• Преподавателю
  • Другое
  • Тілді оқытудағы жаңа бағыттар: нәтижеге бағытталған оқыту деген не? тақырыбындағы коучинг

Тілді оқытудағы жаңа бағыттар: нәтижеге бағытталған оқыту деген не? тақырыбындағы коучинг

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқамерзімді жоспары

Коучингтік сағат

9 желтоқсан 2015 жыл

Коуч

А. М. Горький атындағы мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Таңбаева Н. Ш.

Коучинг тақырыбы

«Тілді оқытудағы жаңа бағыттар: нәтижеге бағытталған оқыту деген не?»

Мақсаты

Мұғалімдерге білім беру мазмұнының жаңаруы мен тілді оқытудағы жаңа бағыттапр туралы ақпарат беру, оларға нәтижеге бағытталған білім беру, оқыту және оқудың мазмұны мен мәнін таныту.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер білімдерін кеңейтеді, дәстүрлі оқыту мен оқытудағы жаңа бағыттарды салыстырады, білі беру мазмұнының өзгеруіне байланысты жаңа бағыттардың мәнін, тиімділігін түсінеді, қолдануға бағытталады.

Коучингтіе негізгі ойы

«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

Абай.

«Ілгерілеу қажеттінің әрқашан мүмкін екеніне сенуден басталады.»

Норман Казинс

Дерек көздер

Видео-роликтер: «Шырақ», «Екі қасқыр», «Көңілді сергіту», «Нәтижеге бағытталған оқыту деген не?» презентациясы, «Жаңа білім келбеті-оқу мен оқытуға жаңа көзқарас»

Құралдар

компьютер, проектор, экран, флипчарты, маркеры, А4 и А3 қағаздары

Коучингтің жүрісі

Коучинг бөлімдері

Уақы

ты

Коуч пен коучинг қатысушыларының әрекеті

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық жағдай жасау

3. Топқа бөлу

5 мин

1.Коуч қатысушылармен амандасады.

2. Коуч қатысушылар назарын «Шамшырақ» фильміне аударып, жағымды психологиялық жағдай жасайды.

3.Қатысушылар коуч ұсынысымен ортаға шығып, жұптасып, бір-біріне арқаларын тигізіп, шеңбер жасап тұрады. Коуч қатысшыларға ұсынған тілек сөздерін бір-біріне оқиды.Бір-біріне бетімен тұрып, күлкілерін сыйлап, қолдарындағы тілек хаттарын ұсынады. .

4. Коуч қатысушыларға кәрзеңкеден парақшалар алып, ондағы көрсетілген сөздерді пайдаланып «Мен Ұстазбын!» дегенді айтқызады.

«Ақыл», «Жүрек», «Қол»

Коучингке қатысушылар топтық жұмыс ережелерін жасайды, оны сақтауды ескертеді.

Ой шақыру.

«Оқу және оқыту: дәстүр мен жаңашылдық» бейнеролик

5 мин

Коуч қатысушыларға:

«Дәстүрлі оқыту және оқытудағы жаңа бағыттар» тақырыбында постер құрастыруды тапсырады

Талдау:

-Дәстүрлі оқыту неге тозды?- Дәстүрлі оқыту нәтижелі ме? Неге?

-Оқытудағы жаңа бағыттар нәтижеге жетудің баламалы жүйесі ме?

Неге?

-Нәтижелі оқыту деген не?

-Нәтижелі оқу мен нәтижелі оқыту деген не?

Іске асыру кезеңі

Постер

- «Нәтижелі оқу»

-«Нәтижелі оқыту»

-«Нәтижелі оқушы» топтарға осы тақырыпта постер жасау тапсырылады.

Талқылау:

-Тілді оқытудағы нәтижелі оқу неге негізделіп, неге басымдылық беру керек? Неге?

-«Білім-білік-дағды» деген жүйелі тіркесте қайсысына басымдылық беріледі? Неге?

«Талдау-ұсыныс»

7 мин

Қатысушыларға «Жоғарыға көтерілетін баспа» форматында «Нәтижелі оқыту» жобасын жасақтау ұсынылады.

Талдау:

-Білім мазмұны -мақсат - күтілетін нәтиже -жұмысты ұйымдастыру формасы-стратегиялар жиынтығы-жұмысты бағалау жүйеесі-рефлексия-түзету-білім мазмұны...... (жоспар) Неге?

Осы жүйесіде не негізгі, маңызды?

«Бой сергіту»

2 мин

Қатысушылар бейнесюжет пен әуенмен орындарынан тұрып, бой сергіту жаттығуларын жасайды.

Іскерлік ойыны

Топтағы жұмыс

10 мин

«Фермерлер» ойыны.

-Субъект (фермер) пен объект (жер) бұрынғы, дән, тыңайтқыш, техника ғана өзгерді. Фермерлер алдындағы үлкен жұмыс-жаңа өнім алу. Ұстаздар қауымы ретінде фермерлер алдыңдағы істі, сіздер өз кәсібіңізде қалай атқарар едіңіз? Жобаңызды ұсынасыздар.

Талқылау:

-Білім мазмұнының жаңаруы дегенге қалай түсінесіздер?

-Бұл-білім беру жүйесінің түбегейлі өзгергені ме?

-Тілді оқытуда не өзгерді?

-Ол не үшін қажет?

Жұмысты талқылау

5 мин

Коуч сұрақтар бойынша талқылауды ұсынады:

- Жеке тұлғаға бағытталған оқыту деген не?

-Біздің білім жүйеде, сыныпта баладан отырған жеке тұлғаға бағыттап оқыту қаншалықты мүмкін?

- Ондайда нәтижелі оқыту үшін ең оңтайлы жол қандай?

Жаңа ақпарат ұсыну:

«Тілді оқытудағы жаңа бағыттар: нәтижеге бағытталған оқыту» презентациясы.

7 мин

Коуч қатысушылар назарын презентация ұсынады, презентация ақпаратын талдай отырып, түсіндіреді. Көрсетілімнен кейін сұрақтар бойынша кері байланыс жасайды:

«Сәтті жұмыс-іскерлікке бастар жол!» ынталандыру сәті

5 мин

Коуч қатысушыларға өздерінің топ лидеріне мадақтау синквейнін, ал топ лидеріне өз тобына мадақтау топтамасын жасауды ұсынады.

Рефлексия

10 мин

Коуч қатысушыларды «Көңіл-күй аралы» аймағына өздерінің коучинг барысындағы көңіл-күйлерін білдіріп, «Коучинг бағалау парақшасына» коучингтің бағасын жазуды ұсынады.

Қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тілейді. Коучингті аяқтайды.



© 2010-2022