Педагогика пәнінен сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән Шағын комплектілі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: ҚР Бастауыш білімнің Мемлекеттік стандарты бойынша 1-4 кластардағы еңбек түрлеріне шолу. Бастауыш шағын комплектілі мектепте еңбек сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: ШКБМ - еңбекке баулу сабағын өткізу ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, өздігімен жаңа білімді меңгеруге дағдыландыру; танымдық белсенділіктерін жоғарлату, пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрету.

  • Тәрбиелік: таңдаған мамандығын мақтан тұтуға, эстетикалық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру, ұқыптылыққа, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес: кіріктірілген сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы элементтері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясының элементтері, практикалық, сөздік әдістер

Пәнаралық байланыстар: педагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, еңбекке баулу әдістемесі

Сабақтың жабдықталуы: ватман, карточкалар, таратпа лекциялар, еңбек құралдары, мультимедиялық проектор.

Қолданылатың әдебиеттер: Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика», А.Жайтапова «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту», Қ.Дәулетова «Еңбекке баулу әдістемесі», Ш.Жиенбаева «Еңбекке баулу», Ж.Қ.Астамбаева «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы», Педагогика жаршысы №4 (2014)

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9.40.-9.45)

ІІ. Жаңа сабақ 40 мин ( 09.45-10.25.)

ІІІ.Жаңа материалды бекіту 22 мин (10.25.-10.47)

ІҮ. Үйге тапсырма 3 мин (10.47.-10.50)

Ү.Қорытындылау 7 мин (10.50.-10.57)

ҮІ. Бағалау 3 мин (10.57.-.11.00)

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Қайырлы күн, студенттер! Бүгін колледжде «Әдістемелік күн» аясында шағын комплектілі мектептерде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру пәнінен дәстүрден тыс сабақ өткіземіз. Алдымызға қойылған мақсат: ШКБМ - еңбекке баулу сабағын өткізу ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, өздіктеріңізден алған білімдеріңізді басқа студенттерге түсіндіру және пед.технология элементтерін тиімді қолдануды үйрену.

Сабаққа кіріспес бұрын естеріңізге салайын, сіздер болашақ мұғалімдер, бүгінгі сабаққа тек қатысып, жаңа білім алып қана қоймай, менің сабағыма қатысушы ретінде шағын талдау жасайсыздар, қандай педагогикалық технологиялар қолданылды, алған әсерлеріңіз, кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды айтасыздар. Сонымен, қатар сабақ соңында өздеріңізге баға қоясыздар. Педагогика пәнінен сабақ жоспары

Бүгінгі кіріктірілген сабағымыздың эпиграфын неміс философы Генри Фордтың «Бірге жиналу - бастама, Бірге жұмыс жасау - жетістік» деген нақыл сөзімен белгіледім. Ендеше бүгін біз бірге жиналып қана қоймай, бірге жұмыс жасап, жетістікке жетейік, деген тілек айтамын. Іске сәт! Сабаққа кірісейік.

ІІ. Жаңа сабақ 40 мин (10.00-10.40.)

1. Бүгінгі сабақ «Аквариум» тәсілі бойынша өткізілу жоспарланып отыр. 3 топқа бөлініп отырсыздар. Әр столда екі қатар қойылған. 1 қатарға сабақта өз ойымды айтып, белсенді қатысамын дегендер, ал 2 қатарға мен тыңдаушы ретінде қатысамын деген студенттер отыруларыңызды сұраймын.

3 топқа берілген тақырыптарды «ЖИГСО» стратегиясының алгоритмі бойынша бір лектор басқа топтарға түсіндіріп шығу керек. Сіздерге 5 минут уақыт беріледі. Педагогика пәнінен сабақ жоспары

1 топ- ШКБМ еңбекке баулу сабағының ерекшеліктері

2 топ - ШКБМ еңбекке баулу сабағының міндеттері

3 топ - ШКБМ еңбек түрлеріне шолу

Лекторлар бір топқа түсіндіріп болған соң екінші топқа түсіндіреді.

2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Шешімдер ағашы» әдісімен алдарыңыздағы ватмандағы шыршадағы ойыншықтарға экранда көрсетілген тақырыптар бойынша жаңа мәліметтердмен толықтырасыздар. Педагогика пәнінен сабақ жоспары

(Сыртқы шеңберде отырған студенттен не жазғандарын айтуын сұраймын).

