Көкөністер, олардың маңыздылығы

КүніПәні: коррекциялық сабақСыныбы: 2бТақырыбы: Көкөністер, олардың маңыздылығы.Мақсаты: Оқушының қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту. Көкөністердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Көкөністердің сабақта және жер астында өсетіндігі туралы түсінік беру.Әдіс - тәсілі: сұрақ – жауап.І. Ұйымдастыру жұмысы.а) Оқушымен амандасу.б) Баланың көңіл- күйін, оқу құралдарын анықтау.ІІ. Көкөністер, олардың пайдасы. Көкөністер — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен кө...
Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Пәні: коррекциялық сабақ

Сыныбы: 2б

Тақырыбы: Көкөністер.

Мақсаты: Оқушының қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту. Көкөністердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Көкөністердің сабақта және жер астында өсетіндігі туралы түсінік беру.

Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап.

І. Ұйымдастыру жұмысы.

а) Оқушымен амандасу.

б) Баланың көңіл- күйін, оқу құралдарын анықтау.

ІІ. Көкөністер, олардың пайдасы.

Көкөністер - тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыр-жемістілер - сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр,қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, бұршақ, атбас бұршақ, қант жүгерісі; жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)- басты пияз, сарымсақ, батун жуалары. Картоп пен хош иісті дәмді анис, кориандр, кресс салат, тмин,жалбыз, ма қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер - бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердіңболуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол.

ІІІ. Көкөністер туралы жұмбақтар.


  • Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,

Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.

Ішінде көп балапан етер мекен,

Ас қылып сойып жесең балдай екен. Қарбыз

  • Құдая, құдіретіңнің панасынан,

Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,

Анасы туады екен баласынан. Қауын

  • Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні. Сәбіз

ІҮ.Сергіту сәті:

Маймақ аю қорбаңдап

Келе жатыр орманда

Тауып алып көп жаңғақ

Тығындады дорбаға

Бір мезетте жәу жаңғақ

Шекесіне доп тиді

Ашуланған ол маймақ

Ызыланып қомпиды.

Ү. Қорытынды:

ҮІ. Бағалау.



© 2010-2022