Талапқа сай оқытудың тиімділігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Талапқа сай оқытудың тиімділігі


Айман Аргунбаева,

«Елтай орта мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі


Мектеп дегеніміз не? Мектеп дегеніміз - білім мен тәрбиені ұштастырып, өмірге бейімделген тұлғаны қалыптастыратын білім мекемесі.Білім беру- қоғамдық - әлеуметтік үдеріс,оқушылар осы өздері алған білім арқылы білуге тиісті белгілі бір орныққан тәжірибені танып біледі.Қазіргі кезде қоғам үшін ерекше маңызы бар білім өткен кезеңде дүниеге келген саясаттың өнімі болып табылса да, уақыт өте келе оның даму үдерісі барысында білім мен қоғам арсындағы өзара қарым - қатынас өзгеріп, түрленіп, өзгеріске ұшырайды. «Білім алу ортасын» қалыптастыратын,әрине, мұғалімдер. Мұғалімдер - жаңалыққа құштар, жаңалықтың жаршысы, кез келген өзгерісті қабылдап, бейімделе алатын тұлға. Міне, әлемдегі жаһандану үдерісі Қазақстанның білім саласына да көптеген өзгерістерді алып келіп отыр. Сондай жаңашылдық менің мектебіме де келіп жетті. Өз мектебіме өзгерісті енгізушілердің бірі және алғашқысы боп көшбасшылықты бастап отырмын. Мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға бағытталмаған. Оның негізгі міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге және өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көместесу.Мен бұған дейін барлық өзгерісті жасау оңай деп ойлайтын едім, бірақ өзімнің өзгерісті енгізу кезіндегі тәжірибемде көптеген қиындықтарға тап болдым.Ол қандай қиындықтар? Біріншіден, мені не істегелі отырғанымды ұжым түсінбеді. Екіншіден, әріптестерімнің ішінде бұл жаңалыққа тосырқай, үрке қарағандары болды. Үшіншіден, мұғалімдер менің кіргізгелі отырған өзгерісіме теріс пікірлер айтты. Төртіншіден, оқушылармен жұмыс істеу кезінде оқушыларда топтық жұмыс істеу дағдысы қалыптаспағандықтан,оларды үйреткенше, біраз уақыттан ұтылдым.Осындай қиыншылықтарға қарамастан, өзімді-өзім көтермелеп, басы қиын болса, аяғы жемісті болады деп жігерлендірдім.Олай болса, мен осы өзгерістерді қалай енгіздім және оның қалай бақылай алдым? Өзгерісті енгізуде мен кімдерге сүйендім?Өзгерісті енгізуде,ең алдымен мектеп басшысы мен әкімшіліктердің және әдістеме бірлестік жетекшілерінен құрылған кәсіби қоғамдастығымның қолдауына сүйендім.Осындай қолдау негізінде өз жұмысымды бастап кеттім.Жұмыс кезінде еңбегімнің жақсы және жаман, оң, теріс жақтарын да байқап отырдым. Ал оң нәтижелерді, жағымды әсерлерді қалай байқадым? Ол үшін мұғалімдердің коучингына қатыстым және топ мүшелері мұғалімдерінің сабақтарына барып, мұғалімнің және оқушылардың іс- әрекеттерін бақылап отырдым.Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен жетілуіне көмек көрсетудің тиімді тәсілі деп, мұғалімдердің тәжірибесін жақсарту үшін коучинг, тренингтер өткіздім. ІІ деңгей мұғалімі З. есімді мұғалім «Талантты және дарынды балаларды оқыту» коучингін өткізді, ал тәлімгер етіп алған Ж.есімді мұғаліммен бірлесіп екеуіміз «Сабақ жоспары.Мақсат қою» тақырыбында коучинг өткіздік. Ал өзім кәсіби қауымдастығыма «Диалогтық оқыту»және «Оқуды және оқытуды бағалау» атты тақырыптарда коучинг өткізіп, мұғалімдердің тәжірибесін жақсартуына, әдістемелік жағынан жетілулеріне өз үлесімді қостым деп ойлаймын.Оқу мен оқыту тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныпты да, мұғалімдерді де айтарлықтай өзгертеді, себебі оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекеленген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінгенмен, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші болып табылады екеніне көзім жетті. Сабақтарға барған кезде оқушылардың іс- әрекеттерінде де өзгерістер бар екенін байқадым.Топпен жұмыс барысында да отырып қалған балаларға сыныптастары қолдау көрсетіп отырды. Бұл жерде оқушылардың ынтымақтастығы байқалды.

