Өзін өзі тану Денім сау болсын десең

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18 ақпан

Сынып: 6 «ә»

Тақырыбы: Денім сау болсын десең...

Сілтеме: «Өзін - өзі тану», 6- сыныпқа арналған оқулық, Алматы - 2010 жыл.

Мақсаты: Оқушыларға жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсініктері қалыптасады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс -тәсілдер: диалог, әңгімелесу, топтық жұмыс.

Керекті құрал - жабдықтар: аудиокассета, А3 қағаздары, маркерлер.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыт

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберіне шақырып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындатқызады

Қосылып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқайды.

2мин.

А кезеңі:

білу

«Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтарға назарларын аудартады.

1) "Бірінші байлық - денсаулық" деп неліктен айтылған?
2) "Тәні саудың - жаны сау" дегенді қалай түсінесіздер?

3) Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, олар өз ойларын ортаға салады.

6 мин.


түсіну

Оқулықтағы «Денсаулықтың он құпиясы» мәтінін оқытады. Денсаулықтың құпияларын өз пайымдауларымен толықтырып, ой қорытындысын жасау тапсырады.

Тапсырманы оқушылар жеке, жұппен, топпен орындайды.

Өз ойларымен бөлісу үшін, тапсырманы сыныпта жария етеді.

12 мин.

В кезеңі

қолдану

Дәйексөзбен таныстырып, мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір...» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойларын жазғызу.

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, олар өз ойларын ортаға салады.

8мин

С кезеңі:

талдау

жинақтау

1. Тыныштық сәтін ұйымдастырады.

2. Топпен жұмыс беріледі.

3. Жағдаяттарды шешеді.

1. Тыныштық сәтінде демалады.

2. Тапсырмаларды орындайды.

3. Жағдаяттарды шешеді.

9 мин

бағалау

Оқушыларға өздерін, өзінің тобындағы оқушыларды, бүгінгі күнде жасаған іс -әрекеттеріне бағалауды ұсынады.

Топ басшысы топтағы оқушыларды, топты бағалайды.

5мин.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге қол үстасып, шеңбер құрады. Барлығы бірге қосылып, «Денсаулық - зор байлық. Жаны саудың - тәні сау» деп айтады.

Оқушылар бірге қосылып, «Денсаулық - зор байлық. Жаны саудың - тәні сау» деп айтады.

3мин.



© 2010-2022