Сценарий благотворительной акции Мейірімділік асыл қасиет

Балалық шақ - әр адамның ең тәтті, ең адал, алаңсыз кездерінің куәсі болып қала береді. «Бақыт деген – менің бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, балалық шақ әркімнің жадында қызықтарымен, шат-шадыман шаттықтарымен, риясыз күлкімен қалады.Детство - самый беззащитный этап твоей жизни, этап где мечты ожидаются, чудеса исполняются, желания сбываются. Маленькие дети, не понимают как они доставляют радость своим родителям своей улыбкой, своими глазками, нежными ручками и смехом. Детство ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мейірімділік-асыл қасиет

Балалық шақ - әр адамның ең тәтті, ең адал, алаңсыз кездерінің куәсі болып қала береді. «Бақыт деген - менің бала күндерім» деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, балалық шақ әркімнің жадында қызықтарымен, шат-шадыман шаттықтарымен, риясыз күлкімен қалады.

Детство - самый беззащитный этап твоей жизни, этап где мечты ожидаются,
чудеса исполняются, желания сбываются. Маленькие дети, не понимают как они доставляют радость своим родителям своей улыбкой, своими глазками, нежными ручками и смехом.
Детство - самое приятное время жизни, а жизнь течет очень быстро..

Армысыздар құрметті ата-аналар, балалар және қонақтар, қалалық мүгедектер қоры ұйымдастырып отырған «Мейірімділік-асыл қасиет» атты кездесу-тренингке қош келдіңіздер. Бүгінгі іс шараның басты мақсаты ата-аналарға мамандар тарапынан методикалық көмек беру және балаларда позитивті көңіл күй қалыптастыру.

Бүгінгі кездесуде алғашқы сөз-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------беріледі

Елбасы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында елімізде мүгедектерді, сал ауруына шалдыққан адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектесуге және олардың белсенді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты маңызды тапсырмалар берген болатын. Бұл тапсырмалардың жауапкершілігін негізінен біздің бүгінгі билік партиясы - «Нұр Отан» партиясына жүктеген еді. Одан кейін партия Елбасының осы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Кедергісіз келешек» атты мүгедектердің тұрмысын жақсартуға бағытталған идеяны қолға алды

Елбасы өз Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырды. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. «Бізде ондай адамдар аз емес, оларға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады.

Сөз --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------беріледі

Мүгедек жандардың қоғамдағы орны ерекше. Олардың жағдайлары ойландыратын, толғандыратын мәселелердің бірі. Оларға арнап үкіметте көптеген істер атқарылып жатыр. Мысалы: оларға арнап қаржы бөлінуде және мүмкіндігін арттыратын түрлі құрал-жабдықтар, мүгедек болса да шеберлікпен атқара алатын жұмыстарға жұмыс орындары ашылуда. Өкініштісі бұлардың барлығы сол кемтар жанның кем жерін қайтарып бере алмас? Бірақ мүгедек екенін ортасындағы адамдармен дәрежесі тең екенін білдіруге үлкен септігін тигізеді.

Мүгедектерге бүкіл халық атынан, әлем атынан үлкен қолдау қажет. Оларға деген сый-құрмет жоғары болғаны жөн. Өйткені олар нағыз өмірдің не екенін және қалай өмір сүру керектігін білетін, түсінетін адал да, ардақты жандар!!!

Сөз-----------------------------------------------------------------------------беріледі

.Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өмірді мәнді де, сәнді өткізу әркімнің өз қолында! Адам баласын бақытты ету үшін аспандағы айды ерттеп мініп, жұлдыздарды жетектеп келу шарт емес. Нысап пен нәпсі бар. Нысап-тойым, нәпсі-тойымсыз. Азап, ауыртпалық, ауру-сырқау, қиыншылықтың барлығы жаңарғысы, жаңартқысы, өзгергісі, өрлегісі келетін жандарға түседі. Бірақ оларға біз ешқашанда берілмеуіміз керек. Яғни, өзімізге және өз күшімізге деген сенімді бір мезетке де жоғалтпау керекпіз.

Ал енді біз бүгінгі кездесуміздің екінші бөлімін бастаймыз.

Мүгедек балалар үшін тренинг жаттығулар

Әр бір жаттығудан кейін шапалақтаймыз

1-Знакомство Имена (мячик)

2-Танец Арива

3-Раз капли, две капли

4-Музыка и мячик

5-Игра с картинками съедобное и несъедобное

6-1234 шапалақ тез тез

7-Танец попури

Қандай да бір сынақ Алла тарапынан келеді. Оны адам баласы ысырып немесе кейінге қалдырып қоя алмайды. Сондықтан, Жалғыз Жаратушыға ғибадатты шын ықыласпен, өзіндік қалаумен жасағанымыз абзал. Ол үшін Раббымыз өз пендесін жақсылықпен де, жамандықпен де сынай алады деген сенімді санамыз бен жүрегімізден бір сәтке де шығармауымыз қажет. Сонда ғана иманымыз бекіп, құлшылығымыздың мәні артпақ. Егер осы өмірде тартқан азабыңызға сабыр қылып, Аллаға ризашылық танытсаңыз, ақыретте үлкен олжаға кенелеріңіз сөзсіз. Керісінше жағдайда, қайғы-қасіретке тап болып, мәңгі азап шегеріңіз және хақ.


© 2010-2022