Қысқа мерзімді жоспарды қалай жасап, қалай сабақ жүргізіп жатқандықтарын анықтау мақсатында қауымдастық топтағы мұғалімдердің сабақтарына қатыстым.Ж. есімді қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі 6 -сыныпта «Дара сөздер мен күрделі сөздер» тақырыбындағы сабағына қатыстым . Оқушылар туған жылдары мен айы бойынша топқа бөлінді. Әр топта бес оқушыдан отырды. Оқушыларға жаңа тақырыпты игерту үшін миға шабул әдісі бойынша «Дара және күрделі деген сөздерді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ қойылды. Оқушылар сол сұраққа әр түрлі жауап берді. Жауаптарды талдай келе нақты дара сөздер,күрделі сөздер анықтамасын шығарды. Осы тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындалды. Оқушылар топтатапсырмаларды орындап, бір - біріне көрсетіп, қателерін түзетіп, көмек жасап отырды. Топтық жұмыстың тиімділігі мен өзара көмек көрсетулері осы сабақ барысында жақсы көрінді.

Екінші сабағы да осы сыныпта бекіту сабағы болды. Оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыс арқылы тапсырмалар берілді. Оқушылар топта жұмыс жасап, оны тақта алдында қорғап дәлелдеп берді. Мұғалім тарапынан көмек көрсетіліп отырды. Оқушылар мұғалімнің көмегіне сүйеніп отырды, сабақ барысында кітаппен жұмыс, тақтамен жұмыс,итерактивті тақтамен жұмыс атқарылды. Интерактивті тақтада оқушылар жұмыс істеді және тақырыпқа байланысты ақпараттарды еске түсіруде осы тақтадағы слайдтарды пайдаланды. Сергіту сәтті өткізілді. Оқушылар өздеріне баға қойды және бағалау парағы интерактивті тақтада көрсетілді.Сабақ аяғында мұғалім қортынды сұрақтарын қойды. Оқушылар жауап берді. Сәтті болғаны: Ж.-ның сабағында мұғалім оқушыларға өзіндік дербес жұмыс істеулеріне мүмкіндік берді.Бағалау түрлерін қолдануды да үйреткен.Сәтсіз болғаны: сабаққа ритм жетіспеді. Оқушылар баяу жұмыс жасады және мұғалім де асықпады.Сол себепті уақыт жетпеді. Топтық жұмыс істеу барысында оқушыларға ЖАДА жетіспеді. Топта жұмыс істеген кезде оқушылар жеке - жеке жұмыс істеп кетті.Бұдан шығатын қорытынды: оқушылар Ж-ның сабағында тез, жылдам ойлауға, тез жазуға үйренбеген. Мұғалім асықпағасын, оқушылар да асықпай жұмыс жасады. әлі де болса, өз ойларын еркін айтуға жүрексінеді.Сабақтың өту жылдамдығы баяу болғандықтан, мұғалім сабақ кезеңдерін толық сақтай алмады.Уақыт жетіспегенімен, бірақ оқушылар топта жұмыс істеуді үйренді және бағалау жасауға алғашқы қадамдарын жасады.

