Открытый урок на тему

Тақырыбы:  «Спорт »   Мақсаты: Білімділік: сөздік  қорын арттыру, спорт  тақырыбын  бекіту. Дамытушылық:  дүниетану мен  өрісін кеңейту,ойлау  қабілеттерін дамыту, сөйлем  талдауға дағдыландыру . Тәрбиелік:  өмірге  деген сүйіспеншілік сезімдерін  ояту, салауатты өмір  салтын  тәрбиелеу. Сабақтың  барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі. I. Мұғалім:  Уа, спорт! Сергектікті сенен алып  келеміз Ширақ  біздің жанымызбен ,денеміз Сенде  әділдік, сенде шындық, тазалық Сенде арман, сенде шабыт, толғаныс Сенд...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмабала Омарова

СҚО Тайынша ауданы

Подольск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: «Қазақшаңыз қалай »

Мақсаты: сайыс сабақта оқушылардың білімділік мақсаттағы шарттарды: жатқа өлең оқуын, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтуын талап етіледі, ауызша сөйлеуге,түсіне білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Ана тіліміздің құрметіне арналған «Қазақшаңыз қалай» атты сайысымызды бастаймыз.

Қазақ тілі- атаң, анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл,

Тең келмейді қатар оған.

Қазақ тілі- қасиетті бабамның,

Қыр-сыры көп кеңдігіндей даламның.

Тіл -мәртебе, ұлт мерейі, сәніміз,

Мәңгі бақи шырқалатын әніміз.

Сіздердің алдарыңызда сайысқа қатысатын «Ұлан» , «Болашақ» топтарының мүшелері.

Әділқазылар алқасы сайланады.

1тур. «Кел, танысайық!» / Әр топтың мүшелері өздерін таныстырып шығады/

2тур. «Мені танисың ба?» ойыны. Әр бетінде қазақ әріптері жазылған алты қырлы текше тасталады. Ойыншыға қарсы қай әріп түссе, сол әріп кездесетін сөз айтылуы керек . 10-15 сөз.

3тур. «Қос тіл- қос қанатың» аударма ойыны. Екі оқушы шығып, бірі орыс тілінде сөз айтады, екінші аудармасын айтады.

4тур. «Мені әңгімеле» ойыны. Бұл тапсырма сурет бойынша жүргіземіз.

5тур. «Өнерлі өрге озар» Қазақ халқы - өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақындарды, әншілерді ерекше құрмет тұтқан. Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.

Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты айқындайды.







© 2010-2022