Мазмұндама Әкемнің әңгімесі 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Әкемнің әңгімесі»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз ойларын дұрыс әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихын қастерлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: бақылау сабағы

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Пәнаралық байланыс: тіл

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру.

Әкемнің әңгімесі

Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғаған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің қөңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.

Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ма екен?» - деген күмәнді қарсылығына:

  • Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады. Тамырын тереңге жібере алмаған дорақтың қашан да ғұмыры келте, - дер еді.

Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері Орта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат тұяғымен таптаған жойқын күштің қаһарынан қаймыққан кейбір қала әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрадфы...

Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайыр хан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатқын жігіттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарады. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу - тәрбие атаулының ұлысы.

1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Әкемнің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Үш әжей Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

-Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін, - деп мойныма тақты.

Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметті сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.

(М. Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»)


  1. Мазмұндама бойынша жоспар құру.

1) Бабалар жайлы әңгіме.

2) Туған жер туралы толғау.

3) Отырар оқиғасы.

4) Бір уыс топырақ.


  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Дарақ, кейуана, тұмар.

ІІІ. Сабақтың аяқталуы.




























© 2010-2022