Диктантты бағалау нормалары:

«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе орфографиялық жеңіл бір қате болса, тыныс белгілерінен бір қате жіберсе;

«4» деген баға: Үш-төрт қателері болса;

«3» деген баға: Бес-алты қатесі болса;

«2» деген баға: Қате саны сегізден асып кетсе;

Ескерту: Егер бір әріптің орнына екінші бір әріпті жазса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталап жазса,оларды ауыстырып қолданса,осылардың әрқайсысы бір-бір қате болып саналады.Бір сөзді бірнеше жерде қате жазса,ол бір қатеге есептеледі.Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.

Диктант мәтіні ұқыпсыз орындалса немесе түзетулері көп болса,каллиграфиялық талаптарға сай жазылмаса, диктанттың бағасы бір балл төмендетіледі.

Сонымен бірге тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенімен, қате саналмайды.

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:

«5» деген баға: Барлық тапсырмаларды толық, ешбір қатесіз орындаса;

«4» деген баға: Әр тапсырмада 1-2 қатесі болса, тапсырмаларды толық орындаса;

«3» деген баға: Әр тапсырмада 3-4 қатесі болса, тапсырмаларды толық орындамаса;

«2» деген баға: Мүлде барлық тапсырмаларды орындамаса, немесе тапсырмаларды жартылай орындаса.


2-сынып

Алғашқы бақылау үзігі

Мақсаты: қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім, білік дағдыларын зерттеу.

Міндеттері: Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сәйкес жаза алу және лексикалық білімдерін тексеру.

Сөздік жатжазу

Школа-

Учитель

Ученик-

Зима-

Осень-

Весна-

Наш класс-

Азық-түліктер дүкені-

Оқу құралдары-

Игрушки-

Көшіріп жазу

«Біздің мектеп»

Бұл-біздің мектеп. Мектеп үлкен және әдемі. Мектепте көп сыныптар, кітапхана, асхана, спортзал бар. Біздің сынып екінші қабатта орналасқан. Сыныпта тақта, үш терезе, үстел, парталар бар. Терезелерде гүлдер тұр. Сынып жарық және таза.

(33 сөз)

Күлжігітова А.К.

2 сынып

І тоқсан


Мақсаты: тоқсан бойынша алған білімдерін тексеру. Сауаттылығын тексеру.


Күз айлары.

Күздің бірінші айы- қыркүйек. Аспан ашық. Күн әлі жылы. Жапырақтар сарғаяды. Күздің екінші айы - қазан. Күн салқындайды. Жаңбыр жиі жауады.

(20 сөз)

Күлжігітова А.К.


Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа

  1. Жуан дыбыстарды тауып астын сыз.

ІІ нұсқа

  1. Жіңішке дыбыстарды тауып астын сыз








2-сынып

ІІ-тоқсан

Мақсаты: екінші тоқсан бойынша алған білімдерін тексеру. Сауаттылығын тексеру.

Қыста

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суытады.Қар жауады. Марат пен Айдана шанамен сырғанайды, Руслан шаңғы тебеді, Әлия аққала жасайды.

(21 сөз)

Күлжігітова А.К.




Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа ІІ нұсқа

1.Жуан сөздерді теріп жаз. 1.Жіңішке сөздерді теріп жаз.

2. «Кім?» деген сұраққа жауап беретін 2. «Не?» деген сұраққа жауап сөздердің астын сыз. беретін сөздердің астын сыз.


2 сынып

Аралық бақылау жұмысы


Диктант

«Үй құстары»

Әтеш, тауық, үйрек, қаз -үй құстары. Олар адамға көп пайда әкеледі. Адам олардың етің, жұмыртқасын жейді, Құстың еті өте дәмді, жұмсақ.

(21 сөз)

Аубакирова М.М.

Грамматикалық тапсырмалар


  1. нұсқа 2 нұсқа

1.«Кім?» сұрағына жауап 1. «Кім?» сұрағына жауап

беретін сөздерді теріп жаз. беретін сөздерді теріп жаз.

2. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

«Әтеш» «Тауық»



2 сынып

III тоқсан

Мақсаты: үшінші тоқсан бойынша алған білімдерін,сауаттылығын, қазақ тіліне тән дыбыстардың ажыратуын, көптік жалғаулар туралы білім-білік дағдыларын тексеру.

Диктант

Менің пәтерім.

Менің пәтерім үш бөлмелі. Бөлмелері кең, жарық. Қонақ бөлмесінде қонақ қабылдаймыз. Жатын бөлмеде ұйықтаймыз. Балалар бөлмесінде сабаққа дайындаламыз. Ас бөлмесінде шешем тамақтар дайындайды.

