Тілдік норма және жаңа қолданыстар 10 сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілдік норма және жаңа қолданыстар 10 сыныпТілдік норма және жаңа қолданыстар 10 сыныпКүні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Тілдік норма және жаңа қолданыстар

Сабақтың мақсаты : а) тілдік норма және жаңа қолданыстар туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Адам өміріндегі сөз мдениетінің рөлі туралы сұраймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл дамуының әр кезеңі өзінің алдындағы тілдік дәстүрді жалғастыра отырып, тілді обьективті түрде дамытады, өлшейді, саралайды, тиімдісін қалдырады, сөйтіп тілдік норма тудырады.

Норма дегеніміз - қоғамдық қажеттілікті өтеу үшін тіл құралдарының ішінен дұрыс, қолайлысын таңдап алу. Сөз байлығы, грамматика, орфоэпия, орфография және тағы басқа салалары дұрыс нормаланған болса, әдеби тілдің нормлау ұстанымы жүзеге асады, бұл сөз мәдениетінің артуына сөзсіз әсер етеді.

Әдеби тіл мен тілдік норма егіз ұғым. Өйткені тілідк норма дегеніміз - мәңгілік қатып қалған, сірескен қалып бойынша құрылмайды немесе тілдік материалды ауызша, жазбаша түрде ережеге салып, тілді қалыпты нормадан айыру емес, керісінше, сөзді дәл, анық, түсініктіқ әсерлі етіп жеткізудің жолдарын іздестіру. Сөз мәдениеті қамтитын тілдік норманың үш түрі бар: 1. Тілдік норма (лексика, сөзжасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма ( сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөз

Актив сөздер Пассив сөздер

Актив сөздерге күнделікті өмірде, тұрмыста үнемі қолданылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Оның құрамына омоним, синоним, полисемия, антоним және фразеологизмдер кіреді.

Пассив сөздерге қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке әлі кең тарамаған жаңа сөздер - неологизмдер жатады.

Қоғамдағы тарихи оқиғаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге жаңадан енген сөздер жаңа атаулар немесе неологизмдер деп аталады.

Жаттығулармен жұмыс:

17 - жаттығу. Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерді атап, оларды орфографиялық нормаға сай жазу, қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құрастыру.

18-жаттығу. Аралас буынды сөздерге фонологиялық талдау жасау.

20-жаттығу. Берілген көнерген сөздердің мағыналарын анықтап, бір бағанға архаизмдерді, екінші бағанға историзмдерді бөліп жазу.

Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша сұрақтар қойып жауап алу.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Тест сұрақтарына жауап беру.


© 2010-2022