Балабақшаларға арналған стендке материалдар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Аурухана орталығы

Балалардың дәрігер мамандығы жайлы білімдерін кеңейту: балалар дәрігері (педиатр), медбике, жедел жәрдем дәрігері, окулист (көз дәрігері), хирург, терапевт, стамотолог(тіс дәрігері), формацевт. «Емхана» ойынын басқа ойындармен байланыстыру арқылы толықтыру және дамыту.





«Шаштараз» орталығы

Шаштараз мамандығы жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Шаштаразшылардың құралдары жайлы білімдерін тиянақтау- фен, бигуди, лак, гель, шаш алатын аспаб.

Шаштараз мамандығын меңгерген адамдарға қызығушылықтарын арттырып, еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.





«Дүкен» орталығы

Сатушы мамандығы бойынша жұмыс істейтін адамдар жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Еңбектің мәні туралы ойларын толықтыру. Ойын барысында сатушы мамандығы жайлы балалардың білімдерін тиянақтау. Балалардың сатушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру және адамгершілікке тәрбиелеу.





«Отбасы» орталығы

Балаларды тәрбиешінің көмегімен отбасы өмірі туралы сюжеттік ойындарға қатыстыру, балалардың отбасы мүшелерін атау, олардың атқаратын жұмыстары туралы білімдерін кеңейту, баланың үйдегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру, баланы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, өзі туып өскен үйін, отбасын сүюге, үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.



«Құрылыс» орталығы

Балалардың құрылысшы мамандығы туралы білімдерін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту барысында мамандыққа байланысты білімін тереңдету және қызығушылығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.







«Театр» орталығы

Балаларды айналаны қоршаған әлеммен, оның түрлі қыр-сырларымен, бейнелер, бояулар, дыбыстар арқылы таныстыру. Балалардың бойында адамның көңіл-күйіне, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамыту.





© 2010-2022