(23 сөз)

Күлжігітова А.К.

Грамматикалық тапсырмалар.

І нұсқа ІІ нұсқа

1.Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса:

Бөлме Қонақ

2.Берілген сөздерге көптік жалғаулар жалғап жаз:

Пәтер... Шеше....

Қонақ... Тамақ....

Сабақ... Бала....

Бөлме... Үстел...


  1. сынып

IV тоқсан

Мақсаты: жыл бойында алған білімдерін, сауаттылығын, қазақ тілінің төл дыбыстарын, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырату, көптік жалғаулары, тәуелдік жалғаулары туралы біліктерін тексеру.

Диктант

Жаз.

Жаз келді . Күн ыстық. Бақта, бақшада жемістер, көкөністер, жидектер піседі. Балалар жазғы демалысқа шықты. Олар ауылға, лагерьге барады. Балалар жақсы демалады.

( 20 сөз)

Каримова С.А.



Грамматикалық тапсырмалар.

І нұсқа ІІ нұсқа

1) Сөз тіркестерін құрастырып жаз.

Бала Ауыл

Жаз Лагерь

Күн Бақша

2. Сандарды сөзбен жаз:

8, 16, 37, 85, 94 7, 18, 42, 76, 98


2 сынып

Жылдық бақылау үзігі



Диктант

«Дүкендер»


Біздің қалада дүкендер бар. Олар азық-түлік дүкені, ыдыстар дүкені, жемістер-көкөністер дүкені. Азық -түлік дүкенінде нан, шұжық, сүт, ірімшік сатылады. Ыдыстар дүкенінде ыдыс-аяқтар сатылады. Жемістер мен көкөністер дүкенінде алма, алмұрт, сәбіз сатылады.

(32 сөз)

Күлжігітова А.К.

Грамматикалық тапсырмалар.


1 нұсқа. 2 нұсқа

1.«Нелер?» сұраққа жауап беретін 1. «Не істейді деген сұраққа

сөздерді тауып, астын сыз. жауап беретін сөзді тауып,

астын сыз.

2.Сұрақтарға жауап бер:

1.Біздің қалада нелер бар? 1.Біздің қалада қандай дүкендер бар?

2.Азық-түлік дүкенінде нелер 2.Ыдыстар дүкенінде нелер сатылады?

сатылады?


3-сынып

Алғашқы бақылау үзігі


Мақсаты: қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім, білік дағдыларын зерттеу.

Міндеттері: оқушылардың грамматикалық тақырыптарды қандай дәрежеде меңгергендерін, оны іс жүзінде қалай пайдалана білетінін және сауаттылық деңгейін анықтау.

Лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.

Диктант

Саяжай

Қала шетінде саяжай бар. Біз демалыс күндері сонда барамыз. Отбасымызбен еңбек етеміз. Ағаштарды суарамыз. Арам шөптерді жұламыз. Гүлдер, көкөністер егеміз.

(20сөз)

Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. «Алматыкітап» баспасы, 2009.


Грамматикалық тапсырмалар


1. Жыл мезгілдерін және күз айларын жаз.

  1. Сандарды сөзбен жаз.

12, 54, 21, 45, 33.

3. Сұрақтарға жауап бер.

- Сенің отбасың қандай?

- Сен неше жастасың?

- Сен қай көшеде тұрасың?

Тоқсандық бақылау диктанты

І тоқсан 3-сынып

Мақсаты: І тоқсанда мемлекеттік стандартқа сай алған білім деңгейлерін тексеру.



Диктант

Сабақта

Балалар мектепке жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кірді. Есік ашылды. Сынып кең, жарық. Мұғалім келді, сәлемдесті. Үйге берілген тапсырманы тексердік. Зарина жауап берді. Мен де бүгін бүгін баға алдым. Тапсырманы дұрыс орындадым.

(30 сөз)

Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Берілген сөздерді көпше түрде жаз.

І- нұсқа ІІ - нұсқа

Оқушы Пән

сабақ сынып

тіл мұғалім

дәптер өлең

кесте тақта

2. Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

І- нұсқа ІІ - нұсқа

Сыныпта 25 оқушы бар. Үйірмеде 10 бала отыр.

Мен үшінші партада отырамын. Мен үшінші сыныпта оқимын.

Менде қызықты кітап бар. Абай белгілі жазушы.

3. Сөз тіркестерін құрастырып жаз.

