Жеті қазына (7 сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы

Искра орталау мектебі

Менрембаева Гулюм Улубековна

7 cынып қазақ тілі

Жеті қазына

Сабақтың тақырыбы: Жеті қазына

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, бірін - бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Жеті қазынаның суреті

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгелдеу

- Оқу құралдарын тексеру

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасының толық, нақты орындалуын тексеріп шығу.

Психологиялық кезең

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Жаңа сабақ

Қазына дегенде көз алдымызға не елестейді?

Байлық, ақша, асыл тастар, алтын - күміс, сандықтағы бағалы заттар

Өлеңнің мағынасын ашу

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

Мал - дәулеттің байлығы

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстының байлығы

Күннен - күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Ыбырай Алтынсарин

- Өмірдің бар қызығы байлықта ма?

- Өмірі таусылмайтын, мәңгілік сақталатын қазына не нәрсе деп ойлайсыңдар?

- Жеті қазына туралы не білесің?

Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Ежелгі дәуірлерде - ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б. з. б. 4 - 3 - мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б. з. б. 2 - мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1 - мыңжылдық - б. з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет - ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Бүркіт - (лат. Aquila chrysaetos) - сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1 - 2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

"Ит жақсысы - тазы" туралы түсінік Жақсы иттер жайлы қазақта ертегі, аңыздар көп. Қазақтың ұғымында ең жақсы ит - құмайды иттен емес, "итала қаз" дейтін ала құстың жұмыртқасынан шығыпты - мыс, - дейді. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. Құмай тазы туралы аңыз - әфсаналарға зер салатын болсақ, иттің тотемдік культі және күнделікті өмірдегі таза практикалық пайдасынан болса керек.

Берен мылтық - оқпаны оқ атқанда жарылмас үшін береннен (асыл болаттан) соғылып жасалған мылтық.

Жаңа сабақты пысықтау

Дәптермен жұмыс

Жаңа сабақты бекіту

Әр топ жеті қазынаның суретін салып қорғайды.

Сөздікпен жұмыс

Үй тапсырмасы

Жеті қазына жайлы материал жинап келу.

Мәтінді мазмұндау.

Бағалау

Әр топ оқушыларын жұмыстарына қарап бағалаймын.

© 2010-2022