Внеклассное мероприятие по психологии

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж






СВнеклассное мероприятие по психологииыныптан тыс шара тақырыбы:



«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЛИМПИАДА-2015»









Дайындаған: педагогика, психология

кафедрасының оқытушылары

Р.М.Ғалымова, В.А.Даулетова




2015-2016 оқу жылы

Оқытушы:

Ғалымова Р.М ., Даулетова В.А

Тобы:

1п КДО, 1пКШФТ, 2аМК, 2аКШО, 2сКШО, 2аФК

Уақыты:

25.11.15

Шараның тақырыбы :

«Психологиялық олимпиада-2015»

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

А) Студенттердің теориялық және практикалық білімдеріне сүйене отырып, психология пәнін терең ұғындыру.

Ә) Студенттердің топтармен қарым-қатынас барысында психология пәні бойынша теориялық және практикалық білімдерін шыңдау.

Б) Студенттерді топқа ұжымдастыру арқылы жағымды атмосфера құруға, өз ойларын, шығармашылықтарын, ізденімпаз қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Шараның түрі :

пәндік олимпиада

Іс-шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту, АКТ, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы

Іс-шараның әдісі:

сөздік, көрнекілік, практикалық.

Пәнаралық байланыс:

Тәрбие жұмысының әдістемесі, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих

Оқыту құралдары:

Шара құрылымы бойынша слайд, компьютер, проектор, шарлар, плакат, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар.Шараның жоспары:

Шараның өту барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттерді қарсы алып, орындарына орналастырып, пәндік олимпиаданы ашық деп жариялайды.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар! «Психология және біз!» атты психологиялық олимпиадамызға қош келдіңіздер!

Студенттер қонақтармен амандасады. Оқушылар дайындалады, тыныштық сақтап, зейін қойып тындайды.

Ұйымдастырылған олимпиаданың мақсатын айтып, студенттердің дайындығын тексеріп, өзара қарым-қатынас орнатады.

ІІ. Негізгі бөлім:

Кіріспе сөз.


Внеклассное мероприятие по психологии





Внеклассное мероприятие по психологии


Внеклассное мероприятие по психологии


Внеклассное мероприятие по психологии
















Внеклассное мероприятие по психологии

Шараны бастамас бұрын қатысушы топтарды ортаға шақырайық. Олар: 1п КДО, 1пКШФТ, 2аКШО, 2сКШО, 2аМК, 2аФК.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп.

Қол соғайық, студенттер ортада.

Бағалау критерийлері:

1. «Сәлемдесу» команданы таныстыру (команданың аты, ұраны, эмблемасы). «Психология және біз» тақырыбында презентация жасау.

2.Теориялық тур (пән бойынша теориялық білімді тексеру)

-теориялық білім деңгейлері

-жауаптарын дәл, нақты белгілеуі

-уақытты сақтауы, тиімді қолдануы

3.Практикалық тур

Капитандар жарысы «Психологиялық-педагогикалық жағдаяттардан шығу»

-өзінің ойын еркін жеткізуі

-шешім таба білу және ұсынуы

-шығармашылық қабілет деңгейлері

4.Үй тапсырмасы. Командалар психология бойынша элктронды жариялымды (газетаны) ұсынады.

- газетінің аты, психология пәніне байланыстылығы

- газеттің мазмұндылығы, ерекшелігі

- ойлау шығармашылығы, жариялымның сапасы, топқа ұсынуы

Жүргізуші: Сонымен қатар, біздің әділқазыларымызбен танысайық.

1.Директордың тәрбие ісі эөнңндегң орынбасары Таубаев Қайыржан Бахитович

Педагогика, психология кафедрасының психология пәнінің оқытушылары

2. Бекетаева Самал Қамбарқызы

3.Имашева Айнагул Серікқызы

Жүргізуші: Олай болса, 1 тур «Сәлемдесу» турында барлық командалар өз топтарының аты, ұраны, эмблемасы, «Психология және біз» слайдтарын таныстырады. 5 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші: «Сәлемдесу» бойынша әділ қазылар ұпайлары айтылады.