Педагогика пәнінен сабақ жоспары

3. Сіздерге «Борттық журналды» толтыруларыңызды өтінемін. Бұл әдіс сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімді әдістерінің бірі. Ол түсіндірілген материал бойынша көрсетілген кестені толтырып түсіндірулеріңізді сұраймын.

Педагогика пәнінен сабақ жоспары


Бұл тақырып бойынша маған таныс

Жаңадан білгенім

ІІІ. Жаңа тақырып бойынша теориялық материалды жеткілікті алып түсінген сияқтымыз. Енді осы тақырыпты тәжірибеде қалай қолдану керек, яғни оқыту әдістемесін еңбекке баулу оқыту әдістемесімен пәнінің оқытушысы Дәулет Қиноятұлы сіздерге көрсетсін. Сөз кезегі Дәулет Қинаятұлында.

Сабағымызды «ЖИГСО» стратегиясы бойынша жалғастырып келесі алгоритмі «Не үйрендік?» кестесін толтырайық. Экранда көрсетілген кестені толтыруларыңыз керек.

Бірінші бағанға еңбек түрлері, қай сыныпта оқытамыз, ал екінші бағанға қолданылатын әдіс-тәсілдерді жазасыздар.

Не үйрендік

Қалай үйретеміз

ІҮ. Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма 3 деңгейде беріледі. І деңгей - алған теориялық материалды толықтыру. Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика», А.Жайтапова «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту», Қ.Дәулетова «Еңбекке баулу әдістемесі», Ш.Жиенбаева «Еңбекке баулу», Ж.Қ.Астамбаева «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» оқулықтарынан. «Қазақстан мектебі» журналынан Шағын комплектілі бастауыш сыныптағы еңбек сабағын өткізу ерекшеліктері тақырыбына жазылған мақалаларға аннотация жазу.

ІІ деңгей - жаттықтыру («тренировочный) - сабақ жоспарын екі сыныпқа жасау (1-класс пен 3-класс немесе 2-класс пен 4-класс )

ІІІ деңгей - шығармашылық 4 сыныпты ШКБМ еңбек сабағының жоспарын құру. Жаңа оқыту технологияларын қолдану.

ҮІІ. Қорытындылау. Бағалау

Бүгінгі сабақта тиісті теориялық білімді меңгергендігіміз, жалпы сабақтың қалай өткені туралы студенттер өз бағаларын беріп сабақты қорытындылауларыңызды сұраймын. Сонымен бірге өздеріңізді бағалап берсеңіздер. Алдарыңыздағы ватманға «Бес саусақ» әдісі арқылы өз ойларыңызды білдіруге болады.Педагогика пәнінен сабақ жоспары

Б - білдім

С- сездім

О-ойландым

Ш - шештім

К - келісемін


  1. Сабақтан алған әсеріңіз?

  2. Қандай оқыту технологиялары қолданылды?

  3. Сабақтың ұтымды жайттары?

Талдауларыңызға рахмет. Жасаған ұсыныстарыңызды есепке аламын деп сөз беремін. Сау болыңыздар.

























Қосымша материалдар


  1. топ - ШКБМ еңбекке баулу сабағының ерекшеліктері

Шағын кешенді мектеп дегеніміз - біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Ауылдық жерлерде шағын кешенді мектептер бар. Аз кешенді бастауыш мектепте қатарлас сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып - комплект - бір мұғалім - сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін. Бір мезгілде екі немесе одан да көп сынып оқушыларына оқу материалдарын меңгерту мұғалімнен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бір сыныптың оқушылары мұғалімнің басшылығымен жұмыс істесе, екінші сыныптың оқушылары өзбетімен жұмыс жасауына тура келеді.

Шағын кешенді ауыл мектебінде еңбекке баулу сабағын өткізу осы мектеп түрінің ерекшелігімен анықталады. 2 немесе 4-сыныпта қатар сабақты бip уақытта өткізудің қаеттілігі оның әрбіреуінде стандарттың бөлімдері және түрлері бойынша уақыт бөлуді талап етеді. Жалпы сағат санынан 6 сағат әр класта оқушылардың көшедегі және жолдардағы тәртібі бойынша қауіпсіздік ережелері оқытылады.

