Конспект по казахский на тему Ізденген жетер мұратқа

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №3


Мектеп №4 Мерзiмі: 13.10.2015ж. Мұғалiм: Изимова Акмарал Боранбаевна

Сынып: 6 «Ә» Оқушылар саны: 27 Тақырып: Ізденген жетер мұратқа

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: адалдық, жауапкершілік, шыншылдық, ізденімпаздық т.б.


Мақсаты: Оқушыларды танып - білуге құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрете отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға өз мұратына жетуде ізденімпаздық, адалдық қасиеттерімен түсіндіру;

  • Оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, шыншылдық қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

Оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»-ұстанымын еске түсіру:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 6-сабақ, 23-бет Г.Потаниннің «Шоқан» әңгімесін мазмұндау.

Сұрақтар:

  • Г.Потаниннің әңгімесінен қандай ой түйдіңдер?

  • Шоқанның халқына, бүкіл адамзатқа деген шексіз сүйіспеншілігі жайлы не айтар едіндер?

  • Шоқанның бойында қандай құнды қасиеттерді байқадыңдар?

  • Шоқанның қиындыққа мойымауының себебі неде?

  • Шоқанның қандай қасиеттерін үлгі тұтасың?

Ескерту

3.Дәйексөз: «Нағыз адамдық - өз ойың мен ісіңді жақсылыққа бағыттай алу»

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөзді оқушыларға хормен 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

4.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Демосфен туралы өсиет әңгіме

Атақты шешен Демосфеннің өмірі нақты дәлел. Ол жас кезінде бір көрнекті шешеннің сөзін тыңдап, өзі де сондай болуды армандағанымен, бастапқыда халықтың күлкісіне қалады. Алайда оған жабырқап, жасымайды. Ол өзінің сөйлегенде дауысының ақырын шығатынын, сөзді дұрыс айтпайтынын, денесін қалай болса, солай ұстайтынын сезіп, сол кемшіліктерінен құтылу мақсатында мынандай іс - әрекеттер жасайды: дауысын күшейту үшін, демді терең алу үшін жүгіріп тауға шығады, ұзақ сөйлеуге жаттығады. Сөзді таза, ашық айтып, үйрену үшін аузына ұсақ тас салып алады да, сол күйінде таза, анық айтуға машықтанады. Жер астындағы ұрада ұзақ отырып, екі - үш ай шықпай, сөз өнерін үйренеді. Ұрадан шықпау үшін шашының жартысын алып тастайды. Мұндай күйде сыртқа шықса, өзін жұрттың масқаралайтынын, күлкіге қалатынын біледі. Осылай өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесінде Демосфен кейін атақты шешенге айналды.Міне, атақты шешен Демосфеннің өз мақсатына қандай қиыншылықпен жеткеніне көз жеткізуге болады.

Сұрақтар:

- Демосфеннің атақты шешен болуының себебі неде ?

-Ол қандай іс-әрекеттер жасады деп ойлайсыздар?

-Ол алдына қойған мақсат-мұратына жете алды ма?

-Мұратқа жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?

-Шоқан, Демосфендер сияқты Ұлы тұлға болудың басты себебі неде?

-Балалар сіздер өз тәжірибелеріңде осындай ұлы адамдармен жүздескен немесе кездескен сәттерің болды ма?Егер де болса,олардың қандай іс-әрекеттерін, қасиеттерін сендер үлгі тұтарлық деп ойлайсыңдар?

5.Шығармашылық іс-әрекет:

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Әр топқа бір-бірден тапсырма беру.

І топқа: Адалдық қасиетіне байланысты әңгіме құрастыру.

ІІ топқа: Сахналық қойылым қою:

Нұрлан сыныптасы Жарастың үйіне барып, оны өзімен бірге доп ойнауға үлкендердің рұқсатынсыз алып кетті.Жарас үйіне келгенде кеш болып, қараңғы түскен еді.Алдынан қаһарлы қарсы алған әкесі оған ұрыса бастады.Жарас үнсіз қалды,Нұрлан болса,жүзі қызарып тұр еді....(жағдаятты жалғастыр)

ІІІ топқа: Мақалдардың жалғасын тап:

Өнерпаз болсаң.....(арқалан)

Ізденген жетер ....(мұратқа)

Жігітке жетпіс......(өнер де аз)

Талаптыға .........(нұр жауар)

Атаңның баласы болма...(адамның баласы бол) Жақсыдан үйрен...(жаманнан жирен)

ІV топқа: «Адал жандар» тақырыбына екі шумақ өлең құрастыру.

6.Топпен ән айту.

Конспект по казахский на тему Ізденген жетер мұратқа

Армансыз күнім болмайды (сөзі өзгертілген)

1).Бақытты жанмын,сонда да бірақ,

Көңілім кейде толмайды.

Алаңсыз күліп, жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды.

Қайырмасы:

Аспанда күн де айналар түнге

Арманым өлсе, сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды (соңында 4 рет)

2) Армандап ғұмыр кешемін күнде,

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін мен де

Адам болып қалу үшін де

7.Үй тапсырмасы: 7-сабақ, 25-бет. А.Мырзабаевтың, Д.Манатауовтың М.В.Ломоносов туралы әңгімесін мазмұндау.

8.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi:

Классикалық музыка әуенімен:

Бүгінгі алған білімдеріңізді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет!




© 2010-2022