Коучинг Бағалау-өзін-өзі реттеудің жолы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Өзін-өзі бағалау және реттеу

Жалпы мақсаты:

1.Бағалаудың түрлі нысандарын түсіну.

2. Бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеу.

3. Дұрыс бағалау әрбір мұғалімге оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынына көз жеткізу.

4.Дәстүрлі бағалау жүйесі мен бағалаудың заманауи тәсілдерін салыстыру арқылы жаңа ой қалыптастыру

Коучингте күтілетін нәтижелер:

1. Бағалау түрлерімен танысады, тиімділігін біледі

2. Дәстүрлі бағалау жүйесі мен бағалаудың заманауи тәсілдерін салыстыру арқылы жаңа ой қалыптастыру және қолдана білу

3. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылықтарын біледі

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Бағалау жайлы жалпы түсінік қалыптасады және оқытудағы бағалаудың техникалық тәсіл ғана емес,баланы дамытушы, ынталандырушы және күш-жігер беруші ұғым.

Қатысушылар : 12-әріптес.

Коучингтің жүргізілу барысы:


Жүргізілу тақырыптары:

Тақырыптар мазмұны.


Ұйымдастыру сәті

Әріптестермен амандасу. Әріптер таратылып 3 топқа бөлу. Алынған әріпке сәйкес топта неше адам болса, сонша сөзден тұратын сөйлем құрастырады (А, Ж, С)

Миға шабуыл

Сіз қалай бағалайсыз? Ментальды картамен жұмыс.

1-тапсырма.

Презентация

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы мәлімет беру

2-тапсырма.

Бейнеролик

Бейнефильм көрсету

Бағалауда қандай кемшілік бар? Еркін микрофон.

3-тапсырма. Постер жасау

Сабақтарыңызда оқушылар өздерін, бір-бірін қалай бағалайды? Әділдік болмаса не істеу керек?

4-тапсырма.

Ролдік тапсырма

Барлық топқа тапсырма:оқушыны бағалауды ынталандыруды сиқырлы сөздермен, жест мимикамен, әзілмен, ашумен қойып көрсету. Бағалаудың әсерін талдау.

Қорытынды, кері байланыс

А(жоғары қараған), В(ортада),С(төмен қараған) бас бармақ арқылы коучинг сабақтың бағасын беру

Дереккөздер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 37-43 беттер

2.You Tobe арқылы алынған видеороликтер

3.45minut.kz «бағалау түрлері»

Падаланатын материалдар

1.Ватман, маркер, түрлі-түсті қағаз

2.Слайд, видеороликтер.

Қолданылатын әдістемелер

  1. Миға шабуыл

  2. Топқа бөлу.

  3. Постер жасау

  4. Ролдік ойындар

  5. Рефлексия

Коучинг Бағалау-өзін-өзі реттеудің жолы

© 2010-2022