Разработка урока по теме Қазақстан Республикасының рәміздері

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері», біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:

оқушылардың ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық :

туған елі, Отаны туралы оқушының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушының еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, өлеңдер оқу, сөзжұмбақ шешу
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның мемлекеттік рәміздері, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар, кесте.
(Тақтада қанатты сөздер жазылған:
Туған жер - алтын бесік.
Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
Сабақтың барысы:
ҚР - ның әнұраны орындалады.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Кезекшімен тілдесу және сабаққа даярлықтарын тексеру.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын кім атайды?
- Ауа райы қандай?

Жаңа тақырыпқа шығу.

Әр елдің өз белгілері бар. Олар түрлі - түсті тулар. Қыраны бар, неше түрлі аңдары бар елтаңбалары. Жүректі лүпілдететін әнұрандары бар. Бұл символикалар әр елдің мақтанашы.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай екен? Қалай ойлайсыңдар?
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында өткізілетін сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері». Біздің мақсатымыз: «Қазақстан Республикасының рәміздері» - лексикалық тақырыбы және «біріккен сөздер» грамматикалық тақырыбы бойынша білімді тиянақтап, қорытындылаймыз.
Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.
- Сонымен, балалар, «рәміз, символика» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
- Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Тыңдалым. Электрондық оқулық - Оқушылар интербелсенді тақта арқылы ҚР рәміздері туралы тыңдап, ауызша түсінгендерін айтады.

Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздері

ТРазработка урока по теме Қазақстан Республикасының рәміздеріәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. Тудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр, түсі - көгілдір және алтын. Көгілдір түс - бейбітшіліктің белгісі. Алтын түс-байлықтың белгісі. Аспан мен күн бүкіл дүниеге ортақ. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Разработка урока по теме Қазақстан Республикасының рәміздері

Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Шаңырақ отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз бес құрылықпен байланыста екендігімізді білдіреді. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы

Сандар сөйлейді.

(оқушыларға маңызды оқиғалы жылдарда не болғанын анықтап, айтады)
1. 1991 жыл - Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл - Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл - Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл - Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.

Тапсырмаларды орындату.
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан.. - Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты республика.
Қазақстан... астанасы - жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент.. - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(жазба, аударма жұмысы орындалады)

Сергіту сәті:
Грамматикалық тақырып: Біріккен сөздер

Біріккен сөздер дегеніміз - ол екі түбір сөзден тұратын сөздер.
Мысалы: тас+бақа=тасбақа

Мұқият қараңдаршы, әнұран, елтаңба деген сөздерінде неше сөз жасырынып тұр?

Енді айтыңдаршы Қазақстанның қандай қалаларында, тауларында екі түбір жасырынып тұр?

Қызылорда, Шымкент, Ақсу, Көкшетау.

Қорытынды ретінде ТЕСТ жұмысын орындату
Тест жұмыстары.
1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
а) 1992 жылы 4 маусымда
ә) 1991 жылы 16 желтоқсан

2. ҚР туының түсі қандай?
а) сары
ә) көгілдір

3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а) 1990 жылы
ә) 1991 жылы


4. ҚР рәміздерінің қатарын көрсет.
а) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә) ту, елтаңба, әнұран.


5. Мақалды аяқта:
Отансыз адам -...
а) ормансыз бұлбұл
ә) сусыз гүл

Үйге тапсырма: ережені, жаңа сөздерді, маңызды оқиғалы жылдарды жаттау
Бағалау.



Қазақстан Республикасының мемлекттік рәміздері

ТРазработка урока по теме Қазақстан Республикасының рәміздеріәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. Тудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр, түсі - көгілдір және алтын. Көгілдір түс - бейбітшіліктің белгісі. Алтын түс-байлықтың белгісі. Аспан мен күн бүкіл дүниеге ортақ. Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.


ЕРазработка урока по теме Қазақстан Республикасының рәміздерілтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек.

Сондықтан Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Шаңырақ отанымыздың біртұтастығын білдіреді. Жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз бес құрылықпен байланыста екендігімізді білдіреді. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары: Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы

Сандар сөйлейді.
1. 1991 жыл - Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
2. 1992 жыл - Мемлекеттік рәміздерді белгіледік.
3. 1995 жыл - Ата Заңымыз қабылданды.
4. 1997 жыл - Жаңа әнұранның қабылданған жылы.
5. 1989 жыл - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған жылы.

1-тапсырма.(жазба, аударма жұмысы орындалады)
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.
Менің туған жер..., Отан.. - Қазақстан. Қазақстан - көп ұлтты республика.
Қазақстан... астанасы - жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент.. - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Біріккен сөздер

Біріккен сөздер дегеніміз - ол екі түбір сөзден тұратын сөздер.
Мысалы: тас+бақа=тасбақа

2-тапсырма

Қызылорда, Шымкент, Ақсу, Көкшетау.

ТЕСТ

1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
а) 1992 жылы 4 маусымда
ә) 1991 жылы 16 желтоқсан

2. ҚР туының түсі қандай?
а) сары
ә) көгілдір

3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
а) 1990 жылы
ә) 1991 жылы


4. ҚР рәміздерінің қатарын көрсет.
а) қазақ тілі, барыс, президенттің жолдауы
ә) ту, елтаңба, әнұран.


5. Мақалды аяқта:
Отансыз адам -...
а) ормансыз бұлбұл
ә) сусыз гүл





© 2010-2022