Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі. Қазақ тілі 4-сынып

Оқушылармен амандасып болғанынан кейін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бере отырып сыныпты топқа бөліп алдым. Әр топта үш оқушыдан болғандықтан үштікте жұмыстанатынды. Топқа бөлінген кезде В, А деңгейінде бақылауға алынған оқушылар бір топта болды.  Үй тапсырмасын сұрауда «стикердегі сауал» әдісін қолдандым. Оқушылар өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап берді. Тұсакесер кезеңінде оқушылардың топқа бөлінген парақшаларындағы құрмалас сөйлемге назар аудартып, жаңа сабақтың тақырыбы, мақса...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. Қысқа мерзімді жоспар. 2-сабақ


Сыныбы: 4

Күні

Сабақтың тақырыбы:


Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі.

Мақсаты:

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойып, жазуды үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

А: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қоюды біліп түсінеді

В: Тыныс белгісіне қарап құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтайды және мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қояды.

С: Құрмалас сөйлемдер арқылы мәтін, өлең құрастыра алады.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Қазақ тілі 4-класс Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова.Алматыкітап баспасы 2011ж

Флипчарт, интербелсенді тақта, маркер, бояу.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма:

2,3,4,5,6,7 тапсырмалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

3мин

«Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем» әдісі арқылы төрттікке бөлу.

«Серпілген сауал» арқылы үй тапсырмасын қайталау.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер төрттікке бөлінеді.

Өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды.

Тұсау

кесер


2мин

Блум сұрақтары арқылы «Ой қозғау» Қай топтағы парақшада сөйлемнің ортасында тыныс белгісі бар?

Неліктен?

Табыс критерийлері:

1) Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қоюды біліп түсінемін.

2) Тыныс белгісіне қарап құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтаймын және мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қоя аламын

3) Құрмалас сөйлемдер арқылы мәтін, өлең құрастыра аламын

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Негізгі бөлім:


3мин






4мин




5мин






4мин



5мин







«Жұптасып ойлан, талда» әдісі 1-жаттығу: Жұпта тапсырманы талдап, құрмалас сөйлемдерді анықтайды.

2-жаттығу Өлеңді жатқа айту. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін топта анықтау.

Дәптерге құрмалас сөйлемдер арқылы «Туған күн» тақырыбына мәтін құрастырып жазу. Топта талдап, жақсы шыққан мәтінді оқу.

3- жаттығу: Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.

4-жаттығу: жұппен жұмыс

Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, көшіріп жазу. Бастауышы мен баяндауышын табу. Мәтін мазмұнын жұпта талдау.

Сергіту сәті: «Кір жуғыш машина»

Дәптерлеріне құрмалас сөйлемдерді теріп жазады.

Ережені қорытады.

Топта бір-біріне өлеңді жатқа айтады

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Орындарында жаттығуды орындайды, топта талдау.

Төрттіктегі жұптар өзара бірін-бірі тексереді.


Қорытынды:

15 мин


2мин


3 мин

«Ыстық картоп» әдісі бойынша постер дайындайды

Үй тапсырмасын беру:

5-жаттығу Сызба бойынша сөйлем құрастырып жазу.

Еркін тақырыпқа құрмалас сөйлемді қатыстырып мәтін құрау

«Үш өлшемді күнделік» арқылы кері байланыс

Жаңа сабақтан алған білімдерін жинақтап , қорытады.



Сабақтың өзіндік талдауы: Оқушылармен амандасып болғанынан кейін, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бере отырып сыныпты топқа бөліп алдым. Әр топта үш оқушыдан болғандықтан үштікте жұмыстанатынды. Топқа бөлінген кезде В, А деңгейінде бақылауға алынған оқушылар бір топта болды. Үй тапсырмасын сұрауда «стикердегі сауал» әдісін қолдандым. Оқушылар өтілген материал бойынша сұрақтарға жауап берді. Тұсакесер кезеңінде оқушылардың топқа бөлінген парақшаларындағы құрмалас сөйлемге назар аудартып, жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айқындалып, табыс критерийлерін шығарды. 1-жаттығудың тапсырмасын анықтап, топта құрмалас сөйлемдерді анықтап, көшіріп жазды. Орындаған тапсырмалары арқылы жаңа сабақ бойынша ереже құрастырып, оқулықтағы ережемен толықтырды. Келесі тапсырманы «Штурман және пилот» әдісі арқылы орындаттым. Өлеңді жаттағаннан кейін штурман өлеңді жатқа айтады, екі пилот тыңдап отырады. Осы тапсырма бойынша «Туған күн» тақырыбына құрмалас сөйлемдер арқылы шағын әңгіме құрастырды.Топтар бір-бірін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалады. Келесі тапсырмада оқушылар жеке жұмыстанды, құрмалас сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін қойды. «Кір жуғыш машина» әдісі арқылы сергіту сәтін өткіздім. «Ыстық картоп» әдісі арқылы постер дайындады. Постер дайындау барысында А деңгейіндегі Бекзат тобымен араласып, белсенділік танытты. Әр топ постерді қорғау барысында өздерінің толықтырған тұстарын айтып, өзара бірін-бірі бағалады. Үйге тапсырма беріліп, «үш өлшемді күнделік» арқылы кері байланыс жасалды.


Сабақ бойынша өзгертулер



© 2010-2022