Сценарий Сүйемін туған тілді – анам тілін

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сүйемін туған тілді - анам тілін

Тақырыбы: «Сүйемін туған тілді - анам тілін» көркемсөз байқауы.

Мақсаты: Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі - бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
І-жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.

ІІ-жүргізуші

Сәлеметсіздерме бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Бәріміз осы жерде дүниеге келіп,бәріміз осы таңғажайып Қазақстан мемлекетінде тұрамыз,әр алуан тілде сөйлейміз. Себебі Қазақстан көпұлтты мемлекет.Бүгінгі мейрам -Тілдер күні!

І-жүргізуші

Ал олай болса «Сүйемін туған тілді - анам тілін» көркемсөз байқауына қош келдіңіздер! Байқау 5-9 сыныптар аралығында өтеді. Байқаудың шарты кез -келген ақынның бір өлеңін жатқа айту және 4-5 шумақтан кем болмауы тиіс.

ІІ-жүргізуші

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау - парызым бүгін менің

І-жүргізуші

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық

Өсер балаң байтақ тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,-дей келе бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

ІІ-жүргізуші

5 «А» сынып ................................................................................................................................................

5 «Ә» сынып..................................................................................................................................................

6 «А» сынып............................................................................................................................................

6 «Ә»сынып................................................................................................................................................

7 «А» сынып...................................................................................................................................................

7 «Ә» сынып..................................................................................................................................................

8 «А» сынып..................................................................................................................................................

8 «Ә» сынып................................................................................................................................................

9 «А» сынып................................................................................................................................................

9 «Ә» сынып...............................................................................................................................................

Әділқазы алқаларынан бүгінгі сайыскелеріміздің бағасын сұраймыз. ....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

І-жүргізуші

Рахмет! Залда отырған оқушыларға сұрақ

-Туып өскен Торғайдың даласында

Қайран елі -қазағы санасында

Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен,

Арысың кім ойланбай табасыңба?

Жауап: Ахмет Байтұрсынұлы

ІІ-жүргізуші

-Елім деп, тек алып соққан жүрегі,

Ахметтей ағасына іні еді.

Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан

Ғұламаның есімін кім біледі?

Жауап: Құдайберген Жұбанов

І-жүргізуші

Жүлдегерлерді анықтап болғанша әсем әнге кезек берейік. Дарапов Нүркеннің орындауында ........................................ әнін қабыл алыңыздар.

Әділқазы алқаларына сөз беріледі.

ІІ-жүргізуші

Қазақ тілі бас иемін мен саған,

Тілге деген болу керек кең талғам

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

І-жүргізуші

Туған тілім -аласармас тұғырым,

Сен құрысаң мен де бірге құрыдым

Мерекеңді қуанышпен қарсы алам,

Ұзақ болсын туған тілім ғұмырың.

І-жүргізуші

Тіл мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп,бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын.

© 2010-2022