Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылау

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылау
Жалпы мақсаты: Оқушыларға шылау туралы түсінік беру, Өз ойларын толық байланыстыра отырып, сөйлеу шеберлігін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы, өз беттерімен жұмыс жасау, бір - біріне көмек бере білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беру.

Оқытудың нәтижесі: Оқушылар топтық жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар: Топтық жұмыста өзін - өзі реттей алады. Диалогтік қарым - қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзете алады.

Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты түсіндіру
Шылау сөз
Толық лексикалық мағынасы болмайды, Түрленбейді, Сөйлем мүшесі бола алмайды, Сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және қосымша мән үстейді
Шылау сөз Септеулік шылау, Демеулік шылау, Жалғаулық шылау.

Мағынаны ажырату .
Талқылау кезеңі
Шылау сөзді табыңыз
Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін күн сайын ұйықтар алдында өзіме - өзім есеп беріп, жақсы - жаман қылықтарымды осы дәптерге жазып отырамын.
Осы айтылғандарды жүзеге асыру - мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ.
Қай шығармадан алынған үзінді? Бұл кімнің сөзі? Авторы кім?
Оқулықпен жұмыс
351 - жаттығу
Мәтіннен шылау сөзді табыңдар.

Ыңғайластық жалғаулықтар. Мен,бен,пен,менен,бенен,пенен,да,де,та,те,және,әрі.

Қарсылықты жалғаулықтар. Алайда,әйткенмен,бірақ,дегенмен,әйтпесе,сонда да.

Талғаулықты жалғаулықтар.Немесе,болмаса,әлде,не,яки.

Кезектестік жалғаулықтар.Біресе,бірде,кейде.

Себеп-салдарлық жалғаулықтар.Себебі,сондықтан,себепті.

Шарттық жалғаулықтар.Егер,егер де,онда.

352-жаттығу. Жалғаулық шылаудың астын бір,септеулік шылаудың астын екі сызыңдар.
VI Ой толғаныс
5 минуттық эссе
Менің бір күндік өмірім


Сөз таптары ------- Еліктеуіш -------- Бейнелеуіш ------ Одағай ------- Шылау

Қорытынды кезеңі
Бес жолды өлең
Сөз таптарының бірі: шылау
Өзіндік ерекшелігі: ол түрленбейді
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: лексикалық мағынасы жоқ
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөйлем мүшесі бола алмайды
Басқа сөз таптарынан айырмашылығы: Сөздерге, сөйлемдерге қосымша мән үстейді.
Үйге тапсырма:353 -жаттығу.Ереже жаттау.
Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағалау.

ББҮ-стратегиясы арқылы бағалау

Білем

Білгім келеді

Үйрендім






© 2010-2022