Мұғалім 6ip уакытта 4-сыныл оқушыларымен бірдей тақырыпта сабақ өткізе алады. Бұл сабақ оқушылардың еңбегін ұйымдастыруды жеңілдетеді және оқушыларға бірігіп, бір немесе бірнеше бұйымды бірігіп жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың білімінің қалыптасуын бағалай алады: әpбip класс оқушыларымен қосымша әңгіме жүргізеді олардың әзірлейтін бұйымдары мен игеретін еңбектікбілімдерінің нақты түрлері бойынша инструктаждар мен бейне көрсетулер жүргзіледі. Бip тақырыпты сабақтарда оқу жылына байланысты бepiлeтiн білім мен білік оқушылардың жас epeкшeлiктepiнe байланысты берілуі тиіс. Мемлекеттік стандарттың ұсынуы бойынша шағын кешенді мектеп оқушылары 6ip уақытта жасай алатындай еңбек объектілері таңдалған. Егер 1-сынып оқушылары үлгі бойынша оны жай детальдарын жасаса, онда 2-сынып оқушылары техникалық сурет нұсқаулық карта бойынша жұмыс жүргізеді және күрделі нысандарды жасайды. Осы уакытта 1-2 сынып оқушыларымен әзipлeнгeн детальдарды жинактайды, оны 4-сынып оқушылары өңдейді. Басқа нұсқалары да болуы мүмкін. Мысалы, әр класс оқушылары түpлi бұйымдар жасайды. 3-4 сынып оқушылары 1-2 жай детальдарды белгілеу үшін шаблондар және жай қажетті құралдар жасайды (кағаз бен қатырма қағазды бүгу үшін бұйым, астына қоятын тақтайшалар және т.б.). 3-4 сынып оқушылары түрлі материалдарды өңдеу бойынша алған білімдері мен біліктерін жeтiлдipeдi (кағаз, қатырма қағаз, мата, табиғи материалдардан, т.б.) Еңбекті осылайша ұйымдастыру оқушылардың еңбек объектісінің уақытында сапалы жасалуына жауапкершілігін арттырады.

Жергілікті жағдай мен мектеп мүмкіншілігі бойынша әp6ip мұғалім өз бетімен оқушылардың, машықтық жұмысы үшін бұйымдарды таңдай алады. Бipaқ еңбек объектілерін таңдағанда мемлекеттік стандартта қарастырылған оқушылардың бойында кажетті білім мен білік қалыптастыратын дидактикалық міндеттерге сай болуы тиіс, сонымен қатар дайындау кезінде оқушыларды графикалық сауаттылық элементтерімен, материалдарымен, олардың қасиеттерімен, жай еңбек және сызбалық өлшеуіш құрал-саймандармен жұмыс жасау тәртібіне үйреткен жөн.

Шағын кешенді мектептер үшін негізінде еңбекке баулу бойынша оқу материалы мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді. Бірақ электротехникалық жұмыстар, материалдарды өңдеу бойынша технология суұрақтары бойынша қысқартулар енгізілген.

Төмендегіп кестеде 2- ші және 4-сыныптағы еңбек сабағының, шамамен алынған жоспарының үлгісі ұсынылады:

Сабактың кезеңі

2-сынып

4-сынып

I. Барлық сыныптарға

Ұйымдастыру бөлімі

II. Барлық сыныптарға

Такырыпты хабарлау, мақсат қою

III. Бөлек сыныптарға

Жаңа такырыпты түсіндіру

Машыктык жұмыс, өзіндік

IV. Бөлек сыныптарға

Өзіндік машықтық жұмыс

Жана такырыпты түсіндіру

V. Барлык сыныптарға

Ойын сәті, сергіту сәті

VI. Бөлек сыныптарға

Жана такырыпты бекту. Бағалау

Машықтық жұмыс. Бағалау

VII. Барлық сыныптар-

Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма

2 топ - ШКБМ еңбекке баулу сабағының міндеттері

1-4 шағын комплектілі ауылдық бастауыш қазақ сыныптардағы еңбек сабағы балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың бірыңғай жүйесінің құрамдас бip бөлігі негізінде қарау өзінің алдында төмендегідей міндеттер қояды:

