21-ғасыр көшбасшысы 5-6 сыныптар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Ойынның мақсаты:

1) Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.

2)Көпшілік алдында еркін сөйлеуге,өз білімін көрсетуге,шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

3)Өзін-өзі басқаруға,ұйымшылдыққа,адамгершілікке,қайырымдылыққа баулу.

Жүргізуші:

Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!

Сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Әділ қазы,ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап,әділдікпен шеше біл!-деп,бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

Жарыс десе жаныңыз,

Жасырғанды табыңыз.

Күш сынасып көріңіз,

Алғырлар мен тапқыштар,

Бар өнерін салады.

Білімді,көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады деп бүгінгі интеллектуалдық сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.5 бөлімнен тұрады.

I бөлім - Бәйге

II бөлім - Жұмбақ сандық

III бөлім - Полиглот
VI бөлім - Ақтық мәре
V бөлім - Көшбасшы

Таныстыру:

5 «А» Қонақбаева Маншүк 6 «А» Мырзатаева Айнура

5 «Ә» Кенжеғулова Бағила 6 «Ә» Курамисов Асылбек

5 «Б» Тұрғанбаева Меруерт 6 «Б» Бахтыев Асылбек

5 «В» Омаров Мұрат 6 «В» Сапарова Гүлнұр

5 «Г» Бегмуратова Нуршад 6 «Г» Багдашова Фарида

5 «Ғ» Қуатова Гүлстан 6 «Ғ» Кошинова Құралай

І бөлім - Бәйге
Бөлімімізді бастайық. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда - демекші, қане, көреліік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып, қолдарыңызды көтересіздер. Бірінші болып көтергеніңіз жауап бересіздер. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі ойыншы жауабын айтуына болады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады

1 - Сиырдың пірі /Зеңгібаба/
2 - Жылдан құр қалған жануар /Түйе/
3 - Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі
/Карта/
4 -« Рух пен тіл» әнінің сөзі мен әнін жазған кім?
5 - Ұя салмайтын құс /Көкек/
6 - Білім министрі /Бақытжан Жұмағұлов/
7 - Оян, қазақ! өлеңінің авторы /Ахмет Байтұрсынов/
8 - Біржанмен айтысқан ақын қыз /Сара/
9 - Заттың қимылын білдіретін сөз табы /Етістік/
10 - Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр

11. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
12. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
13. Басты байлық ( денсаулық)
14. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
15. Қара алтын( мұнай)
16. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
17. 12 ай( жыл)
18. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
19. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
20. Абайдың әжесі ( Зере)
21. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
22. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)

23. Жыл басы ( тышқан)
24. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)
25. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер - министр)
26. Ақ алтын ( мақта)
27. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
28. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
29. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні
30.16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)

Әділқазыларға сөз береміз, ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі - демекші сайысымыздың

ІІ Бөлімі - Жұмбақ сандық деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын.

40 40 40
30 30 30
20 20 20

Қазақ тілі арнайы сұрақ - 40 сол жақ:

3 жұрт - өз, нағашы, қайын жұртың
3 арсыз - ұйқы, күлкі, тамақ арсыз
3 қуат - ақыл, жүрек, тіл қуатты
Математика - 40 оң жақ: Тік бұрыштың ауданын қалай табамыз?
Ұзындығы мен енін табамыз.
Қазақстан тарихы - 40 ортасы: Қобыланды батыр қай ханның билік құрған
тұсында өмір сүрген? Әбілхайыр хан
Қазақ тілі - 30 оң жақ: Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем
Қазақ әдебиеті - 30 ортасы: Менің атым Қожа повестінің авторы кім?
Бердібек Соқпақбаев
География - 30 сол жақ: Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Компас
20 - оң жақ: ОЛЖА
Музыка - 20 ортасы: Айтыс дегеніміз не?
Қазақ әдебиеті 20 сол жақ: Абай Құнанбаевтың әжесі Зере
Әділқазыларға сөз береміз, ұпай саны төмен ойыншымен қоштасамыз.

ІІІ бөлім: Полиглот (5 ұпайдан)

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте, - дей келе екінші «полиглот» кезеңін бастаймыз. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен ерекшеленеді.. Ендеше бастайық

Шарты: Жұмбақтардың шешуін үш тілге аудару керек.

1. Сырт - сырт етіп соғады

Кеудесінде жүрегі.

Өзі тілсіз сөйлейді,

Жансыз оның жүрегі. (Сағат)- часы-clock (клоок)

2.Жарқылдаған қос қылыш

Қолың тисе, жоқ тыныш. (Қайшы) Ножницы- Scissors (сизорс)

3. Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. Ай, жұлдыз- Луна,звезды-Moon,Star( мун ,стар)

4. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап,книга, воок) ( бук)

5. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ. (Мысық - кот - cat) (кэт)

6.Ердің(екі) сөйлегені өлгені. (екі - два - two)

Қорытынды жасаймыз. Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.


8. Ұпай санын білсек. Ұпайы 2 аз оқушы ойыннан шығады.Ендігі

IV бөлім: Ақтық мәре.төрт оқушыға мақал жасырылады.Жалғасын табу.

1.Мектеп кеме -(білім теңіз)
2.Батырмен ел көгерер, (жаңбырмен жер көгерер)

3.Оқусыз білім жоқ, (білімсіз күнің жоқ)

4.Білекті бірді жығар,(білімді мыңды жығар)

Қорытынды: V бөлім: Көшбасшы

Ән: «Қазақтай ел қайда» орындайтын 5-сынып оқушылары

Әділ - қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.3-оқушыны марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың - деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер.Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!







© 2010-2022