Баяндама Отбасы-тәрбие бастауы

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы- тәрбие бастауы

Отбасы-әр адамның шағын Отаны,шағын қоғам,қоғамның бір бөлшегі. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Қай халықта болмасын отбасы құрылған соң бала тәрбиелеу міндеті тұрады. Ата-ана баласын әлпештеп өсіреді. Заман талабына сай білім береді.Онда татулық, сенім, сүйіспеншілік қалыптасады. Отбасы мүшелерінің бәрі өз мүмкіндігіне қарай іс атқарады,оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі мұқтажы- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасау.

Отбасында қалыптасқан әдет -ғұрыптар бар. Үлкенді сыйлау,айтқан ақылдарын тыңдау, кішіге қамқор болу, яғни отбасы-тәрбие бастауы.

  1. Шаңырақ сәні - сыйластық.

Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады.

  1. « Ата-ананың ақылы- сайрап жатқан жолмен тең,

Ақылдының ақылы - сарқылмайтын көлмен тең ».

Заманымыздың басты мақсаттарының бірі- жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл болмайды.

« Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту», « Сезімді тәрбиелеу »,яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу» деген сөз. Парасаттылық дегеніміз- адамзатқа қызмет ету. Әр ата-ана өз перзентін мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата- аналық міндеті деп түсінуі керек. « Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы- жақсы тәрбиеленген адам » деген болатын грек философы Эпиктет. Бала - әр ата - ананың болашағы. Ол - оның өмірінің жалғасы.

I.Ой қозғау. Бала деген кім?

1. Бауыр етіміз. 7. Ізбасарымыз.

2. Болашағымыз. 8.Мұрагеріміз.

3.Үмітіміз. 9.Көмекшіміз.

4. Сүйенішіміз. 10.Жанымның саясы.

5.Өмірімнің жалғасы. 11.Ақылшым.

6. Асыраушым. 12.Бақытты қарттығым.

Біздің өз ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай болса, тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік. Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейсіз?

  1. Еріншектік. 4. Мақтаншақтық.

  2. Сараңдық. 5. Ызақорлық.

  3. Жалқаулық. 6. Ашуланшақтық.

Біздің балаларымыздың адамгершілік, моральдық бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата -ана өз баласына көп көңіл бөлуі қажет.

II. Қара ноқат. Тақтадағы суретте нені көргендерін айтады.

Төртбұрыштың ортасынан қара ноқат ( негізгі жауап; ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік ).

Мұндай жауап біздің көптеген проблемаларымыздың себебін түсіндіріп бере алады. Өйткені өмірдің көптеген көріністерінен біз оны қоршап тұрған ақ түсті аңғармай,тек «қара ноқатты » көреміз. Былайша айтқанда, бізге әр адамда міндетті түрде бар жақсы салаларды байқаудан гөрі оның кемшілігі мен әлсіздігін көру әлдеқайда жеңіл.

Өкінішке орай, бұл- осы заманның үлкен проблемасы. Бала алдында байқап сөйлеу, артық қимыл әрекетке бой алдырмау жағына көп көңіл бөле бермейміз.

Баламыздың досы, көршіміз, не болмаса мұғалім туралы жағымсыз пікірлерді бала көзінше айту, оған жағымсыз әсер етеді. Одан алатын нәтиже балада сол адам туралы кері пікір қалыптасады. Кейін ара - қатынастың сууына әкеп соқтырады.

Сондықтан, біздің өзіміз барлық жерде және кез-келген уақытта жақсы көруге үйренуіміз және балаларды солай істеуге үйретіп отыруымыз керек.

III. Жағдаяттар. ( музыка)

Барлық ата- аналар орындарынан тұрып,гүл теруге шығады , бір-бір гүлді алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар төңірегінде пікірталастар өрбиді.

IV. « Ел боламын десең , бесігіңді түзе ».

Әрбір баланың іс-әрекеті,тәрбиесі отбасында ата-ананың жағымды өнегесінен қалыптасады. Сондықтан баланың бас ұстазы- ата-анасы.

I топ. Баланы еркін тәрбиелген дұрыс па?

II топ. Қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

Жалпы сұрақ. Қайтсек ұлымыз ұлағатты, қызымыз инабатты болады? (Ата-аналар пікірін тыңдау.)

Әр бала дара тұлға. Бала тәрбиесінде ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден, жат қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз.

V. Сауалнама. « Біз қандай ата- анамыз?».

(Сауалнаманың ұпай саны есептеліп, ата- аналарға қандай тәрбиеші екендіктері айтылады.)

Слайд: Бала мен алма

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы » деген екен ұлы Абай. Ендеше, үнемі тату болыңыздар. (Марапаттау рәсімі)

Баяндамамды қорытындылай келе, « Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана ,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген нақыл сөзге тоқтала отырып:

-Расында да, адамгершілік бір күнде немесе біраз уақытта пайда болатын нәрсе емес, ол күнделікті көруден, көре жүріп үйренуден пайда болатын асыл қасиет!- деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиет: Тәрбие құралы 2011ж.





© 2010-2022