Орта мерзімді жоспарды бақылау және көмектесу мақсатымен Д.-дің сабағына қатыстым. Ағылышн пәнінің мұғалімінің 5-ші сыныпта «Сен нешедесің?» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Мұғалім сабақтың мақсатын айтып, жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы көрсетіп өтті. Оқушыларды таратылған суреттер арқылы топқа бөлді. Жұмыс түрлері түгел топық жұмыс арқылы іске асырылды.Тақырыпқа қажетті ақпараттар туралы айтылды.Слайдта жұмыс алгаритмі көрсетілді, оқушылар жұмыс алгаритміне қарап отырып,жұмыс жасады. өз жұмыстарын постерге түсіріді. Постер қорғау барысында топтар сұрақ қойды,бір- бірін тексерді.Тақырыпқа байланысты бес жолды өлең құру тапсырмасы берілді. Тапсырманы оқуышлар сәтті орындап шықты.Сергіту сәті өткізілді. Сабақта оқушылар өздерінің білетін теориялық білімдерін көрсетті. Ерекше жауаппен көзге түскен оқушылар да болды. Тіпті бір оқушы бүгінгі сабақтан алған әсерін тақырыппен байланыстырып сурет салып берді. Сабақ соңында үй тапсырмасы берілді, қорытынды сұрақтар интерактивті тақтада көрсетілген сұрақтар арқылы жасалды. Сонымен қатар оқушыларға «Бүгінгі менің көңіл- күйім» атты рефлексивті парақтар таратылды. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін стикерлерге жазып, рефлексия ағашына іліп кетті. Мұғалім осы стикерлер арқылы өз сабағының қалай өткендігін, оқушылар бүгінгі сабақта қандай көңіл- күйде болғандығын таниды. Сәтті болғаны: оқушылар түгелдей сабақтың өн бойында белсенді жұмыс істеді. Іс- әрекеттері мен ауызекі сөйлеулері, дәлелдемелері өте жақсы болды.Оқушылар өздерін жақсы, еркін ұстай білді.Не сәтсіз болды?Сәтсіздік деп айтуға да тұрмайтын аз да болса кемшіліктер болды. Мұғалім слайдты көрсеткенде қолына қалам алуды ұмытып, сұқ саусағымен көрсетті. Эстетикалық талап ескерілмейді. Ол мұғалім үшін елеусіз болуы мүмкін, бірақ оқушыға эстетикалық тәрбие беруде маңызды болмақ."Сэнквэн" әдісі арқылы бес жолды өлең құру тапсырмасын берген кезде қандай мақсатта берлігені нақты айтылмады.Негізінен, кез келген тапсырманы оқушыға берген кезде,ол тапсырманы не мақсатпен беріп жатқанын мұғалім де, оқушы да білуі қажет.

Екінші сабағы: «Сенің мекен жайың қандай?» Мақсаты: оқушыларды қала, аудан, ауылмен таныстыра отырып, оларды айыра білуге үйрету.Сабақ "Сен қайда тұрасың?" деген сұрақпен "Миға шабул" әдісі арқылы постер берілді. Үй жұмысын оқушылар постер арқылы түсіндірді. Оқушылар екі топқа бөлініп, коллаж жасады. Ортаға шығып, сол жасаған коллаждарымен таныстырды және оған ат қойып, қорғады.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасады. Оқушылар стикерге не білемін? не білдім? не білгім келеді? сұрақтарына жауап жазып,мұғалімге берді. Бір оқушы өзінің жазған пікірін дауыстап оқып берді.

Үйге тапсырма беріліп,жаңа сабаққа қорытынды, бағалау бағдаршам арқылы жасалды. Сабақ дәл уақытымен аяқталды.

Бұл сабақта не сәтті болды? Сәтті болғаны: Д-ның сабағында оқушылар өз ойларын еркін жеткізді, теориялық білімдерін де коллаж жасап, қорғау барысында көрсете білді. Оқушылар өздерінің жауаптарына, ойларына сенімді екендігі байқалды. Әр сабақ сайын оқушылардың өздеріне деген сенімдері нығайып отырды. «Өзіне деген сенімділік - өзіне тән қабілеті мен талантына деген сенімділік. Бұл сенімділік тақтаға, яғни, көпшілік алдына шығардағы қорқынышты, сабақ немесе өз ойын, пікірін айтардағы үрейін, қобалжуын жойып, белсенді өмірлік ұстанымға жетелейді(қосымша 1).

Үшінші сабақ: Тарих пәнінің мұғалімінің С-тың сабағына,7 сынып «Қимақ қағанаты» тақырыбына қатыстым. Мақсаты: Қимақ қағанаты туралы ақпарат беріп, олардың салт- дәстүр, тарихын оқуышларға үйрету. «Инсерт» әдісін қолданып мәтіннің көмегімен қағанаттың тарихы, салт - дәстүрі туралы білуді мақсат етіп қойылды. Өткен сабаққа шолу жасалды, мәтінмен жұмыс, «Инсерт» әдісін қолданып мәтінді талдап, «олардың қандай өзіндік ерекшеліктері бар?», «Олардың тарихы немен байланысты», «Салт- дәстүрлері қандай?» деген сұрақтарды топтар бір- біріне қоя отырып, жауап берді.«Картадан қимақтар мекендеген жерлері көрсетті.Олардың қазіргі мекенімен байланыстыра отырып, географиялық орнын да сипаттап берді. Сабақ соңында оқушылар БҮҮ стратегиясы бойынша рефлексия жасап, топтардың жұмысын және сабақты бағалады. Бұл сабақта сәтті болғаны: оқушылар белсенді дербес жұмыс атқарды.Тіпті мұғалімсіз - ақ тақырыпты алып шықты, өздері қорғап, дәлелдеп, картада көрсетіп, бүгінгі күнмен байланысытырып ақпаратты жеткізе білді.Сәтсіз болғаны: мұғалім оқушылардың бағалауын тыңдады да, бірақ өзі баға қоюды ұмытып кетті.Демек, оқушылардың қырық бес минут бойы атқарған жұмысы бағаланбай қалды деген сөз. Үзілісте оқушылар қайтадан мұғалімге келіп, баға қоймағанын ескертіп жатты.

