Отчет по казахскому языку со слабоуспевающими учащимися

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 9мектеп -лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі Е.Б.нурпеисованың 2015-2016 оқу жылының І тоқсаны бойынша қазақ тілі пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс есебі

2015-2016 оқу жылының қыркүйек айында өзім сабақ беретін 6 «А», 8»А», «Ә», «Б»-сыныптарында күнделікті сабақ беру барысында және өткізілген кіріспе бақылау жұмысына элементтік талдау барысында қазақ тілінен үлгермеушілік қаупі бар 8-сыныптың 13 оқушысы оқушысы анықталып, білім сапасындағы үлгермеушіліктің алдын алу мақсатында аталған оқушылардың сынып жетекшілерімен, жекелеген оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізілді. Үлгермеушілік қаупі бар оқушылармен жұмыс істеу жоспары құрылып, олармен қосымша сабақтар өткізілді. Қосымша сабақтар әр оқушының біліміндегі кемістіктерді дер кезінде анықтап, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін оқушы деңгейіне қарай таңдауға мүмкіндік берді. Үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарында келесі тақырыптар бойынша тапсырмалар орындалды: - қазақ тіліне тән дыбыстар; - дыбыстардың жіктелуі; - буын; - тасымал; - үндестік заңы; - буын және дыбыс үндестігі; - түбір мен қосымша; - жалпы және жалқы есімдер. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кейбір оқушылардың үлгерімінде едәуір ілгерілеушілік байқалса, кейбір оқушылар әлі де болса жазу үлгісі мен сауаттылығын дамытуда көптеген жұмыстар, жеке тапсырмалар, күнделікті бақылауларды қажет етеді. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу сауаттылығы мен тіл байлықтары жағынан да бірқатар еңбектену керек. Келешекте осы оқушылармен қосымша сабақтарды жалғастырып, сынып жетекшілерімен, оқушылардың ата-аналарымен бірлесе жұмыс істейтін боламын.

Қорытынды:

І тоқсан бойы үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыс - оқушы, олардың ата-аналары, сынып жетекшілерімен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығын көрсетті.

Ұсыныс:

  • Үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі кемістіктерді жою, үлгермеушіліктің алдын алу мақсатында оқушылармен қосымша жұмыстарды сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта жүйелі жүргізу; Жүргізілетін жұмыс түрлерін оқушы деңгейіне қарай таңдау;

 Сынып жетекшілерімен, ата-аналармен жеке сөйлесіп, оқушылардың қосымша сабақтарға қалмай келіп тұруын қамтамасыз ету; Білім кемістіктерін жою бағытындағы жұмыстардың жаңа формаларын іздестіру,

тәжірибеге енгізу;

Оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін зерделеу мақсатында диагностика жәнемониторинг жүргізуді жүйелі қалыптастыру

© 2010-2022