І- нұсқа ІІ- нұсқа

Дәптер Сабақ

Кітап мұғалім

Оқушы күнделік


Тоқсандық бақылау диктанты

ІІ тоқсан 3- сынып


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейінің жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарымен сәйкестігін анықтау.

Бақылау диктанты оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем-дағдыларын тексеруге бағытталған.

Диктант

Жаңа жыл

Жаңа жыл өте көңілді мереке. Біздің мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша ілдік. Аяз ата балаларға сыйлық әкелді. Балалар биледі. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.

(30 сөз)

Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса:

І нұсқа ІІ нұсқа

Ойыншық Жұлдызша

2. Сөйлемдерді ретімен жаз.

Балалар далаға шықты. Қыс келді. Олар қардан аққала жасады. Қар жауды.

3. Жаңа жыл мерекесіне досыңа құттықтау жаз.







Аралық бақылау үзігі

3-сынып

Мақсаты: қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім, білік дағдыларын зерттеу.

Міндеттері: Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаларға сәйкес жаза алу, фонетикалық талдауды орындай алу және лексикалық білімдерін тексеру.

Диктант Қазақстанның рәміздері

Қазақстан егеменді ел. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Елімізде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәміздері әдемі. Елтаңбасы, Туы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды білу керек. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Он алтыншы желтоқсан - мемлекеттік мереке.

(30 сөз)

Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Сөздерді тәуелдеп жаз:

І нұсқа ІІ нұсқа

қала астана

2. Сөздерге сұраулық шылауларды жалғап жаз.

І нұсқа ІІ нұсқа

Халық Ұлт

елорда астана

рәміз тәуелсіз

3. Сөйлемдердегі адасқан сөздерді тауып, дұрыс жаз.

Қазақстанның елордасы - Алматы қаласы. Екібастұзда мұнай өндіріледі.

Қазақстанның табиғаты бай. Астана Алатаудың етегінде. Маңғыстауда көмір өндіріледі.

Тоқсандық бақылау диктант ІІІ тоқсан

3-сынып

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейінің жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарымен сәйкестігін анықтау.

Бақылау диктанты оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін практикада қолдана алу икем-дағдыларын тексеруге бағытталған.


Наурыз

Наурыз шығыс күнпарағы бойынша - Жаңа жыл. Наурыз көктемнің бірінші айы. Қаламызда наурыз тойы жақсы өтеді. Бұл күні барлық адамдар әдемі киімдер киеді. Бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті тағамнан наурыз көже пісіреді.

(31 сөз)

Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Сөзге дыбыстық талдау жаса:

І нұсқа. ІІ нұсқа.

Киімдер Көңілді

2. Берілген сөздерді (жекеше,көпше түрінде) тәуелдеп жаз.

І нұсқа. ІІ нұсқа.

Бақша Мереке

3. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр




Тоқсандық бақылау диктанты

ІҮ тоқсан

3-сынып


Мақсаты: қазақ тілінен оқушылардың міндетті деңгейдегі білім, білік дағдыларын зерттеу.

Диктант

Кітап дүкені


Алтынсарин көшесінде кітап дүкені бар. Дүкен тұрғын үйдің бірінші қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық, сөздік сатып алдым. Сөздік қырық бес теңге тұрады. Дәптер жиырма теңге тұрады.

(32 сөз)

Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Берілген сұрақтарға 4 мысалдан жаз.

І нұсқа ІІ нұсқа

Кімде? Неде? Қайда? Кіммен? Немен?

2. Берілген сандарды реттік сан есімдерге айналдыр

І нұсқа ІІ нұсқа

12, 50, 90 70, 17, 9

3. «Дүкенде» тақырыбы бойынша сөйлесуді жалғастыр:

  • Сәлеметсіз бе!

  • Сәлеметсің бе, ...... !

Жылдық бақылау үзігі

3-сынып

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейінің жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарымен сәйкестігін анықтау.

Табиғат

Табиғат - асыл қазына. Оны қорғау керек. Табиғатта бәрі бар: өзен, көл, тау, орман, мәдени ескерткіштер.

Табиғаттың пайдасы көп. Ол бізге тамақ, киім береді. Ол бізге денсаулық сыйлайды. Ол біздің көңілімізді көтереді.

(31 сөз)

Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. «Алматыкітап» баспасы, 2009.

Грамматикалық тапсырмалар.

1. Берілген сөздерді (жекеше, көпше түрінде) тәуелдеп жаз.

І нұсқа ІІ нұсқа

Орман Ағаш


  1. Берілген сөздерді топтастыр.

І нұсқа ІІ нұсқа

Ағаштар: ... Көлдер: ...

