Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Курсы:

Тобы:











«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледж





директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары:_______Г.Аралбаева





Сабақтың тақырыбы: Алынбайтын асу жоқ

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі: Білім алушыларға «Адам мүмкіндіктері ұғымын құндылық ретінде түсініп, өзіндік ойлау, пайымдай алуы, шешім қабылдай білуге үйрету

Дамытушылық: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік : Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке,шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға үйрету

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Ж.Ж Әкімбаева Өзін-өзі тану

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Туған тілім-рухани асыл қазынам тақырыбына өлең құрастыру

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен еркін қарым-қатына жасау мақсатында шеңбер құрыпбарлығы бірге «Ертегілер әлемі» әнін айтады.

Мұғалім адам мүмкіндігінің шексіздігін түсіндіру үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Бейбіт Сапар Алидің Тоқтар Әубәкіров туралы шығармасыныа алынған үзіндімен таныстырады. О Дәйексөз.

Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Лернардо да Винчидің «Егер адам қолынан келетін, істеуге міндетті нәрсесін жүзеге асыра алса, сол адамды бақытты және жарасымды деп атауға болады»,-қанатты сөзі қолданылады. Мұғалім дәйексөздің мағынасын оқушылармен талқылап, мағынасын түсіндіріп береді.

қушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету маұсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.

Бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсатыңызды жоспарлаңыз, оларға жету жолдарың белгілеңіз.

Тапсырма дәптерде орындалады.

Әңгiмелесу

Оқулықтың «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізінде сабақтың екінщі сағатында балаларға қойған мақсатқа қалай жетуге болатыны түсіндіру мақстаында пікір алмасу ұйымдастырылады.

Кез келген адам арманы мен мақсатына жете ала ма? Неліктен?

Қойған мақсатқа қалай жетуге болады деп ойлайсыз?

Мақсатқа жетуде адамның өзгелерден алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?

Жаңа ақпарат

Егер адам шын ниеттенсе, қолданып көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ»,-деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар.

Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен, үлкен адамгершілікпен келеді.

Қойған мақсатыңа, аңсағанарманына жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түрде ойластырылуы және өз мүмкіндігіңе сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы , адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады.

.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

Тапсырма

Сабақта алған білімдерін қорытындылап, өз түйгендерін жүйелей білуге үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген.

«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Оқушылар тапсырманы дәптерде орындайды

5

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып келу, «Менің мақсатым» тақырыбында Ой толғау жазуға нұсқау беру

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау




Пән оқытушысы: Г.Таурбаева

© 2010-2022