Тәрбие сағаты Қақазстаным - Отаным менің!

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты

Тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Мырзағалиева Сәния

Тақырыбы: «Менің отаным - Қазақстан!»

Мақсаты:1.Оқушылардың өзінің елін,жерін,тарихын сүю арқылы қазақстандық патриоттық сезімге тәрбиелеу.Рәміздер туралы түсініктерін дамыту.

2.Оқушыларды өз Отанын,елін,жерін,қорғауға және сүюге баулу,ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі,өнеге ету.

Әдісі:Тәрбиелік шара

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы,еліміздің рәміздері,букелеттер,интерактивті тақта т.б.

Жүргізуші:Қымбатты оқушылар,шарамызды Елбасы Н.Назарбаевтың қанатты сөздерімен бастауды жөн көрдік. «Ата заңының ең ардақты,арқауы ел мұраты мен халық бірлігі.Мазмұнына өрнегі жарасқан,тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,күніміз мәңгі сөнбесін»

Отан,Отан

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілік бақытсыз боп өтер ем!

Өмірден бұл өксуменен кетер ем,-

Байқайсың ба,байтақ далам қалай паң,

Он бойынан өзгеше бір тарайды ән!

Ән скалдырып,тамсандырып әлемді

Аппақ сүттей келеді атып арай таң-дегендей,егемендігін бүкіл әлемге паш еткен халқымыз бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатыр.

(Қазақстан туралы ән орындалады)

1-оқушы: Матасы қандай,матасы көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою-өрнегі,қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп,әлемге төгіп тұрған арай-нұр,

Туымды менің көргендер,қызыға қарап таңданған.

2-оқушы: БІз қазақ мал баққан еліміз

Басымыздан құт-береке кетпесін деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзасына үкі таққани еліміз

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз.

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

3-оқушы: Қазақстан Республикасы Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.Мемлекеттік биліктердің бірден-бір бастауы-халық.

Ең бірінші байлығым-халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса-мен бармын,қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

4-оқушы:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар!

Туған тілім күрмелеп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып,сиқым қашар.

Ән: «Ананың тілі»

5-оқушы:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Рәміздері:Ту,Елтаңба,Әнұран.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді:

6-оқушы: Гректің «гимн» сөзі қазақша «Ұран,ұран салу» деген ұғымды білдіреді.Басқа ұлттар секілді қазақ елініңде әрбір ру-тайпасының таңба белгілері,жалауымен қатар,әнұраны да болған.

7-оқушы: Қазақстан Республикасының Әнұраны-бірлікке,ынтымаққа,достыққа қызмет етеді.Жастарды ерлікке,қайсарлыққа,төзімділікке еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

8-оқушы: Иә,бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел,белгі де,ерлік,өнер де

Жарандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді «Ту болмады дегенге?»

Ту бейбіт кезде ғана шығарылып отырған.Тудан айырылу-өліммен тең болған.Өздеріңізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған.Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би Орда басында кездескеннен кейін,Әбілхайыр хан үш тжүздің басын қосып,Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

9-оқушы:Мемлекеттік Ту 1992 жылы маусым айының 4 жұлдызында қабылданып,6-маусым күні,күніне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков.Ол егемен еліміздің,қазақ халқының ұлттық туы.

10-оқушы: Елтаңбаның архитекторы Жандарбек Мәлібеков,Шпет-Аман Уәлиханов.Көркемдік шешімі:шаңырақ,жұлдыз,сондай-ақ аңызға айналған пырақ пен қазақстан деген жазуы бар.

11-оқушы:Шаңырақ-бейбітшілік пен ьыныштықтың айғағы.Теңдік к-к аспан асыл шырақ күн бейнесін елестете,уықтарды-одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді.Бес бұрышты жұлдыз-біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа айлық деген сөз.

12-оқушы: Қазақстан-тәуелсіз мемлекет!Осы бір қасиетті де,қастерлі ұғымға тұнып тұрған киелі атауды ата-бабаларымыз қаншама жылдар,жылдар емес-ау,ғсырлар бойы аңсамады ма десеңізші?!

13-оқушы: «Атаңның емес,адамның ұлы бол» деген ұлы Абайға жүгінелік.Шіркін,ақынның асыл сөздері-ай!

«Дүние-үлкен көл,заман соққан жел,алдыңғы тлқын-ағалар,кейінгі толқын-інілер.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек»-деген де Абай емес пе еді.

Бізге бақытты,бейбіт өмірімізді жасап берген Ұлы тұлғалар есімін мақтанышпен айтамыз.

«Жаса Қазақстан» әні хормен орындалады.

Жүргізуші:Қымбатты оқушылар,алдағы уақытты тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап,кең даласы нанға толып,көлдері көкке күмістер шашып,тілінің мәртебесі биік болсын!

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсым,қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын,қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын,алыбым!

Өз Отанымыз Қазақстанда болашақта гүлденген,дамыған елдердің қатарыа қосу үшін,үлгілі,тәртіпті болу,үлкенді сыйлау,іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.



© 2010-2022