Төртінші сабағы:С-тың сабағына қатыстым. Мұғалім «миға шабуыл» әдісін қолданып, сабақтың тақырыбын алып шықты.Сабағында жаңа тақырыпты алып шығу тапсырмасы берілген кезде, топтағы оқушылардың жауапкершілігі байқалды.Ақпаратты оқып шыққан соң, топтағы оқушылардың бірі постерді алып жазып жатса, екіншісі оқығаны бойынша не жазу керектігін айтып отырды, ал үшіншісі келісіңкіремей,ойды түзетіп тұрды, ал төртінші оқушы бәрін тыңдап, қысқа да түсінікті жазуды ұсынып жатты. Топтағы төрт оқушы да өз жұмыстарын бөліп алғандай, шұғыл қимылдап, жылдам жазып жатты, тіпті бір - біріне белгіленген уақытты да ескертіп жатты. Демек, бұдан шығатын қорытынды, сәтті болғаны:7-сынып оқушылары топтық жұмыс істеуге біраз үйренгені көрінді. Топтық ережені де сақтап отырды.Сабақ соңында оқушылар топтағы әр оқушының іс- әрекетін бағалап,балдарын белгіледі.Бал да баға да мұғалімнің алдын - ала дайындап әкелген бағалау өлшемі бойынша бағаланды.Сонымен қатар оқушылар сабақ соңында тамаша кері байланыс жасады.Сәтсіз болғаны: Мұғалім уақыттан ұтылды.Уақытты тиімді пайдалана алмады. Неге? Не себепті? Себебі, мұғалімнің өзінің іс - әрекеті баяу болды.Оқушылардың айтқаннын қайталап отырғандықтан, уақыт өтіп кетті.

