Конспект по казахский на тему Жанды білім

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

«№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Изимова Акмарал Боранбаевна


Жанды білім

Эссе.

"Біздегі барлық адамгершілік, шындық, мейрімділік - бәрі нұр, ізгілік білім. Тәрбиесіз берілген білім - бос."
Николай Пирагов

Адамзат баласы 21 ғасырда жаһандану заманында жүріп тұрам және жұмысты жеңілдетем деп техниканы ойлап тапты.Әр түрлі жаңалықтар ашты,айға да қадам басты.Бірақ басты байлықты ұмытып бара жатқанын өздері де түсінбейтін сияқты.Бұл байлық дегеніміз - адамның рухани жан дүниесі,ал ғылыми тұрғыда атайтын болсақ - моральдық заңдар.Осы заңдарды ұмытып адамзат баласы үлкен қасіретке тап болды. Олар: лаңкестік іс-әрекеттер, қанау,тонау,қу дүние үшін адам өмірін қию сияқты жантүршігерлік әрекеттер.Осындай қасіреттің басты себебі неде?Себебі тәрбиесіз берілген білімде.Мұндай қасіреттен қазір құтылмасақ, «ақырзаман» деген сонда болмақ.Ол үшін қазақ халқы «Ел болам десең,бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған.Осы тұрғыда мектептерде философия,педагогика және психология ғылымдарының ықпалдастығынан туындаған «өзін-өзі тану» пәні ашылды.Бұл пәннің міндеті балаларға тек қана білім беріп қоймай,сонымен қатар рухани- адамгершілік заңдарын бойына сіңіру.Ол үшін осы пәнге «жанды білім» түсінігі енгізілді.Педагог әрі психолог және ұлы тұлға Ш.Амонашвили бұл тұрғыда былай дейді «Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жансыз білім емес, жанды білімді аңсайды»Ендеше осы ұғымды кеңінен қарастырайық.

Жалпы білім берудің өзі екі аспектіден тұрады.Олар: интеллектуалды білім (сыртқы білім ақыл үшін.) және рухани - адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін). Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Ол үшін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту жолдарын анықтауымызға тура келеді.
Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:
Сыртқы ықпалдасу ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)
Ішкі ықпалдасу ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы)
Әрбір пәннің мазмұнына рухани-адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуі берілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану мен рухани-адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады.
Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мәнін және оның басқа философиялық ұғымдармен өзара байланысында қарастырылады. Интеграция ( лат. integratio - восстановление, восполнение, integer - целый) жекелеген дифференцияланған бөліктердің тұтаспен байланыс күйін әрі осы байланысқа алып келетін үдерісті білдіретін жүйе теориясының ұғымы.
Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:
рухани-адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.
Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін - өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы - адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.

Сыртқы білім: сыртқы интеллектуалды,сыртқы дүниені зерттеу,кітаби білім (тәжірибесіз) қалауларды оятады,дүниеде күнкөріс үшін интеллектті дамытады.Ал ішкі білім: ішкі рухани - адамгершілік,ішкі дүниені зерттеу,практикалық білім (тек тәжірибе арқылы),әр адамның жүрегіндегі жалпы адамзаттық құндылық өмірлік мақсаттармен байланысты интуицияны дамытады,жүрекке қарасты сананы оятады.Білім тек табыс үшін емес,мағыналы,сыйластықпен,рухани-адамгершілікпен өмір сүруге үйретеді.

Рухани-адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы мысалдар келтірейік.
Биология пәнін оқыту барысында: Бағзы замандарда ата - бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелейміз. Себебі, оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі.Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! - деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған.
Физика. Магнит өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез - келген заттарды бір - біріне үйкелеп, соңынан бір - бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады, яғни бұдан шығатын қорытынды: рухани жақын адамдар бір-біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп, сыйластықта бола алады.
Қорытындылай келе айтарым мынау:

Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.

© 2010-2022