Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»

 Аты –жөні, тегі:  Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы   Туған жылы: 25.07.1983 ж. Мектебі: №9 орта мектеп Мамандығы: Информатика пәнінің  мұғалімі Жұмыс өтілі: 12 жыл Санаты: ІІ         Тақырыбы:   «Мен - Қазақстанның болашағымын»                                                 Мақсаты: 1. Мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу 3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу Түрі:   мамандық таңдау кеші Көрнекілігі:   слайдтар, жарнамалар, нақыл сөздер              ( сынып оқушылары кезектесіп отырған, ортада үстел т...     «Менің елім-Қазақстан!». Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.               1-жүргізуші:  Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатының артуына, еліміздің көркейіп,нығаюына үлес қосу- басты борыштарыңыз деп санаймыз. 2- жүргізуші:  Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шә...                         
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»

Аты -жөні, тегі: Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы

Туған жылы: 25.07.1983 ж.

Мектебі: №9 орта мектеп

Мамандығы: Информатика пәнінің мұғалімі

Жұмыс өтілі: 12 жыл

Санаты: ІІ

Тақырыбы: «Мен - Қазақстанның болашағымын»

Мақсаты:

1. Мектеп бітірушілерге бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Түрі: мамандық таңдау кеші

Көрнекілігі: слайдтар, жарнамалар, нақыл сөздер

( сынып оқушылары кезектесіп отырған, ортада үстел тұрады- қонақтарға арналған)

Екі жүргізуші шығады ортаға: ( екі сыныптың апайы)
1- бөлім: /мамандармен кездесу/

1-жүргізуші:Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мамандық таңдау кешіне қош келдіңіздер! Кешімізді бастамас бұрын экранға назар аударайық!

(жарнама видеороликпен көрсетіледі)

Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»

2-жүргізуші: ( Н.Назарбаевтың суреті мен сөзі шығады)

«Менің елім-Қазақстан!». Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»

1-жүргізуші:

Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатының артуына, еліміздің көркейіп,нығаюына үлес қосу- басты борыштарыңыз деп санаймыз.

2- жүргізуші:

Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

1-жүргізуші:
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 пайызы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық - дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.

2- жүргізуші:

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Атақты ақиық ақын Мұқағали ағамыз: «Адам өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек, біріншісі-жар таңдау, екіншісі- мамандық таңдау» деген екен.

1-жүргізуші:

Олай болса ортаға ,бүгінгі кештің қонақтары, ауылымызға белгілі бір маман

иелерін шақырайық!

2-жүргізуші:

Бисенова Гүлфайруз №9 орта мектептің медбикесі, Қабдығалиев Амантай-

ауылымыздағы теміржол вагон депосының вагон қараушысы, яғни теміржолшы.

Жолмұханова Бағила- мұғалім, психолог, мамандығы- тарих пәні мұғалімі,

Қидасов Аманжол №9 орта мектептің жасөспірімдер инспекторы, №9 орта

мектептің медбикесі Нұрсәуле

1-жүргізуші: Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер. (өздерін таныстырады)

2-жүргізуші: Сіздерге оқушылардың дайындаған сұрақтары бар екен, соны

тыңдап, жауап беріп отырсаңыздар!

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

/өнер көрсетіледі./ ән: Баянқұлова Алтынай «Қазақ елі»

2- бөлім: тренинг

(оқушыларға түрлі геометриялық фигуралар таңдауға ұсынылады, соған байланысты, олардың қасиеттері мен қабілеттері шешіледі)

1-жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін - жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Олай болса, кезекті психологиялық сәтке берейік.

Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»/ 2-жүргізуші ойын барысын түсіндіреді/
Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат.

Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілеті баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.

Зигзаг. Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»

САшық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»енде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер.

Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

ҮАшық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»шбұрыш.

Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар. Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
1- жүргізуші:

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс - табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

3-бөлім

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз осы отырған барлық кешке қатысушылар пікірін тыңдау болады. Сондықтан атсалысып отырайық.

Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.

Біз бұл пікірге келіспейміз, себебі адам қанша өмір сүрсе сонша білім алуға, өмір талабына сәйкес мамандығын өзгертуге немесе тұрған жеріндегі өндіріске байланысты қайта мамандануына болады деп ойлаймыз.

Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

Бұл пікірге де келіспейміз, өзіңнің икемің, бейімің немесе сол мамандыққа ынта

ықыласың болмаса ақшаға сатып алған мамандық саған өмірлік кәсіп болмасы

анық.

Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.

Бұл пікірмен сөзсіз келісеміз.

Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады.

Шын мәнінде қазіргі кезде мамандық таңдауда отбасының ықпалы көбірек әсер

ететіні жасырын емес.

Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.

Несі бар қазір зейнеткерлер де үйде бос отырғысы келмейді, сондықтан жағдайы

болса неге жасына қарамай-ақ мамандық таңдамасқа.

Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.

Бұл пікірге де қосыла алмаймыз, себебі білім алу оқу орнына емес өзіңе

байланысты тіпті әуелі кәсіптік білім алып кейін жұмыс істей жүріп біліміңді

сырттай жоғарлатуға да болады.

Ақша болса мамандық қажет емес.

Әрине бұл пікірде дұрыс емес, егер сенің белгілі бір мамандығың немесе кәсібің

болмаса ақша қайдан келеді. Жақсы, ата-анаңның байлығы саған мұра болып

қалсын дейік, бірақ оны да әрі қарай өсірмесең күндердің күнінде таусылады ғой.

Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.

Әрине, кейде біз өзімізде қызығушылығымыз бен қабілетімізді айыра алмай

қателесуіміз мүмкін сондықтан психологтің көмегі артық емес.

