Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Джузбаева Баян

Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен

оқушыларды жүйелі таныстыру.

ә) Дамытушылық: Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған суретшілердің

шығармаларын талдап үйрену.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбом, открытка, дидактикалық құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т. б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Живопись - қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.

Мүсін - әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.

Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түр-түрі көп өнер. Әрбір халықтың творчествосымен байланысты өнер.

Сәулет өнері - үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.

Натюрморт - жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.

Портрет - адаиның тұлғалық келбеті бейнеленген көркем туынды.

Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.

Тарихи - белгілі оқиғалар мен белгілі кезеңді көркем бейнелеп көрсететін шығарма.

Батальды - соғыс оқиғалары бейнеленген көркем туынды.

Анималистік - хайуанаттар мен жан-жануарлар бейнеленген көркем сурет.

Мына өнер туындыларына қарашы. Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.

.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз 2 cынып

Үйге тапсырма беру: Жанрларға байланысты тақырып

© 2010-2022