Түрлі түсті қағазбен жұмыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Түрлі түсті қағазбен жұмыс

Мақсаты: баланың қиялын дамыту.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Баланы сабаққа әзірлеу.

ІІ. Түрлі -түсті қағаздармен жұмыс.

  • Біз бүгін түрлі-түсті қағаздан кемені бейнелейміз. Суды көк түсті қағаздан кесіп аламыз. Кеменің желкенін қызыл түстен кесіп алуымызға болады. Қайшымен жұмыс жасағанда сақ болуымыз керек.

Балаға қағаз, қайшымен жұмыс жасату.

  • Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

  • Сен тағы не жасар едің?

ІІІ. "Құстың ұшуы"

"Бізге жиі керемет түстер енеді. Түсімізде біз ханшайым мен хор қызына, қоянға, тиінге айналып кетеміз, құс пен аң тілін түсінеміз. Біз әдемілік пен жеңілдік құпиясын біліп, жер үстінде ұшып, таза, тынық көгілдір аспанды сезінеміз. Ол көлге қатты ұқсайды, онда сенің денең суда жүргендей жеңіл әрі икемді. Аспан-ғажайып құстардың көгілдір хандығы. Олардың ең әдемісі - аққу: қар секілді аппақ, ұзын мойынды, алтын тұмсықты құс.

Тамақтарыңды жоғары көтеріңдер. Иә, аққудың мойны дәл осындай. Арқаңды тік ұстап, иықтарыңды түзет. Сен кереметсің. Көздеріңді жұм. Кәнекей, құстар секілді тыныс алайық. Демімізді ішке тартамыз - оны шығарамыз. Демдеріңді сыртқа шығарғаннан кейін өзіңе "Мен аққумын!" деп айт. Аққу мойны алға созылыңқы, арқасы тіп-тік. Қолдарыңды кеңінен жай, - бұл сенің қанаттарың, кең әрі бірқалыпты, жарайсың!

ІҮ. Сабақты қорытындылау. Түрлі түсті қағаздан бірнеше бейнелерді жасап картон бетіне орналастыруды үйрету.


© 2010-2022