Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңі

5 сынып.Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңі.Сабақтың мақсаты: Білімділік: қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның дауылды суреттеудегі сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін ұғындыру.Дамытушылық: өлеңнің, сөздің астарына мән беруге, идеясын түсініп, пікір алмасып, талдай білуге, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге, жан-жақты болуға дағдыландыру. Тәрбиелік: табиғат Ананы құрметтеп, аялай білуге, елін-жерін сүюге...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңіКүні,айы,жылы: 06.03.2012ж.

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, ақынның дауылды суреттеудегі сөз қолдану ерекшелігін, суреттеу шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық: өлеңнің, сөздің астарына мән беруге, идеясын түсініп, пікір алмасып, талдай білуге, өз ойларын әдеби тілмен жеткізе білуге, жан-жақты болуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: табиғат Ананы құрметтеп, аялай білуге, елін-жерін сүюге, патриоттық сезімін оята отырып, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, талдау, пікірталас, ой қозғау.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Қажымұқан» хикаятын толық оқып, қайталау;

  • Қазақстанның қазіргі таңдағы спортшы аға-апалары туралы мәлімет тауып келу.

Өткен сабақты бекіту:

Оқушылар өткен тақырып бойынша бір-біріне кезекпе-кезек сұрақ қояды. Сұрақтардың барлығына жауап қайтарылған жағдайда, класс «алтын медальға» ие болады.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

  • Балалар, өткен жылы Қасым атамыздың 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Осыған орай «Қазақстан Ұлттық Телеарнасында» ақынның шығармашылық өмір жолына арналған естелік түсірілген болатын. Соған назар аударайық.

Слайд көрсетіледі.

  • Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтан ақынның «Дауыл» өлеңін мәнерлеп оқимын (үнтаспадан дауылдың даусы баяу қосылып тұрады). Содан соң кезекпе - кезек 1 - 2 оқушыны мәнерлеп оқытамын.

  • Сөздікпен жұмыс (слайдтан көрсетіледі).

Дауыл - жойқын күшті және едәуір ұзақтықтағы жел.

Жасын - найзағай.

Түндік - киіз үйдің төбесіндегі жабу.

Шаңырақ - киіз үйдің төбесі.

Сырғауыл - жіңішкелеу келген ұзын ағаш.



  • Талдау жұмысы.

Өлеңнің тақырыбы - табиғаттың тылсым құбылысы - дауылды суреттеу арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі - қайсар рухтың мақсатқа жеткізетіндігі туралы жырланған.

Өлеңнің идеясы - табиғатты сүюге үндейді, табиғат құбылыстары мен адам мінездері ұқсас болып келетінін айтады.



  • Дәптермен жұмыс.

Өлеңнің құрылысына жазбаша талдау жасату.

Ыш-қы-на соқ-қан да-уыл-ға а

Құ-мар-ту-шы ем жа-сым-да. б

Нө-сер-леп құй-ған жа-уын-да б

Қы-зы-ғу-шы ем жа-сын-ға. а

8 буын, 4 тармақ, 1 шумақ, шалыс ұйқас.



  • Ой қозғау.

Слайдтан дауылдың көрінісі бар видео көрсетіледі.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын, өзінің пікірін еркін жеткізе білуді қалыптастыру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Балалар, ақынның өлеңіндегі дауылдың көрінісі мен жаңа көрсетілген бейне баяннан қандай әсер алдыңдар?

  2. Дауылды қалай сипаттар едіңдер?



  • Қызығушылықты ояту.

Слайдтағы сурет пен үнтаспаға жазып алынған сөздерді қолдану арқылы көркем әдебиетке қызығушылығын ояту. Оқушыларға үнтаспаға жазылған Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының «Балықшылар» үзіндісінен алынған дауылдың сипаты тыңдатылады.

ІІІ. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында «инсерт» кестесі пайдаланады.

Не білдім?

Не білгім келеді?

  1. Қ.Аманжоловтың шығармашылық жолын.

  1. Дауылдың қандай түрлері бар?

.................

...................

IV. Қорытындылау.

Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,

Бақытын ойламайтын құр басымның.

Тымырсық, түнек болсаң - дұшпаныңмын,

Ақ көңіл, адал болсаң - сырласыңмын.



Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

Өртке тиген дауылдай өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтасың!-деп

өзі жазғандай, Қасым өлеңдері өлмек емес.

Үйге тапсырма.

  1. Қ.Аманжоловтың «Дауыл» өлеңін жаттап келу;

  2. Өзіңді табиғаттың қандай күшіне теңер едің?

V. Бағалау.

Оқушыларды деңгейлеріне қарай бағалау.



© 2010-2022