Қазақ тілінен ашық сабақ Жыл бойы өткенді қайталау 2 сынып

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жыл бойы өткенді қайталау. Дыбыс және әріп.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Жыл бойы өткенді - дыбыс пен әріпті қайталау, и,й және у

дыбыстарына байланысты жаттығуларды тиянақты, сауатты

орындауға үйрету.

  1. Дамытушылығы: Ойын арқылы оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын,

сөйлеу мәдениетін дамыту.

  1. Тәрбиелілігі: Оқушыларды патриоттық сезімге , өз Отанын сүюге, табиғатты

аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, «Сиқырлы тізбек» ойыны арқылы.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, маркер, қима қағаздар, Үлестірмелі

қағаздар, интертақта, кубик.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Психологиялық дайындық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

ә) Сыныпты қызыл, сары, жасыл, көк түстерге қарай төрт топқа бөлу. Әр топ бе-

рілген сөздерді оқиды, қай сөз табы екенін айтады.Сөз тапта-

рының ережелері мен сұрақтарын еске түсіреді.

II. Жаңа сабақ: Әр топ суреттер арқылытақырыпты ашады.

-Дыбыс деген не?

- Әріп деген не?

III. Дәптермен жұмыс:Күннің жадын тақырыпты жазу. «Жеңіс» сөзін көркем жазу.

IV. Оқулықпен жұмыс: 487- жаттығу (ауызша)

Мәтінді оқу. Мәтіннен у әрпі бар сөздерді тауып, кестеге орналастыру.

488- жаттығу (ауызша)

Сөздерді оқу,қай топтағы сөздерден мағыналы сөз шығатындығын анықтау.

V. Сергіту сәті:

«Сиқырлы тізбек» ойыны арқылы өткізу.

489- жаттығу (жазбаша)

Жұмбақты оқу,шешуін табу. Жатқа жазу. Әр топ жұмбақтан и,й, у дыбыстары

бар сөздерді табады. Дауысты , дауыссыз екенін ажыратады.

« Сен білесің бе?» - Интертақта арқылы кірпі туралы қысқаша мағлұмат беру.

VI. Сабақты қорыту: Топтық жұмыс.

Әр топ сюжетті суреттен и,й,у әріптері бар сөздерді жазып, тақтаға іледі,талдайды.

VII. Үй тапсырмасы: 175- бет 490- жаттығу

VIII. Бағалау.



© 2010-2022