Қауымдастық топ мүшелерінің,тәлім алушымның сабақтарына қатысу барысында сабақ беруде өзгерістер бар екенін байқадым. Мұғалімдер жеті модульді ықпалдастыра қолдануға тырысты.Топтық жұмысты жақсы ұйымдастырып жатқандарына көзім жетті.Сондықтан менің түйгенім-мұғалімдер топтық жұмыстарды қалай ұйымдастыру керек екендігін жақсы меңгерді. Оқушылар өз ойларын еркін айтуға, постер салуға, бағалай білуге,кері байланыс жазуға, рефлексия жасауға аз да болса үйренгендері байқалды.Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің арасында түсінушілік, өзара ынтымақтастық қарым - қатынастың болуы, бір - бірін қолдай білулері, әрине, менің көңіліме қуаныш ұялатты. Демек, сыныпта мұғалімдер жағымды ахуал қалыптастыра біледі, оқушылармен топтық жұмысты жақсы жолға қойып, оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда. Мұғалімдердің де оқушылардың да бойларында өзгеріс, жаңашылдыққа ұмтылыс байқалды.Оқушылардан сұхбат алған кезде, оқушылар бұл мектепте оқу ұнайтындықтарын және сабақтарын қызықты өткізетін мұғалімдер бар екендігін айтып өтті.Әсіресе, топта жұмыс жасау қызықты да біз үшін тиімді дейді оқушылар.Яғни, бұдан шығатын қорытынды, оқушылар бойында сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Мұғалімдер де сабақтарын дәстүрлі емес, қызықты да жаңаша өткізуге ұмтылатын болды. Сұхбат барысында оқушылар барлық мұғалімдер сергіту сәттерін өткізе бермейді деп айтқан.Оқушылардан сергіту сәті сіздерге қажет пе, сіздер үлкен сыныптарсыздар ғой деген де, олар бізді үлкен деп қарайды да, біздің қажеттіліктермізді ескермейді деген үлкен ой айтты.Сергіту сәті жиі жасалса деген ұсыныстарды да білдірді.Деңгейлік оқуды оқып келген мұғалімдер ғана сергіту сәтін жасайдындығы, ал қалған мұғалімдер сергітуді қолданбайтыны белгілі болды.Басқа мұғалімдер де қолдану үшін не істеуіміз қажет?Оларды осы жаңашылдыққа қалай жұмылдырамын? деген сұрақтар өзінен-өзі туындайды. Курстан өтіп келген мұғалімдер оқығандарын, теориялық білімдерін, тәжірибедегі жетістіктерін басқаларға жеткізу үшін мектептің даму бағдарламасына коучинг, Lessen Study және тренингтерді енгіздік. Сабақ барысында жүргізілген бақылаулар, оқушылардан алынған сұхбаттар мен сауалнамалар,тәжірибе соңындағы нәтиже - мониторингтардың бәрі де енгізілген өзгерістің оқушы үшін де мұғалім үшін де тиімді, пайдалы екендігі байқалды.Оны мен қалай байқадым? Біз өзгерістерді енгізу арқылы сабақтардың қалай өтетіндігінен және оқушылардың сабақтағы белсенділігінен, мұғалімдердің топтық жұмыстарды ұйымдастыруларынан, коучинг, Lessen Study өткізу барысынан байқадық. Lessen Study барысында оқушылардың оқуын жақсарту үшін жеке оқушылардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын үйренуге болатындығын, сонымен қатар сыныпты бақылау - әр оқушының жеке мүмкіндігін анықтау екендігіне көзім жетті. Lessen Study кезінде мұғалімдер өзіндік талдау жасауға үйренді және өздерінің өткізген сабақтарына баға беруге ,яғни өзіндік бағалау жасауға дағдыланды. Тәжірибе соңында осы менің өзгерістерім мұғалімдермен оқушылар үшін тиімді ме, әлде тиімсіз болды ма? деп ойлап,осы жұмысымның тиімділігін анықтау үшін тағы да оқушылардан сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі: сабақтарды жүргізу әдіс- тәсілдері өзгертілді,топтық жұмыс дәстүрлі жұмыс түріне айналды,оқушылар белсенділігі артты, оқушылар бағалау жасауға үйренді.Мұғалімдер оқушылар қажеттілігі мен мүмкіндіктерін қарастыратын болды.Өзгерістердің аралық нәтижесінде қандай өзгерістер болды?Енгізілген өзгерістердің аралық нәтижелерін ескере отырып, МДЖ-ға өзгерістер енгізілді.Мұғалімдердің білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында арнайы күн белгіленіп, коучингтар өтетін болды.Өсындай тәжірибені тарату үшін мұғалімдерге арнайы тәлімгерлік бекітілді. Мұғалім, мейлі ол жас маман болсын,зейнеткер болсын, жаңашылдықты қабылдап, өз сабақ беру үдерісіне өзгеріс енгізу қажеттілігін түсінді.Өзара әдістемелік көмек көрсету үшін Lessen Study ұйымдастыру кестесі жасалды.Тәжірибе алмасу мақсатында мектепішілік шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланды.Желілік қауымдастықты іске асыру жұмыстары да қолға алынды.Бұл да мен үшін үлкен жеңіс.Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы құрылып, мектепішілік әдістемелік жұмыстардың іске асыруына көп көмегін тигізетін болды.Біз өзіндік бағалауды жасай білуіміз керек.Мен өзімнің өзгерісімді,мектепке енгізген өзгерісімді бағалайтын болсам, басында өзімде қорқыныш сезімі басым болса, кейін оның бәрі жойылды,қолымнан бұл жұмыс келе ме деп сенімсіз болып едім, кейін сенімсіздігім жойылды.Қорқа-қорқа батыр болдым.Адамның сенімі мен білімі мықты болса, кез келген жағдайдан, кез келген қиындықтан шыға алады деп ойлаймын.

Осы бастамамды одан ары жалғастырып,әріптестеріммен бірге мектебімді бұдан да биік белестерге шығарсам деймін.

Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық І деңгей бағдарламасы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

СҚО,Уәлиханов ауданы

Көктерек ауылы



© 2010-2022