Мамандық таңдаудағы басты өлшем-қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.

Иә, алған мамандығың үлкен сұранысқа ие болып оқу бітірісімен мамандығың

бойынша жұмысқа орналасатын болсаң оған не жетсін.

Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.

Қазіргі заманда мамандық алмас бұрын сол саладағы табыстың шамасы қандай

деп сұрамайтындар кемде кем шығар.

1-жүргізуші:

Кезекті кеңеске берейік:

4-бөлім: Мамандық таңдауға кеңес беру

Егер сен бала кезіңнен дәрігер немесе инженер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның дұрыстығына күмәнданбасаң - сенде ешқандай проблема жоқ. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе «жас физик» үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.

Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орнына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.

Мамандықты таңдау мәселесінің мазалауы өте жақсы - бұл сенің әлеуметтік және психологиялық кемелденгеніңді білдіреді. Егер саған бәрібір болса, ең жаманы сол: ата-анаң қолыңнан жетелеп заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.

Кәсіби өз тағдырын өзі шешудің қиыншылықтары балалардың екі бөлімде пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген. Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды.

Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар оқуда және белсенділіктің формалары, мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар. Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ.... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.
Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары сай келуі керек. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады. Егер сен техниканы ұнатсаң - онда оған деген қызығушылық инженер - конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.

Кез келген мамандық адамда «кәсіби маңызды сапалар» деп аталатын сапаларды талап етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге - бейнелік ойлау және т.б. Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес ҚАБІЛЕТТЕР бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.
Жүзеге асыратын мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі керек. Егер сен қарым-қатынасқа жоғары деңгейде түсе алатын болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар орнатумен байланысты мамандық таңдау қажет. Егер эмоционалды тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың.
Сонымен, мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзіңді тануың қажет. Сен өзіңе «Мен қандаймын?», «Осы әлемде мен кіммін?», «Немен өмір сүремін?» деген сұрақтарды жиі қоятын шығарсың. Өзіңді жақсы тануға және бұл сұрақтардың бір бөлігіне жауап беруге қарапайым жаттығу көмектеседі: өзіңе басқа адамның көзқарасымен қара. Өзің жақсы білетін нақты адамның, мысалы, досыңның, партада бірге отыратын көршіңнің, анаңның немесе сүйікті қызыңның көзқарасымен. Өз қылықтарыңды басқа адам шынайы мотивтерін білмей қалай түсіндіре алса, сондай етіп түсіндіруге тырыс. Сені басқа адамдар қалай көретінін түсінесің, бірақ екінші жағынан, субъективизмнен айырыласың, өйткені өз кемшіліктерін көру адам үшін өте ауыр. Сенің мінезің әлі қалыптасуда, сондықтан өзіңе ярлык жапсыруға және артист мамандығынан сен өзіңді «ұялшақпын»деп есептеуіңе байланысты бас тартуыңа болмайды.

Күрес, өзіңмен жұмыс жаса, өзіңді таны.

Адамның психикалық қасиеттері (қабілеттер, қызығушылықтар немесе мінез сипаттары) өте майыспалы, өзгергіш сапалар екенін естен шығарма. Музыкаға деген қабілеттері жоқ, бірақ онымен айналысуға тілектері өте жоғары адамдарда, музыкалық естуді дамыта алғандықтары жайлы жағдайлар өте көп. Ең бастысы-қызығушылық; қабілеттер іс-әрекет барысында қалыптасатындығын есте сақта. Еңбектенуге, жұмыс істеуге дағдылан. Жалғыз қабілеттермен алысқа бармайсың. Екінші жағынан, қызығушылық - тұрақты зат емес. Көптеген балалар қандай да бір оқу пәнін жақсы көреміз деп ойлайды, бірақ шын мәнінде оларға мұғалім өте ұнайды. Сонымен бірге саған психология немесе экономика пәндерінің ұнайтындығын түсіну қиын, өйткені бұл пәндерді мектеп қабырғасында оқытпайды....

Мамандық таңдауда қателік жасамас үшін мамандықтар әлеміне деген қатынас шеңберін кеңейту керек. Ересектерге олардың кәсіби іс-әрекеттері жайлы сұрақтар қойыңдар - әдетте, адамдар өздерінің нақты жұмыстары және студенттік өмірлері жайлы үлкен тілекпен айтып береді. Сол кезде сен бұл аймақ саған қызықты ма, әлде сен өз құжаттарыңды тапсырғалы отырған мамандықтың тек атын ғана білетіндігіңді саналы шеше аласың....
Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта.

Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, «Информатика» мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: УНИВЕРСИТЕТТІҢ беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы. Қағазға ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытынды:

1-жүргізуші: Қонақтар үшін «Еңбек», «қуаныш», «бейнет», «болашақ», «егемен», «ертең»,т.б тақырып аясында айтылатын сөздер беріледі. Осы сөздерге жақсы тілек айтады. Оқушыларға жүрекшелер беріліп, соған өзінің болашақта кім болатынын жазып, бір ауыз сөзбен өз ойларын айтып, Жер шарын Қазақстанды көркейтер осы маман иелері екенін дәлелдеп, жапсырады.

Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген екен. Олай болса, еліміздің егеменді еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда, еліміздің көркейіп дамуына үлес қосатын болашақ маман иелері - сіздерсіздер!

2-жүргізуші:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімізді білдіреміз!

Қош сау болыңыздар!

Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»



Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»Ашық тәрбие сағаты. «Мен - Қазақстанның болашағымын»


© 2010-2022