- балалардың еңбек тәжірибесінің, ауыл шаруашылығы жөніндегі түсініктерін байыту; оқушыларды еңбек сүйгіштікке, өз бетімен жұмыс істей білуге, ұйымшылдыққа, еңбек адамын сыйлай білуге тәрбиелеу; еңбекке деген шығармашылық сапалы қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • оқушылардың ауылшаруашылық қызмет көрсету және техникалық еңбекке деген алғашқы қарапайым іскерліктерін қалыптастыру, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу;

  • еңбек сабағында оқушылардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене күш жағынан дамуын және тәрбиеленуін қамтамасыз ету;

  • оқушыларды қазақтың ұлттық қөлөнерімен таныстыра отырып, мәдени және тұрмыстық бұйымдарды жасауға деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру;

  • қазақ халқының мал бағу, төл өcipy, жер өңдеу сияқты кейбір ерекшеліктерімен таныстыру.

Еңбек жөнңндегі сабақтар үшін еңбек бағдарламасының барлық бөлімдерін орындауды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар және материалмен жабдықталған жұмыс бөлмесі (кабинет) жасалады.

Бағдарламада қол еңбегінің қарапайым түрлерін кағаздан, қатырма қағаздан, ағаштан, табиғи материалдардан, сым темірден әзірлеу атап көрсетілген, бағдарламалық тақырыптар бойынша жасалатын кез келген бұйымдарды сабақ мазмұнына, оқытылатын тақырыпқа лайықты ipiктеп алады.

Оқушыларды техникалық элементтермен таныстырады.

Бұл техникалық қондырғылардың модельдерін және «конструктор механик», «электроконструктор» типті детальдар жиынтығынан тұратын машиналарды жинастыру процесінде және экскурсия кезінде жүзеге асырылады.

Бағдарламадағы қоғамға пайдалы еңбек дағдыларына үйретіп, жұмыстарының кейбіреуі сабақтан тыс уақыттарда, сыныпта, мектепте, үйде, (ата-ананың басшылығымен) ұйымдастырылады.

Еңбек сабағын бұлайша ұйымдастыру оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке уйретеді.

Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жекебас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауына баса назар аударылады.

Аспаптар, материалдар, ауылшаруашылық жабдықтары оқушылардың жас мөлшеріне сай алынады.

3 топ - ШКБМ еңбек түрлеріне шолу

2002 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы Жалпы бастауыш білімнің «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы жасалды. Мұнда еңбекке баулу пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанмен, елеулі өзгерістер жасалды. Еңбекке баулу пәнінің қызметі бойынша әлемдік педагогикалық тәжірибелер зерделенді. А.Энштейн «Адам естіп-білгені арқылы жетілмейді, еңбек пен іс - әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала саусағының бұлшық еттері жан-жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға, түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Сонымен бірге Еңбекке баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.

Стандарттың жаңа нұсқасы ғылыми негізде зерттеліп, пәннің базалық білім мазмұны сақталды. Жаңа нұсқадағы "Еңбекке баулу" пәнінің мақсаты-білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын, шығармашылығын қалыптастыру деп айқындалды, сонымен бірге, баланың дене қимылын, сезімдерін, эстетикалық талғамын, ақыл-ой өрісін дамыту, яғни жеке тұлғаны дамытудың құралы болу, "Табиғат- Адам- Заттық орта" арасындағы өзара байланысты түсінуге зор маңыз беру. Осыған орай мынадай міндеттерінің желісі түзілді:

  • дүниенің үйлесімді бірлігі туралы және онда адамның жасанды түрде пайда болатын заттық ортасымен бірге алатын орны туралы түсінігін қалыптастыру;

  • заттар мен құбылыстарға деген эстетикалық түйсік қалыптастыру;

жеке тұлғаның жасампаздық мүмкіндіктерін, шығармашылық және сезімталдық қабілеттерін дамыта түсу;

  • ақыл-ой қабілетін жетілдіру, ұтымды логикалық, қисынды ойлау қабілетін дамыта беру;

  • баланың еңбекке мотивтік сапаларын дамыту;

  • іс жүзіндегі шеберлікті қалыптастыру арқылы екі қолдың қимыл әрекетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін және басқа да сапалық қасиеттерді дамыту.

