Ашық сабақ ПС – 1, 6 жинауыш-пресі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ...........................

Тақырып: Тығыздалған пішен дайындау машиналары


№ 7 сабақ тақырыбы: ПС - 1,6 жинауыш-пресі.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың трактор басқару дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыру, ПС-1,6 жинауыш-пресіне техник қарау жүргізу әдістерін үйрету, білім көрсеткішін жоғарылату.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. МТЗ-80 тракторы

  2. Аспаптар жинақталымы

  3. Нұсқамалық технологиялық карта

  4. Сүрту материалдары

  5. Жанармай құю жабдықтары жинақталымы

  6. ПС-1,6 жинауыш-пресі

Өндірістік жұмыстары өтетін оқу объекті: Оқу полигоны немесе гараж

Сабақтың барысы мен мазмұны:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1 минут

  1. Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

  2. Сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.

ІI. Арнайы технологиядан сұрақтар: 5 минут

  1. Пішен үшін орылатын шөпті ору тәсілдері?

  2. ПС-1,6 жинауыш-пресінің атқаратын қызметі қандай?

  3. Орылған шөптің ылғалдылығы қанша пайыз болуы керек?

IІI. Кіріс нұсқауы: 5 минут

  1. ПС-1,6 жинауыш-пресінің негізгі бөлшектері туралы түсінік беру.

  2. ПС-1,6 жинауыш-пресінің жұмыс істеу принциптерін түсіндіру.

  3. ПС-1,6 жинауыш-пресінің жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасының ерекшелігін түсіндіру.

  4. ПС-1,6 жинауыш-пресіне техник қарау кезіндегі қауіпсіздік техникасын түсіндіру.

Пысықтау үшін сұрақтар:

  1. Престі байлайтын құрылымдағы сермердің міндеті.

  2. Бәсеңдеткіш қандай қызмет атқарады?

  3. Жинауыш, ораушы, байлаушы, мікбастың міндеттерін түсіндіру.

  4. Байлауыш аппараты қандай бөлшектерден құралған?


  1. Оқушыларға іс-тәжірибелік тапсырма беру және олардың өзіндік жұмыстары:

  1. ПС-1,6 жинауыш-пресіне ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсету.

  2. ПС-1,6 жинауыш-пресін жұмысқа қосу.



  1. Ағымдағы нұсқау:

1-айналым: жинауыш-пресіне техник қарау өткізу.

2-айналым: жинауыш-пресін тексеру, қажет болған жағдайда байлаушы аппаратты реттеу.

3-айналым: ПС-1,6 жинауыш-пресін жұмыс органдарының жұмысқа дайындығын тексеру

4-айналым: ПС-1,6 жинауыш-пресін жұмысқа қосу және орылған шөпті престеу.

  1. Жұмыс орнын тазалау: ПС-1,6 жинауыш-пресін трактордан ажырату, шаң мен ластан тазалау және тұраққа қою.

  2. Қорытынды нұсқау:

  1. Оқушының бағасын жариялау.

  2. Жақсы және нашар тараптарына талдау жасау.

  3. Оқушының сұрақтарына жауап беру.

  4. Сабақ қорытындысын шығару.


  1. Үйге тапсырма:

Ю.И. Воронов. 218-224 беттер.


Ө/о шебері: Искандаров Х.

© 2010-2022