- Преподавателю
- Другое
- «Өзгеріс-заман талабы» (Эссе)
«Өзгеріс-заман талабы» (Эссе)
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Қыстаубаев Ә.К. |
Дата | 26.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Қыстаубаев Әділхан Кәкенұлы
Диреткор
Безродных атындағы орта мектебі
Алакөл ауданы
Алматы облысы
[email protected]
Өзгеріс- заман талабы
Әлем қарқынды даму үстінде, мазмұнды өзгерістерді бастан кешіріп жатыр.
Қазақстан білім беру жүйесі де өзгерістер кезеңін бастан кешіруде. Бұл орайда «Назарбаев Зияткерлік мектептерімен» Кембридж университеті Білім беру факультетінің бірлесіп әзірлеген біліктілікті арттыру бағдарламасының жұмысы ерекше. Аталмыш бағдарлама аясында үш деңгей бойынша республика көлемінде мұғалімдер қайта даярлықтан өтіп жатыр. Олар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, білім берудің түрлі теорияларымен танысты. Алған білімдерін өз мектептеріндеіс-жүзінде жүзеге асырып жатыр. Олардың қызметі мектептерде оқыту ісіне жаңа серпін беріп, әріптестері, оқушылар мен ата -аналар тарапынан айтарлықтай қызығушылықтартуғызуда.
Деңгейлік бағдарламаларда оқу барысында мұғалімдер танып, білген әдістердің ішінде қазіререкше назар аудартып отырғаны- Lesson Study әдісі болар. Бағдарлама аясында Lesson Study әдісімен теориялық тұрғыда танысып, талдап бағалаған мұғалімдер өз жұмыстарында тәжірибеде қолданып жатыр.
Мен үшін, мектеп басшысы ретінде, Lesson Study әдісінің басты құндылығы - оның білім ордасында іскерлік, өзара сыйластық, бір - біріне құрмет пен көмек - қолдау көрсету сияқты жағымды қарым - қатынас орнықтыруға ықпал ететіндігі дер едім.
Әдістің ұстаздар қауымы арасында танымалдығы мен тартымдылығының артуының бір қыры осында шығар, бәлкім.
Сабақ жоспарын ақылдаса, кеңесе отырып бірлесе жасау "оқушы үніне" құлақ түрусабақ жоспарының сапасына, тиісінше сабақтың өтілу деңгейінің артуына ғана емес мұғалімдер арасында қамқорлық, өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген қарым - қатынасты қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.
Алматы қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында «бірінші бетпе - бет кезеңінде» танысқан осы әдіс орталықта оқып жатқан мектеп басшыларының қызу талқысына түсіп, 4 аптаға арналған мектепті дамыту жоспарларында (МДЖ) көрініс тапты.
Өзім де мектептегі тәжірибе кезеңін Lesson Study әдісін мұғалімдерге таныстырудан бастағанды жөн санадым.
Lesson Study әдісінің тиімділігі тақырыбында коучинг өткізілді, жан - жақты талқыланды. Бұл әдіс мұғалімдердің қызығушылығын тудырғаны рас. Нәтижесінде, мектепте бастауыш сынып мұғалімдері, тілдер бірлестігі, физика, математика пәндері мұғалімдері, жаратылыстану пәні мұғалімдерін біріктірген 4 Lesson Study топтары құрылды.
Айта кететін бір жайт -сабақтың мақсаты мен күтілу нәтижесінің орындалуына топтағы барлық мұғалім мүдделі, өйткені сабақ жоспарының түзілуіне олардың да өзіндік үлесі бар. Сабақ жоспарын құру барысында оқушы сұранысы ескеріледі, сабақ өткен соң оқушы пікірі тыңдалады.
Жалпы бүгінгі күні мектептердегі білім беру үдерісінде оң өзгерістердің пайда болып дамуында деңгейлік бағдарламалар мен Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының алатын орны ерекше. Аталмыш бағдарлама негізінде біліктілігін арттырған ұстаздар, мектеп басшылары оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, жаңаша көзқараспен қаруланып өз мектептерінде өзгерістердің бастамашылары болып жүр. Олардыңжұмыстарымектептіңоқу-тәрбиеүдерісінетыңсерпінберуде.