Қазақ тілінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№80 Қазақ тілі 5 сынып

05.02.16ж

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақ мақсаты:

1) VI модуль бойынша алған білімдерін тексеру;

2) Қисынды ойлау дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу икем, дағдыларын тексеру;

3) Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Білім, іскерлік пен дағдыны бақылау, бағалау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, топтық жарыс. тест

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық дайындық: шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздерімен бір-біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн құрбым!
Жұманың сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Шахматшылар» тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап беру. (143 бет, 4-тапсырма) «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы бір оқушы сұрақ қоюды, екіншісі жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттері айтылады.
Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлініп өз білімдерін сынап көреді. Алдымен, топтардың атын белгілейік. Ол үшін екі топтан бір оқушыдан шығып, үстелдегі қағаздарды алады. Онда топтардың атаулары жазылған. «Құштарлық», «Шыдамдылық»
Топтардың атауы анықталған соң топ басшылары сайланады.
1. «Ақыл-кеңестер» «Спорт» тақырыбына ақыл-кеңестердің жарысы. Кеспе қағаздарда жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

- Шынықсан, ...(шымыр боласын).

- Денсаулығынды, ... (жастайыңнан күт).

- Спортпен шұғылдан, ... (сергек жүр).

- Ертеңгісін жаттығу жаса, ... (көңілді жүресің).

- Спортпен айналыссаң, ... (оны ортасында тастама).

- Сымбатты және келбетті болғың келсе, ... (сортпен айналыс).

2. «Сөздер тізбегі» Сөздің соңғы дыбысына байланысты жаңа сөз айту. Мысалы: сабақ, қасқыр , т.б. «Құштарлық» тобына «Шахмат», «Шыдамдылық» тобына «Доп» сөзі берілді. Әрі қарай оқушылар өздері жалғастырып әкетеді. Ең көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді, әр сөзге бір ұпайдан беріледі.
3. «Аудармашы» жарысы. . Орысша жазылған сөздері бар кеспелер беріледі. Әр топ ойыншысы бір-бір сөзден аударып келесі оқушыға береді. Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңеді. Дұрыс аударылған әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі. (Модуль бойынша өткен сөздікті тексеру)
«Құштарлық»
1. Организм (ағза)
2. Влиять (әсер ету)
3. Дыхание (тыныс алу)
4. Дисциплина (тәртіп)
5. Правило (ереже)
6. Изменение (өзгеріс)
7. Скорость (жылдамдық)
«Шыдамдылық»
1. Серебро (күміс)
2. Взять (алу)
3. Оружие (қару)
4. Один на один (жекпе-жек)
5. Ловкость (ептілік)
6. Мышление (ойлау)
7. Слеза (тамшы)
4. «Кімнің күні жарқырайды?» Топ басшылары сайысы. Әр топтың басшылары шығып, Қазақстанның атақты спортшыларын кезекпен кезек атап шығады. Әр дұрыс айтылған есім бойынша тақтада күн және оның шуақтары жасалады. Әрбір күншуаққа 1 ұпай беріледі. Кімнің күншуағы және ұпай саны көп болса, сол жеңеді.
5.Сергіту.

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


6. Грамматикадан алған білімдерін тексеру.

Болымсыз етістіктерді қатыстырып, 5 сөз тіркесін жазыңдар.

7. Тест сұрақтарына жауап беру. 143-145 бет. Әр дұрыс жауап берген сұрақтарға бір ұпайдан беріледі.

IV. Бекіту: «Зерттеу жасау» ойыны арқылы денсаулықтың достары мен жауларын плакатқа сызба арқылы суреттеу арқылы меңгерген сөздік қорды тексеру.
VI. Қорыту.
VII. Үйге тапсырма. 145 бет, 1,2,3 сұрақтарға жауап беріп келу.
VIII. Бағалау. Оқушылардың топта жұмыс істеуіне байланысты бағалау.

© 2010-2022