Эссе Мұғалім шеберлігі - оқушы жеңісі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе Мұғалім шеберлігі - оқушы жеңісі

Төлжан Айжан Пайызханқызы

жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі

Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебі

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылы



«МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ - ОҚУШЫ ЖЕҢІСІ» ЭССЕ

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді. Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу- тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Сонымен қатар мұғалім шеберлігі үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оларды түсіне және сүйе білетін, өз қалауымен жұмыс істейтін әр ұстаздың қолы жетуі мүмкін. Мұғалім - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Қазіргі қарқынды дамып отырған әлемде туындап отырған білім беру саласына қойылған міндеттерге сай осы жүйе жұмысын да жаңаша, қайта қарау қажеттіліктерінің туындауы, Қазақстандық білім жүйесінің Кеңестік білім жүйесі формативінде қалып қоюы және тағы да басқа көптеген шешімін таппаған мәселелер - «Мұғалімдер XXI ғасырда оқушыларды қалай дайындайды?» деген күрделі мәселені туындатты. Осы мәселелерді шешу бағытында Экономикалық Ынтымақтастық және даму Ұйымы жасаған Құзіреттерді Анықтау және Іріктеу Жобасы дағдыларының моделі негізінде жасақталған қазақстандық мұғалімдерді оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оқуын барынша жекешелендіру және бала бойында метасананы қалыптастыруға арналған бағдарлама қабылданды.

Осы бағытта Тараз қаласында ұйымдастырылған I деңгейлік оқуға келдім. Қай кезде де жаңалыққа құштар, білмегенімді қалай да үйренсем деп талпынатын менің оқудан алған әсерім, үйренген жаңалығым аз емес. Бұрын оқушыны тек бала деп қабылдап, өзіміздің оқыған - білгенімізді айтып берумен шектелетін болсақ, жаңа бағдарламаның ерекшелігі - оқушыға дайын нәрсені бермей, өзі ізденуіне нұсқаушы болу. Бұл тек мұғалім шеберлігімен іске асатын жұмыс. Жалпы бағдарламада қоғамдағы мұғалімдер роліне, мұғалімдердің атқаратын қызметінің өзгеру формалары мен заман талаптарына сай қалай оқу керектігін білетін, өзін еркін ұстап, өзіндік дәлел -уәждерін нанымды жеткізе алатын ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру мүмкіндіктеріне үлкен мән беріліп отыр. Оқытудағы Кембридж тәсілі - оқушы ойлауын дамыту, білім алушының бұрынғы алған білімі мен мұғалімнен, оқулықтар мен сыныптастарынан, ғаламтор мен басқа да дереккөздерінен жинақталған білім негіздерін өз бетімен, топ ішінде немесе сыныпта жаңа түсініктер мен қорытындылар жасауға негізделген. Дәстүрлі оқытудағы өмірмен байланыстырылмаған, механикалық есте сақтау нәтижесінде жинақталған білім өмірде көп қолданылмай, уақыт өте ұмытылып қалатын болса, жаңа тәсілдің негізгі мақсаты оқушының пәнді терең түсініп, жинақталған білімді өмірдің кез келген жағдайында тиімді пайдалану болып табылады. Тиімді оқыту талаптары табысты оқыту мен құзырлы мұғалім терминдеріне жетелейді.

Кембридж университеті және Қазақстандағы Назарбаев зияткерлік мектебі бірлесіп дайындаған бұл нұсқаулықтан мен бетпе - бет және қашықтықтан оқыту кезеңдерінде өзіме көптеген тыңғылықты мәліметтер, жаңа көзқарастар, дәлірек айтқанда қалай оқыту керектігі туралы жаңа идеяларды, әдіс тәсілдерді алдым. Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Информатика - оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау құралын беретін пән болып табылады.

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Бұл ұстанымның негізгі факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай білуі болып табылады. Ол үшін Шульманның (2007) пікірі бойынша мұғалімнің «үш көмекшісі» бас (кәсіби түсінігі), қол (оқытудың тәжірибелік дағдылары), жүрек (кәсіби адамгершілік тұтастығы) қажет. Осы «үш көмекшіні уақытымен, орынды «жұмсай білген» шебер мұғалімнің оқушысы ғана тек биіктерден көрінеді. Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой - пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы әдіс тәсілдерді меңгергенде ғана жан - жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра аламыз.


© 2010-2022