Мектептің бастауыш сатысындағы "Еңбекке баулу" пәні мазмұнының даму болашағы негізгі, жоғары сатылардағы "Технология" пәнінің мазмұнында дамытылды. Стандартта "Еңбекке баулу" пәнінің базалық бағдарламасы да көрсетілді. Бағдарлама мына бөлімдерді қамтиды:

  • өзіне-өзі қызмет етуді үйрету;

  • ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу;

  • техникалық еңбекке баулу;

  • көркем еңбекке баулу.

Еңбекке баулу пәнінің мектептің бастауыш сатысындағы оқу жүктемесінің көлемі - 272 сағат, аптасына 2 сағаттан белгіленді.

Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Келесі сыныпта оның мазмұны күрделенеді. Балалар шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімделеді, қажетті іскерліктері дамиды. Еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен ұштастырылып отырады.

Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте ұйымдастырылған мұндай еңбек түрі баланың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді, олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз болады.

Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу. Оқу-тәжірибе үлескісінде пинратқарылатын жұмыстарымен таныстыру. Жас еркешеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлінеді. Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика, т.б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.

Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.

Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.

Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп - қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор.

Көркем еңбек блогында ермексазбен жұмыс оқушыларды мүсіндік шығарма жасаудың жолдарымен таныстыру мақсатында жүргізіледі. Қарапайым бұйымдарды жасату арқылы оқушылардың көркемдік талғамын арттыру мақсаты да көзделеді.

Матамен жұмысты бастамас бұрын оқушыларға матаның түрлерін, оның қалай пайдаланылатыны жайлы қысқаша түсінік беріледі. Осы мақсатта мақта, жүн, жібек, жасанды талшықтардан тоқылатын маталармен таныстырылады.

Қолданбалы қолөнер- халық өмірі және тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер туындылары элементтерімен таныстыру. Оқушылардың практикалық жұмыстарында бұл элементтерді қағазды қолдана отырып жасату.

Оқушылар алдымен әр алуан материалдарды сапалы өңдеп үйренуі тиіс. Өйткені оларды сонда ғана көз тартарлық тамаша заттар жасап шығару үшін қажетті құрал ретінде шығармашылықпен пайдалана алады. Бағдарлама мәтінінде барлық құрамдас нәрселер "минимум бойынша" көрсетілген, ал одан да көп "максимум бойынша пайдалана беруге шек қойылмайды."

Тапсырмалар өздерінің орындалу мүмкіндіктеріне қарай үш түрлі деңгейді қамтиды. Олар:

  • оқулықтағы үлгілер деңгейіндегі тапсырмалар;

  • оқушылардың өздері дербес атқара алатын жұмыстар деңгейіндегі тапсырмалар;

  • оқушылардың біліміне, қабілетіне қарай қойылатын талаптарды орындап шығуына болатын ықтимал деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар.

Оқушының әр түрлі материалдармен "белсене" таныс болуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сонда ол оқушы материалдардың көркемдік және конструкциялық қасиеттерін творчестволықпен алуан түрлі етіп пайдалана алады. Іс жүзінде мұның өзі "материалды сезіну" жөніндегі тәрбиенің өзіндік түрі болуы керек. Ал мұнсыз еркін көркемдік- шығармашылық қызметтің болуы тіпті де болуы мүмкін емес. Балалар әдетте, алуан логикалық міндеттерді, бас қатыратын жұмбақтарды құмарта отырып шеше алады. Әрине, бұл ретте оларға берілетін тапсырмалар баспен ойлау және қолмен істеу аралығындағы ақылға қонымды сәйкестіктер пропорциясында болуы өте-мөте қажет. Тап осындай жағдайда оқушылар ақылға салып ойлау, өзінше қызық, шығармашылық еңбек әлемінің есігін ашады, істі қолдың ептілігімен қалай болса солай тез тындыра салумен шектеліп қалмайды.

Балаларға экскурсия дегеніміз әрқашан әлдебір жаңалықтар ашу болып табылатынын көрсету және түсіндіру қажет. Еңбекке баулу пәні тұрғысынан қарағандағы негізгі жаңалық балалардың санасына табиғаттағы нәрсенің барлығы да пайдалы әрі әсем екенін жеткізіп, сіңіре білу. Бұл ретте қай саланың болса да өзегін жарып өтетін алтын арқау табиғаттың бәрі де сұлу, бәрі де қажет болуы тиіс деген өктем талабы болуы тиіс.