Өзендер: ... Таулар: ...

Сөздер: Шырша, Есіл, Сырдария, Сөздер: Алакөл, Алатау,

Емен, қарағай, Ертіс. Жасыбай, Тарбағатай, Балқаш.

  1. Сүйікті жыл мезгілің туралы шағын мәтін құрастыр.


Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы



Диктант



Мақсаты: Оқушылардың 3-сыныпта алған білімдерін тексеру. Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру, сауаттылық деңгейін, грамматикалық білімдерін тексеру, ақыл - ой қабілеттерін дамыту.

Мектеп


Мен мектепте оқимын. Мектеп Сүйінбай көшесінде орналасқан. Мені мектепке ағам алып келеді. Өйткені мектеп біздің үйден алыс. Біздің мектеп үш қабатты. Мектептің ауласы кең,таза. Бұл ағаштарды біз отырғыздық. Мен мектебімді өте жақсы көремін.

(34 сөз)

(Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С.Қалиева Қарағанды 2007 ж.)







Грамматикалық тапсырмалар



  1. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөз тіркестерін құрастыр.

І нұсқа ІІ нұсқа

Бала, оқушы,мұғалім қыз, дәптер,жапырақ

2. Берілген сөздерді тәуелде.

Мұғалім Ұстаз


  1. Соңғы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.


Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған І тоқсанның бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін тексеру. Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру, сауаттылық деңгейін, грамматикалық білімдерін тексеру, ақыл - ой қабілеттерін дамыту.

Диктант


Туған жер

Менің туған жерім - Қазақстан. Елімнің табиғаты көркем. Мұнда түрлі өсімдіктер, жануарлар,өзендер,көлдер бар. Ең үлкен көл- Балқаш.Ол ғажайып көл.Тауда мөлдір бұлақтар ағады.

Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Оның өз Әнұраны,Елтаңбасы,Туы бар. Қазақстанның Ата Заңы бар. Қазақстан халқы мейірімді,қонақжай.

( 42сөз)


(«Бала Би» журналы, № 8, 2009 ж.)






Грамматикалық тапсырмалар


  1. Берілген мәтіннен «қандай?» деген сұраққа берілген сөздерді теріп жаз.


  1. Дыбыстық талдау жаса.

І нұсқа ІІ нұсқа

көркем бұлақ


  1. «Туған жер» туралы 3-4 мақал-мәтелдер жаз.



Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған ІІ тоқсанның диктанты

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, сауатты жазу қабілеттерін анықтау. Сөздік қорын кеңейту, зейіндерін дамыту.



Диктант


Астана

Менің Отаным-Қазақстан. Қазақстанның астанасы -Астана қаласы. Астана жас қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада көп көрікті орындар бар. Олар: «Думан» орталығы, «Ханшатыр» сауда үйі, «Бәйтерек» монументі. Астана - мемлекеттің мәдени, саяси, экономикалық орталығы. Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» конкурсында Астана «Бейбітшілік қаласы» деп аталды. Астана- біздің мақтанышымыз.

(46 сөз)

(«Бала Би» журналы, № 12, 2009 ж.)







Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы


Мақсаты: I тоқсанда алған білімдерін тексеру, «Менің елім» тақырыбы бойынша сөздерді сауатты жазу. Жалқы, жалпы есімдерді ажырата білу, біріккен сөздерді дұрыс қолдану


Диктант.


Қазақстан.

Қазақстан егеменді ел. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Қазақстан рәміздері өте әдемі. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Көк байрағымыз әлемде еркін желбірейді. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Астана жылдан - жылға көркейіп келеді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.

( 42сөз)

(Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С. Қалиева, Қарағанды 2007ж.)


Грамматикалық тапсырмалар


  1. Жалқы есімді сөздің астын сыз.

І нұсқа ІІ нұсқа

Мен Абай Құнанбав көшесінде тұрамын. Алматы -әсем қала.

Мынау - Ақтөс деген ит. Менің әкемнің аты-Серік.


  1. Біріккен сөздерді теріп, сөз тіркесін құрастыр.

Қаракөз, ауыл,отбасы, Әуежай,құдық,қала,

қазақ,үшқұдық,сиыр. Дос, алатау, бірнеше


  1. «Туған жер» туралы әңгіме жаз.






Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған III тоқсанның бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқушылардың лексикалық білімдерін анықтау. Септік, жіктік жалғауларын дұрыс қолдану. Хабарлы, лепті сұраулы сөздерді ажырату.

