Мақала Жаңа бағдарлама аясында

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа бағдарлама аясында


Қазіргі кезде жұртшылық арасында ХХІ ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туралы ортақ пікір туындап отыр. Сонымен қатар, көптеген елдер сын тұрғысынан ойлауды, қиялы, мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық тәсілдер мен азаматтық борышты дамытуды қоса алғанда, бай білім мен көптеген дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсетуге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар (тұжырымдамалар) сәтті болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек.

Осы орайда, мен биылғы оқу жылы ПШО ұйымдастырған мектеп басшысы біліктілігін арттыру курсынан өтудемін. Бұл курсқа бару мен үшін үлкен жаңалық болды, себебі қазіргі уақытта мектеп басшысына, мұғалімге, оқушы мен ата-аналарға қойылатын талаптардың жауабын алудамын. Осы курс аясында тренердің үйретуімен басқарудың жаңа-әдіс тәсілдерімен таныса отырып, оны мектепке енгізудемін. Бөлінген көшбасшылық идеясын қолдана отырып, әріптестеріме жұмыстарының бағытын көрсетіп, олармен бірлесіп жұмыстар атқарудамыз. Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін МДЖ-1 жоспарының орындалуын жүзеге асырып, 2-ші бетпе-бет кезеңінің теориялық курсын аяқтап, қазіргі уақытта тәжірибе кезеңін өткізудемін. Мектептің даму жоспарының орындау мақсатында мектепте «Шұғыла» қоғамдастығын құрылған. Оған 1-ші деңгейлік курстан өткен математика пәнінің мұғалімі Б.Қонысбаева көшбасшылық етуде.

Жоспарды жүзеге асыруда деңгейлік курстан өткен мұғалімдер көмектерін тигізуде. Мектепте 10 мұғалім деңгейлік курстан өтіп, іс-тәжірибелерін басқа әріптестерімен бөлісуде. Пән мұғалімдері оқушыларының пәнге қызығушылықтарын арттыра отырып, әр оқушының тақырыпты меңгеруіне олардың өз пікірін іркілмей айтуға тәрбиелеуде.

2, 3 деңгейден өткен пән мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып оқушыларға сабақты түрлендіріп өткізсе, 1-ші деңгейлік курстан өтуші қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ғ.Койшибекова, информатика пәнінің мұғалімі А.Курманбаева «Қалыптастырушы бағалау», «Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі» тақырыптарында коучингтер ұйымдастырып, мұғалімдердің коучингте алған білімдерін сабақта пайдаланулары зерделеуде. Екінші деңгейлік курстан өткен тарих пәнінің мұғалімі-коуч Г.Сергебаеваның «Сабақ кестесі балалардың жас ерекшелігіне әсер ете ме?» тақырыбында өткізген коучингі теориялық тұрғыда ұстаздардың білімдерін толықтырса, тәлім алушы-коуч химия пәнінің мұғалімі Б.Шабденованың «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбындағы коучинг-сессиясы ұстаздардың дарынды балалардың қабілетін ашудағы, инклюзивті балаларды дамытудағы білімдерін кеңейтті. Әрбір ұйымдастырылған коучинг-сессиялар мұғалімдерге ой салып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың жолын үйретті.

Әр жыл сайын мектептегі 11 сынып бітіруші түлектердің өз деңгейінде тест тапсыруына деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің ықпалы зор екенін атап өтуге болады. Биылғы жылы мектеп түлектерінің дайындығына назар аударып, терең білім алуына пән мұғалімдері ат салысуда.

Оқушы топпен жұмыс жасау арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Мектеп мұғалімдері күні қарсаңында ұйымдастырылған «Өзін-өзі басқару» ұйымы мүшелері мен 11 сынып оқушыларының өзін-өзі басқару күнін өткізуі осының дәлелі. Оқушылар өздеріне бекітіліп берілген сыныптардағы пәндердің жүргізілуіне жауапкершілікпен қарап, сабақтарын жақсы өткізуге тырысты. 11 сынып оқушылары ұстаздармен іс-шаралар ұйымдастырып, түрлі ойындар ойнатып, қызықты сұрақтар қойып, өз тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.Ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында мектепте айлық жарияланып, қабырға газеттері шығарылып, әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұстаздар мерекесі қарсаңында ата-аналар мен оқушылар зейнеткер ұстаздарды (5а, сынып жетекшісі К.Джантемирова), ардагер ұстаздарды (5б, сынып жетекшісі Б.Абикенова) құттықтап, өнерлерін ортаға салды, дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Өткен іс-шаралардың қай-қайсысы болса да, мұғалімдердің Кембридж бағдарламасы аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйретуге бағытталса, оқушылардың жасаған іс әрекеттерінің сапалы болуына, атқарып жатқан шаралардың маңыздылығына мән беруді үйретуде. Мен, мектеп басшысы ретінде, мектепте ұйымдастырылып жатқан іс шаралардың басы-қасында болып өз үйренгенімді ұжымыма үйретудемін. Болашақта, білікті де, білімді ұстаздардың өз үйренгенін шәкірттеріне жеткізе алатын, шәкірт тәрбиелейтініне сенімім мол. Жаңа бағдарлама аясында қазіргі тәжірибе кезеңінде ұйымдастырылған шаралар мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруіне жол ашса, шәкірттердің білімінің шыңына жетуіне бағыт беруде. Деңгейлік курстан өткен пән мұғалімдерінің ПШО мен Кембридж білім беру орталығының ұйымдастырған курстан алған білімдерін мектептегі жас мамандар мен ұстаздарға үйрете отырып, мектептің білім сапасын арттыруға өз үлестерін қоса беретініне сенімім мол.

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебінің директоры

Букабаева К.С.

© 2010-2022