Күнделікті сабақ жоспары Қазақ тілі сабағында (8 сынып)

Сынып: 8Күні: 24.04.2015ж. Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында. Қайталау сабағы. Грамматикалық тақырыбы: Модаль сөздер.Сабақтың мақсаты:Білімділік. Модаль сөздер туралы түсінік беру. Модаль сөздердің қолдану ерекшілігін түсіндіру. Дамытушылық. Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздіктермен және то...
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8

Күні: 24.04.2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында. Қайталау сабағы.

Грамматикалық тақырыбы: Модаль сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Модаль сөздер туралы түсінік беру. Модаль сөздердің қолдану ерекшілігін түсіндіру.

Дамытушылық. Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздіктермен және топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік. Оқушыларды сабақта әдептілікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ой қозғау, ойын, топтастыру, жағдаятты шешу, мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бағалау парағы, маркер, плакат, қайшы, кесте.

Күтілетін нәтиже:

- Модаль сөздердің айырмашылығын білді.

- Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындады.

-Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс жасауға машықтанады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу.

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

  1. Мақсатты айқындау (жұптық). «Бүгінгі қазақ тілі сабағында» тақырыбын білуде алдымызға қандай мақсат қоя аламыз?

  2. «Әріптерді ауыстырылған есімдер» атты ойын ұсынылады. Сыныптағы оқушылардың есімі шығады. Осы есімдерді модаль сөздермен байланыстырады. Жұппен жұмыс жасау арқылы модаль сөздерді анықтайды.

Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойына қатысты көзқарасын көрсетеді. Модаль сөздер - топшылау, растау мағынасын білдіреді. Олар ешбір сөз табына жатпайды.Қазақ тілінде модаль сөздер көп емес. Олар: шамасы, әрине, әлбетте, бар, қажет, керек, иә, жоқ, мүмкін, тиіс, расында, шынында, сияқты, секілді, тәрізді, ықтимал, шығар, болар, екен.Мысалы: Ол, шынында, жап-жақсы адам. Ол түйе секілді.

  1. Мәтінді оқу арқылы, тақырып бойынша сұрақтар құрастыру. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.

1-топ: Біз бүгін қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдер туралы оқыдық. Мақал-мәтел туралы бұған дейін де білетінбіз. Бұл жолы да көп нәрсе үйрендік. Мақал-мәтелдер бізді ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты.

2-топ: Мақал-мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз. Бір жағынан, мақал-мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аламыз, нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің.

3-топ: Адасқан уақытыңда саған бағыт беріп отырады. Демек, мақал-мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан «ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» деген мақал-мәтел осыған байланысты айтылған.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

  1. Мәтінге сұрақтар құраңдар.

  2. Мәтінде берілген мақал-мәтелді жазып, мағынасын түсіндіреді.

ІІ деңгей.

  1. Мәтінге жоспар құрап, әңгімелеңдер.

  2. Білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер. Еске түсіріп, жазыңдар.

І деңгей

Мақал-мәтелді сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіріңдер:

ІV. Сабақты бекіту.

Рефлексия:

Не білдім? Нені бүгін білдім? Нені білгім келеді?

V. Үйге тапсырма: Мақал-мәтелдерді жаттап келу.

Модаль сөздермен 5-6 сөйлем құрастыру.




Оқу - инемен құдық қазғандай.

Оқымаған бір бала, оқыса екі бала.

Оқу - білім бұлағы.

Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.

Оқу - білім азығы,

Білім - ырыс қазығы.

Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні кәріп.

Көзі жоқ, құлағы саудың

Ақылы толады.

Құлағы жоқ, көзі саудың

Ақылы солады.

Өмір - үлкен мектеп.

Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.

Жердің сәні - егін,

Ердің сәні - білім.

Жер - ырыстың кіндігі,

Білім - ырыстың тізгіні.

Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ.

Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

Кітап - алтын қазына.

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

Көргенсіз дегенге кек тұтпа,

Көргеніңнен көрмегенің көп.

Ғылым - теңіз, білім - қайық.

Алтын алма, білім ал.

Ұстаздан шәкірт озар.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Әліппенің ар жағы - білім бағы.

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,

Залыммен жақын болсаң, басың кетер.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.

Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл.

Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.

Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

Асу бермес асқар жоқ.

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.

Білім ауысады,

Ырыс жұғысады.

Білген кісі тауып айтады,

Білмеген кісі қауып айтады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақыл -дария,

Ой - теңіз.

Оқығанның бәрі жарық,

Оқымағанның беті шарық.

Білек сүріндіре алмағанды,

Білім сүріндіреді.

Білетінің бір тоғыз,

Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Күш - білімде, білім - кітапта.

Кісінің кісілігі,

Киімінде емес, білімінде.

Киіміне қарап,

қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.


