- Преподавателю
- Другое
- План - конспект урока на тему: Ұлттық тағамдар
План - конспект урока на тему: Ұлттық тағамдар
Раздел | Другое |
Класс | 4 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Шакпакбаева Н.Ж. |
Дата | 12.12.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, № 35 жалпы орта білім беретін мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакпакбаева Назигуль Жангалиевна
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар.
Сабақтың мақсаты: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны.
Типі: қайталау сабағы.
Әдісі: модульдік технология.
Көрнекілігі: интерактивтік тақта, «Шашу» кәмпиті, ортақ бағалау парағы, фишкалар, конкурс тапсырмалары.
Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі:
- Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.
II. - Біздің әр өткен сабағымыз - қуаныш. Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз не істеген?...
- Шашу шашқан.
-
Шашу дегеніміз не? Ол - тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады).
-Кәмпитті жай ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
-
Бүгін кім кезекші?
-
Сыныпта кім жоқ?...
-
Бүгін нешесі?
-
Аптаның қай күні?
III. - Балалар! Көздеріңді жұмыңдар. Мен сендерге бір
азық-түлік беремін, оның иісінен не екенін анықтаңдар.
Оқушылар жауабы: - Қымыз.
- Қымыз туралы кім біледі?
- Қымыз неге жатады? ...(Қазақтың ұлттық тағамдарына).
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
IV. Оқушылар екі топқа Сусындар, Тағамдар болып бөлінеді. Ойынның мақсатымен, шартымен таныстыру.
- Ендеше, бүгінгі «Бақытты сәт» ойынымызды бастайық.
1 гейм. «Бой сергіту». Команданың әр мүшесіне кәртішке беріліп, дайындыққа 1 минут уақыт бөлінеді. 1 минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп, сәйкес фишка алады.
«Сусындар» тобына берілген сұрақтар:
-
Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қарта, т.б)
-
Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
-
Сенің сүйікті тамағың не? (...)
-
Қазақтың басты ұлттық тағамы не? (ет)
-
Қымыз ненің сүті? (биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата? (шұбат, айран, қымыз, т.б.)
«Тағамдар» тобына берілген сұрактар:
1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиыр сүтінен)
2.Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
-
Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
-
Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
-
Құрт неден жасалады? (сүттен)
-
Сенің сүйікті тағамың не? (...)
II гейм. «Шашылған бауырсақтар».
Тапсырмалар жазылған кәртішкелер:
1. Мына сөйлемді аудар:
Из мяса конины готовят қазы-қарта. (Жылқының етінен қазы-қарта дайындайды.)
2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді? (баяндауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді.)
3. Мына сөйлемді аудар: Творог, курт, масло - молочные блюда. (Сүт тағамдары -ірімшік, сүт, құрт, май.)
4. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті.)
5. Мақал-мәтелді аяқта: Ат-адамның қанаты, (ас - адамның
қуаты.)
-
Сөйлем мүшелерін ата. (Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш).
-
Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы)
-
Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаусыз)
-
Қазақгың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)
10. Мына сөздерді аудар: еда, пища - (дәм),не попробовав - (ауыз тимей); гость - (қонақ); гостеприимство - (қонақжайлылық).
-
Қазақ тілінде неше шақ бар? (өткен шақ, келер шақ, осы шақ.)
-
Мына сөйлемді аудар: В Казахстане есть санаторий, где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар).
Ш гейм. Фонетика әлемінде.
Мұғалім тақтаға әр командаға екі сөйлем жазады. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады
. «Сусындар» тобына:
1. Қаза...тың ұлт...ық та... амдары ал...ан түрлі.
2. Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге
болмайды.
«Тағамдар» тобына:
1. Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге
болмайды.
2. Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.
IV гейм. «Сен маған, мен саған».
Үй тапсырмасы. Үйден ас туралы өлең жаттап келу.
V гейм. « Не дәмді?» ой толғауы.
Үй жұмысы: «Қазақтың үлттық тағамдары» тақырыбына диалог құру.
Қорытынды.
Рефлексия: - Сонымен сабақты қорытындылайық:
-
Ет тағамдарын атаңдар.
-
Сүт тағамдарын атаңдар.
-
Нан тағамдарын атаңдар.
-
Жылқы, сиыр, түйе не береді?
-
Шұжық неден жасалады?
-
Ұлттық тағамдарды ата.
Бағалау парағы және жиналған фишкалар бойынша топтар бағаланады.