Жаңа жыл 9-11 сыныптар

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жыл 9-11 сыныптардың ценарий

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, атаулы мереке алдында бәріміз үлкен дайындық жасайтынымыз анық. Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өткеніне не жетсін? Ендеше бүгін біз сіздердің назарларыңызға мектептегі 9-11 сыныптар арасында ұйымдастырылатын Жаңа жыл кешіне арналған сценарий ұсынамыз. Жігіт: Тарихтағы қазақтың, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, Ассалаумағалейкум!

Қыз: Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Жігіт: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем - бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.

Қыз: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Жігіт: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан Мешін жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Досов Болат ағайымызды ортаға шақырамыз!

Жігіт: Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар.

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Мешінді

Ұзатып сап Қой жылын !

Қой: Амансыңдарма балалар мен сіздермен қоштасып өзімнен кейінгі мешінге орын бергелі тұрмын.Еліміз тыныш отбасыларың аман оқуда әрқашан жоғары белестерден көріне беріңіздер, сау болыңдар балалар.

Мешін: Амансыңдарма балалар міне менде секіріп жетіп қалдым.Барлығымыз осы жылды көңілдегідей жақсы қарсы алып,думандатып өткіземіз деген ойдамын.Сіздермен бірге бүгінгі жаңа жылдық мерекені тамашалайын.

Қыз: Ортамыз нұрға толып,

Төрт құбыламыз түгел болды.

Жігіт:Ендеше келесі кезекті әр сыныптың әзірлеп отырған ерекше нөмірлі мерекелік кешіне берейік.

Қыз: Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,

Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.

Әнші ұлың ән салғанда беу шіркін,

Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар!

Жігіт: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Қыз: Сыр қалмасын көңілде ақтарылмай,

Бақытын өз елінде тапқан ұдай.

Тай құлындай жарысып бірге өскен,

Балауса балалықтың шақтарындай,

Қыз: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
Жігіт: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!



© 2010-2022