1-топ

Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойына қатысты көзқарасын көрсетеді. Модаль сөздер - топшылау, растау мағынасын білдіреді. Олар ешбір сөз табына жатпайды.Қазақ тілінде модаль сөздер көп емес. Олар: шамасы, әрине, әлбетте, бар, қажет, керек, иә, жоқ, мүмкін, тиіс, расында, шынында, сияқты, секілді, тәрізді, ықтимал, шығар, болар, екен.Мысалы: Ол, шынында, жап-жақсы адам. Ол түйе секілді.

1-топ: Біз бүгін қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдер туралы оқыдық. Мақал-мәтел туралы бұған дейін де білетінбіз. Бұл жолы да көп нәрсе үйрендік. Мақал-мәтелдер бізді ата-бабаларымызбен жалғастырып жатқан көпір сияқты.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

  1. Мәтінге сұрақтар құраңдар.

  2. Мәтінде берілген мақал-мәтелді жазып, мағынасын түсіндіреді.

ІІ деңгей.

  1. Мәтінге жоспар құрап, әңгімелеңдер.

  2. Білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер. Еске түсіріп, жазыңдар.

І деңгей

Мақал-мәтелді сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіріңдер:

Оқу - - ұлы ұстаз.

Оқу - білім азығы, білімсіздің күні кәріп.

Білімдіге дүние жарық. инемен құдық қазғандай.

Кітап - алтын қазына. білім - ырыс қазығы.

Өмірдің өзі өмір - үлкен мектеп.



2-топ

Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойына қатысты көзқарасын көрсетеді. Модаль сөздер - топшылау, растау мағынасын білдіреді. Олар ешбір сөз табына жатпайды.Қазақ тілінде модаль сөздер көп емес. Олар: шамасы, әрине, әлбетте, бар, қажет, керек, иә, жоқ, мүмкін, тиіс, расында, шынында, сияқты, секілді, тәрізді, ықтимал, шығар, болар, екен.Мысалы: Ол, шынында, жап-жақсы адам. Ол түйе секілді.

2-топ: Мақал-мәтелдер арқылы олардың өсиетін тыңдай аламыз. Олардың әрбірінен ата-бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес тәрбиесін көре аламыз. Бір жағынан, мақал-мәтелдерді өмір сүру қағидалары десек те болады. Өйткені олардан керекті ақылдың бәрін таба аламыз, нені істеу керек, нені істемеу керек екенін білесің.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

  1. Мәтінге сұрақтар құраңдар.

  2. Мәтінде берілген мақал-мәтелді жазып, мағынасын түсіндіреді.

ІІ деңгей.

  1. Мәтінге жоспар құрап, әңгімелеңдер.

  2. Білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер. Еске түсіріп, жазыңдар.

І деңгей

Мақал-мәтелді сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіріңдер:

Оқымаған бір бала, шәкірт озар.

Жер - ырыстың кіндігі, оқыса екі бала.

Көп жасаған білмейді, алтын алма, білім ал.

Ұстаздан білім - ырыстың тізгіні.

Ғылым - теңіз, білім - қайық. көп көрген біледі.


3-топ

Модаль сөздер сөйлеушінің айтылған ойына қатысты көзқарасын көрсетеді. Модаль сөздер - топшылау, растау мағынасын білдіреді. Олар ешбір сөз табына жатпайды.Қазақ тілінде модаль сөздер көп емес. Олар: шамасы, әрине, әлбетте, бар, қажет, керек, иә, жоқ, мүмкін, тиіс, расында, шынында, сияқты, секілді, тәрізді, ықтимал, шығар, болар, екен.Мысалы: Ол, шынында, жап-жақсы адам. Ол түйе секілді.

3-топ: Адасқан уақытыңда саған бағыт беріп отырады. Демек, мақал-мәтелдерді оқып үйренген адам өмірден өз жолын таба алады. Сондықтан «ғалымның өзі өлсе де, хаты өлмейді» деген мақал-мәтел осыған байланысты айтылған.

Тапсырмалар:

ІІІ деңгей.

  1. Мәтінге сұрақтар құраңдар.

  2. Мәтінде берілген мақал-мәтелді жазып, мағынасын түсіндіреді.

ІІ деңгей.

  1. Мәтінге жоспар құрап, әңгімелеңдер.

  2. Білім, оқу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер. Еске түсіріп, жазыңдар.

І деңгей

Мақал-мәтелді сәйкестендіріп, мағынасын түсіндіріңдер:

Наданмен дос болғанша, тілсіз мұғалім.

Мың малың болғанша, үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Білімі жоқ ұл - кітаппен дос бол.

Кітап-ғылым - жұпары жоқ гүл.

Өз білмегеніңді кісіден сұра, бір балаң ғалым болсын.


© 2010-2022