Балалармен топтық, жұптық жұмыс істеудің орны ерекше. Олардың жеке өздерінің бақылау қабілеттерін және материалдармен кез-келген дербес жұмыс істеу "тәжірибе" жасап көруін, сондай-ақ бейнелей білу шеберлігін бірте-бірте байқап, бағалап, көтермелеп отырады. Сөйтіп, оқушылардың кеңістікте белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлау қабілеті қалыптасады.

Баланың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысқа келтіретін кіші моторикасы қалыптасады (саусақтарымен жұмыс істеу дағдысы пайда болады). Мұндайда оқушылардың көңілін көтере дем беріп, мақтап қойған дұрыс.

Өңделетін материалдармен олардың сәнділік және технологиялық қасиеттерімен танысуды одан әрі үнемі жалғастырып отырамыз. Балалардың жеке-жеке дербес жасаған шығармашылық жұмыстарын біріктіріп, белгілі көзделген ойға бағыттаймыз. Олар комбинациялық-логикалық сипаттағы суреттемелерді жасап, орындап шығу жөніндегі міндеттерді шешуді үйренеді.

Мақсат көздеу - әлдеқайда күрделі кешенді процесс болып табылады. Мұның өзі дайын конструкцияға талдау жасауда ғана емес, сонымен қатар ең алдымен кез-келген конструкция мен оның атқаратын қызметінің ерекшелігі арасындағы белгілі бір тәуелділікті орнатуды да көздейді. Мақсат көздеу ең алдымен нағыз саналы ізденімпаздықты, проблеманы шешу тәсілін, мәселеге шығармашылық тұрғыдан келуді қамтиды.

Оқытудың бүкіл курсы бір-бірімен өзара байланысты тақырыптардың біртұтас жүйесі болып табылады. Ол тақырыптар оқушылар сыныптан сыныпқа көшкен сайын бірте-бірте күрделі бола түседі, сонымен қатар адамдардың практикалыққызметінің алуан түрлі қыруар байланыстарын ашып көрсетеді. Сөйтіп оқушылар тақырыптардағы проблемаларға әртүрлі деңгейде бойлап еніп, біртұтас курстың әр түрлі сатысында өз білімдерін көтере алады.

Оқытудың мазмұнындағы ең басты мәселе адамзаттың материалдық мәдениетте көрініс тапқан адамгершілік- эстетикалық және әлеуметтік - тарихи тәжірибесін меңгеру болып табылады. Оқушылар қол еңбегі сабақтарында тап сондай заттарды жасайтын болғандықтан, балалардың басты назарын заттар әлеміне аударамыз. Аса маңызды кәсіби-практикалық білім мен шеберлік атаулы осы бағдарламаның құрамдас элементтері болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқу кезеңінде балалардың мүмкін болғанша әр түрлі заттар жасалатын сан алуан материалдарды игеруіне және олармен жұмыс істеп, өңдей білуге үйренуіне тура келеді. Технология тек құрал болып табылғанымен де, бұл құралды пайдалана білуді толық игеру керек. Бұлай етпеген жағдайда оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуінде ілгері басушылық елеулі түрде қиындықтарға тап болады. Бала дайын үлгі бойынша белгі салып алудың негізгі тәсілдерін тиянақты түрде игеріп алуға (мұның өзі жалпы базалық қабілеттің бірі болып табылады және ол қызметтің сан алуан түрлерін атқару барысында әрқашан қажет болады), қолмен атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі дәлме-дәл орындауға, сондай-ақ практикалықжұмыс ретін саналы әрі сауаттықұра білуге, яғни еңбекті ұйымдастырудың қажетті мәдениеті мен ережелерін мұқият сақтауға міндетті.

Осы бағдарламаға сәйкес білім мазмұнын оқушы санасына меңгерту сабақ процесінде оңтайлы жаңа технологияларды және әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдануды қажет етеді.

Еңбекке оқушыларды дағдыландыру қарапайым жұмыстар жасаудан басталады да бірте-бірте күрделеніп отырады.




© 2010-2022