Менің әжем

Менің әжем бар.Оның аты-Гүлзипа.Жасы алпыс үште.Ол өте еңбекқор,адал,әділ адам.Әжем маған өзінің ақыл-кеңестерін айтып отырады.Оның сүйікті мақалы: «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей Мен әжемнің айтқанын тыңдаймын.Гүлзипа әжем секілді еңбекқор болуға тырысамын.

(41сөз)

(Қазақ тілі Дидактикалық материал 4сынып, А.У. Сисембина, Алматыкітап 2010 ж.)


Грамматикалық тапсырмалар


  1. Сөздерді жікте:

І нұсқа ІІ нұсқа

әже адам


  1. Берілген сөздерді септе

әже адам

3. Отбасы тақырыбына хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерге мысалдар келтір.





Қазақ тілі пәні бойынша

4- сыныпқа арналған IV тоқсанның бақылау жұмысы

Мақсаты: Мәтінді мұқиятты тыңдап,сауатты жазу,үндестік заңы мен қазақ төл дыбыстарын ажырата білулерін тексеру.

Өткен модульдегі грамматикалық білімдерін тексеру.

Диктант

Жазғы лагерь

Оқушылар оқу жылы аяқталған соң жазғы лагерьге барады.Лагерь таудың етегінде орналасқан.Лагерь орналасқан жердің табиғаты өте әдемі.Тауда түрлі жидектер,жеміс ағаштары өседі.Лагерьдің жанында өзен ағады.Балалар өзенде шомылады.Лагерьде оқушылар көп ойындар ойнайды.Оқушылар уақытты қызықты өткізеді.

(40 сөз)

Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С.Қалиева Қарағанды 2007ж.

Грамматикалық тапсырмалар

1.Мәтіннен септік жалғауда тұрған сөздерді теріп жаз.

2. Берілген сөзді нақ осы шақтың күрделі түрінде жікте

І нұсқа ІІ нұсқа

ойнау өтқізу

3.Мәтінге үш сұрақ құрастырып жаз.


4- сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы


Мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін тексеру.Тағамдар тақырыбы бойынша сөздерді сауатты жаза білу, фонетика, септік жалғауларды, етістіктерді дұрыс қолдану.


Нанды қадірлейік


Кейбір балалар нанды тойғанша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл, балалар дұрыс емес. Нан еңбекпен табылады. Диқандар тұқым егеді, күтеді, баптайды. Күзде оны жинайды, ұн дайындайды.Ұннан нан және тағы басқа тағамдар пісіреді. Нан - адамның өмірі. Нанды қадірлеу керек.

Нан - дастарқанға осылайша келеді.

(41сөз)


(«Балдырған» журналы, № 9, 2010ж)



Грамматикалық тапсырмалар


  1. Берілген мәтіннен «не істейді?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.


  1. Сөйлемдерді аяқтап, сұрақ қой.

І нұсқа ІІ нұсқа

Сен мұражайға ... . Мынау сенің ... .

Ол оқушы ... . Сен қобыз ... .

Мынау менің ... . Әкем жұмыстан ...


  1. Дыбыстық талдау жаса

диқан еңбек


  1. Берілген сөздерді септе.

диқан еңбек


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Қазақ тілі 3 сынып «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

Ермекова Т.Н.,Сатбекова А.А.,Сисембина А.У.,Тажибаева Г.Б.

  1. Дайындауыш немесе қазақ тілінен 55 сабақ

Бастауыш мектеп. Абаева-Бегалиева М.К. Шымкент «Шикула және К» 2005 жыл

  1. Сборник проверочных диктантов по казахскому языку 1-4 классы

О.И.Мурзагельдинова Кокшетау «Келешек» 2008 год.

4. Ермекова Т.Н., Сисембина А.У., Тажибаева Г.Б. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. «Алматыкітап» баспасы, 2009.

5. Қалиева Ж.С. Диктанттар жинағы 1-4 сынып (орыс мектептері үшін), «Астана - Сервер» шығармашылық бірлестігі, 2004.

6. Диктанттар жинағы 1-4, Ж . С. Қалиева, 2007ж.

7. «Бала Би» журналы, № 8, 2009ж.

8. «Бала Би» журналы, № 12, 2009ж.

9. Диктанттар жинағы 1-4, Ж.С. Қалиева, 2007ж.

10. Қазақ тілі Дидактикалық материал 4сынып, А.У. Сисембина, 2010ж.

11. «Балдырған» журналы, № 9, 2010ж.

12. Сборник проверочных диктантов по казахскому языку 1-4,

О.И.Мурзагельдинова, 2008 г.




© 2010-2022