Открытый урок по казахскому языку на тему Менің отбасым (5 класс)

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары.
Сынып: 5.
Мерзімі:
Мұғалім: Смагулова Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап қорыту. Өз беттерінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ой-өрістерін кеңейту. Сөздік қорларын байытып, тілдік мәдениеттерін қалыптастыру.
Тєрбиелілік: тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігі жайлы сөз қозғау.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест
Сабақта қолданылатын жабдықтар: тест тапсырмалары, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Отырыңдар.
-Сынып сабаққа дайын ба?
-Көңіл-күйлерің қалай?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Тапсырманы дерлік орындадық па?
-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Біз қандай модульді аяқтадық?
-Бұл модульде қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
-Өз отбасыларың туралы не айта аласыңдар?
IY. Нәтиже сабақ:
1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. Отбасы мүшелерінің атауын тап.
а) әке, шеше, ата, апа
ә) табиғат, орман, өзен
б) мектеп, тақта, кітап
в) дүкен, асхана, шаштараз
2. «Үндестік заңы» деген сөзді аудар
а) закон сингармонизма
ә) времена глагола
б) созвучие гласных
в) гласные звуки
3. Жуан дауысты дыбыстарды тап
а) а, ә, о, ы
ә) а, о, ұ, ы
б) е, и, ы, і
в)о, ө, ү, ұ

4. Еріндік дыбыстарды белгіле.
а) а, ә, е, и
ә) ү, ұ, ы, і
б) о, ө, ү, ұ
в) у, й, ө, ә
5. Ашық дауыстыларды тап.
а) о, ө, ү, ұ
ә) а, и, ы, і
б) ә, у, б, в
в) а, ә, е, о
6. Ұяң дауыссыздар қатарын көрсет.
а) й, р, л, м
ә) к, қ, п, т
б) г, д, ф, х
в) б, в, г, ғ
7. Берілген сөзде неше буын бар және қандай буын? Ата
а) 2, ашық
ә) 3, ашық
б) 2, тұйық
в) 3 бітеу
8. Сөздердің аудармасын табыңдар.
1. жолдас дружный
2. қарындас внук, внучка
3. тату товарищ
4. немере младшая сестра
5. аға племянник
6. іні, бауыр близкий, родной
7. жиен старший брат
8. танысу традиция, обычай
9. жақын младший брат
10. дәстүр знакомство
Карточка.
2-тапсырма. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса.
1-қатар -Отбасымыз 2-қатар - Шөбересі 3-қатар - Мүшелері
3-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, буын түрлерін анықта.
Оқушылар, әкем, ағамның, дәстүрлер, отбасымыздың.
4-тапсырма. Өз отбасың туралы шағын әңгіме жаз.
Y. Сабақты бекіту:
-Сонымен бүгін сабақта не істедік?
-Қандай тақырыпты қорытындыладық?
YI. Рефлексия.
YIII. Үйге тапсырма:
-36-бет 3-4-тапсырма.

© 2010-2022