Ашық сабақ «Халық билерінің негізгі қимылдары»

Ашық сабақтын мақсаты: Оқушыларға халық биінің яғни әрбір ұлттардың билері жайында түсінік беру,түрлерімен таныстыру. Аяқ, қол калпыларының ерекшелігін көрсету. Әрбір ұлттардың негізгі калпыларының айырмашылығын түсіндіріп,бимен көркемдеу.Сабақтың барысы: І. Сәлемдесу. ІІ. Станок жанындағы экзерсиз. ІІІ. Диагональ бойынша «Шэнэ». IV. Үй тапсырмасымен жұмыс. V. Үй тапсырмасын қорытындылау. VI. Зал ортасындағы этюд VII. Жаңа сабақты түсіндіру. VIII. Қорытынды бөлім. IX. БағалауX.Үй тапсырмасыІ.За...
Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп






Ашық сабақ


Тақырыбы:

«Халық билерінің негізгі қимылдары»






Сабаққа катысқан класс: IV сынып

Дайындаған: хореография үйірмесінің мұғалімі Мұқашева Ж. К.

Концертмейстер: Садомскова Л. А.











Астана каласы-2015 жыл


Мақсаты: Оқушыларға халық биінің яғни әрбір ұлттардың билері жайында түсінік беру,түрлерімен таныстыру. Аяқ, қол калпыларының ерекшелігін көрсету. Әрбір ұлттардың негізгі калпыларының айырмашылығын түсіндіріп,бимен көркемдеу.




Сабақтың барысы:

І. Сәлемдесу.

ІІ. Станок жанындағы экзерсиз.

ІІІ. Диагональ бойынша «Шэнэ».

IV. Үй тапсырмасымен жұмыс.

V. Үй тапсырмасын қорытындылау.

VI. Зал ортасындағы этюд

VII. Жаңа сабақты түсіндіру.

VIII. Қорытынды бөлім.

IX. Бағалау

  1. Үй тапсырмасы




І.

Зал ортасында Орыс биінің мәнерлі қимылымен сәлемдесу.



ІІ.

1. Мәнерлі Молдован биіндегі «Плие».

2. Мәнерлі Грузин халық биіндегі «Батман тандю».

3. Мәнерлі Грузин биіндегі «Батман тандю жетэ».

4. Мәнерлі Орыс биіндегі «Коблучный».

5. Мәнерлі Татар биіндегі «Рон дэ жан партэр».

6. Мәнерлі Украин биіндегі «Верёвочка».

7. Мәнерлі Беларусь халық биіндегі «Батман фондю».

8. Мәнерлі Орыс биіндегі «Адажио».

9. Мәнерлі Орыс биіндегі «Гранд батман жетэ»






ІІІ.


Диоганаль бойынша(шенэ)- бұрыштан бұрышқа дейін мәнерлі орыс халқы биінің аяқ,қол калыптарының түрлеріменен айналу:

- «Простой шенэ».Қол - халық биінің ІІ қалпында,аяқ - ІІІ қалыпта тұрып жәй айналу.

- «Попереченный».Қол - ІІ қалып,аяқ - V калпында тұрып,бұрылғанда көтеріп айналу.

-«Подскок».Қол - ІI қалпыдан бұрылғанда ІІІ қалпысына дейін,ал,аяқ - тік қалыптың І қалпысынан бұрылғанда,ашық қалыптың V қалпысынан каблукпен соғу арқылы айналу.

IV.


Үй тапсырмасы: Орыс биінде кездесетін «Дробь және оның түрлері»

Зал ортасында 2/4,3/4,4/4 музыкалық өлшеммен еденді дірілдетіп соғу арқылы би этюды орындалады. «Дробь» этюдында «Голоп», «Ковырялочка», «Маталочка» қимылдары кездеседі.

V.


Этюдта жіберілген қателіктерді түзеп,биді барлық талапқа сай методикасын дұрыс орындау.

VI.


Зал ортасында орындалған этюдтар:

- Испан биі «Корковадо»

- Башқұр биі «Семь красавиц»

VII.


Жаңа тақырып: Орыс биінің негізгі аяқ қимылы «Кілт»(ключ).

Кілт дегеніміз- аяқпен еденге соғып және соққы жасап орындалатын қимыл.

Кілт - тек орыс биінде колданылады.

Бүгінгі танысатынымыз кілттердің түрлері.Кілт - 3 түрге бөлінеді:І.ІІ,ІІІ. Кілттерді орындағанда қол халық биінің IV қалпы яғни,белімізге ұстап орындаймыз.Музыкалық өлшем - 2/4.

1. І кілт - оң аяқты еденге соғып пауза сақтап,қайтадан оң және сол аяқты соғамыз,тағыда пауза сақтап,сол және оң аяқпен соғып аяқтаймыз.

2. ІІ кілт - оң аяқпен бірге сол аяқты жалғасып соғып,бірден оң аяқты үш рет тезірек соғып жіберіп сол аяқпен күтіп алып соғамыз,пауза сақтап қайтадан сол аяқты соғып оң аяқпен бітіреміз.

3. ІІІ кілт - оң аяқпен бірге сол аяқты жалғасып соғып,бірден оң аяқты үш рет тезірек соғып жіберіп сол аяқпен соғып пауза сақтап қайтадан сол аяқты үш рет соғып оң аяқпен бітіреміз.

- Кілттерді фортопиано арқылы сүймелдеп орындау.

- Методикасын тексеріп орындау мәнерін қадағалау.

VIII.


Жаңа сабақ сұрақ және орындау арқылы бекітіледі.

1.Кілт жайлы түсінігінді айт?

2.Кілттер қай халық биінде орындалады?

3.Музыкалық өлшемі?

4.І кілтті көрсет?

5.ІІ кілтті көрсет?

6.III кілтті көрсет?

IX.


Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша оқушылар бағаланады.

X.


1.Кілттердің методикасын уйде орындап,жаттап келу.

2.І,ІІ,ІІІ кілттерге этюд құрастыру.

3.Журналға баға қою.


  • Сабақ аяқталды,сау болыңыздар.

  • Зал ортасындағы «Тәжім».






Сабаққа қатысқан ұзтаздар:


Хаирова М.Е. - «өнер» бөлімінің меңгерушісі

Құсаинова З.Х. - «өнер» бөлімінің тәрбие меңгерушісі

Кужахметова П.А. - сольфеджио мұғалімі

Садомская Л.А. - концертмейстер


© 2010-2022