Келесі тур «Теориялық білімді тексеру», яғни психология пәні бойынша топтың білімін тексеру. Қазір сіздерге, 20 сұрақтан құралған тест тапсырмалары беріледі. 5 минут ішінде жауабын табасыз.

Жүргізуші: «Теориялық тур» бойынша әділ қазылар ұпайларын айтады.

3 тур «Практикалық тур», бұл турдың өзі екі бөлімнен тұрады. 1 бөлім топ капитандары ортаға шақырылып, психологиялық жағдаяттар суырады және жағдаяттан шығу жолын ұсынуы қажет. 3 минут уақыт беріледі. (барлық топ капитандары жағдаяттарға жауап береді.)

«Психологиялық жағдаяттар»

  1. «Ата-аналары көңіл аудармайды». Сіздің әкеңіз жұмыстан шаршап келді,сізге онымен сөйлесу керек,себебі сіз оған сенесіз. Сізде үлкен мәселе бар. Әкеңіз сіздің сөзіңізге былай деп жауап берді: «сен барлық нәрсеге көңіл бөле бересің, одан да бар түскі тамағыңды іш »-дейді.

Тапсырма: Сіздің мәселеңізге әкеңіздің назарын аударуыңыз қажет. «Сіз не істейсіз?», «Оған не айтар едіңіз?»

  1. «Мен ата-анамның орнымда болсам». Елестетіңіз , сіз ересек адамсыз. Сіздің жанұяңыз, балаларыңыз бар. Сіздің балаңыз немесе қызыңыз соңғы кездері тым дөрекі сөйлейтін болды, сізбен қарым-қатынасқа түскісе де, сөйлескісі де келмейді.

Тапсырма: Сіз не істейсіз? Қандай әрекет қолданасыз? Сіздің қазіргі уақыттағы өміріңізде ондай жағдай кездесе ме? Сіз өз ата-анаңыздың орнында болсаңыз , осындай дау-жанжалдан қалай шығасыз? Бұл жағдай кімнің себебінен туындап тұр?

  1. «Мен жалғызбын». Бұл күнделіктен үзінді: «Мен тағыда сыныпта бұрынғыша өзіммен өзім қалдым. Балаларға әрине көңілді, бірақ менің жан дүнием жылайды. Бұрын барлығы білетін менің газет жасау қабілетім бар екенін, ал қазір сол дау-жанжалдан кейін мен шетте қалдым. Мен өз сыныбымды өте жақсы көремін, бірақ үмітсізбін. Мен жалғызбын... Сыныпта менің тек сұлбам ғана отыр. Мен жанжалдасқан балалардан ұялып жүрм, қалай татуласам. Маған қиын. Мені қазір сыныптастарыммен қалай татулассам деген ой мазалайды».

Тапсырма: Жағдайды талдаңыз. Сіз бұл кісінің ойымен келісесіз бе? Оны өзін ұстауы дұрыс па? Оның орнында не істер едіңіз? Ол ешкімнің көмегінсіз бұл мәселені шеше алады ма?

  1. Сіздің сыныбыңызда Айдос деген оқушы бар және ол сыныпта акселерат /физикалық, психикалық дамуы жағынан өз құрдастырынан бірнеше есе алда/. Сіз жаңа тақырып түсіндіріп жатырсыз. Айдос сізге кедергі келтіріп, өткен сабақтан сұрақ қойып, басқа оқушылармен сөйлесіп отыр. Сіздің әрекетіңіз?

  2. Сенің алғашқы студенттік жылың. Сендерге тарихтан алғашқы семинар болуы керек еді . Сұрақтары да қиын, ешкім дайын емес еді. Қуанышыңа орай, декан белгілі адамның концертіне топтың барлығын жіберді. Бірақ келесі семинарда ағайларың сабақты өткізбеу үшін әдейі істеген қылықтарың деп сенбей, қайталап тапсыруларды міндеттеді. Сендер не істер едіңдер?

  3. Сіз үйден көңіл-күйіңіз болмай келді. Жұмысқа келіп, сыныпқа да осы эмоциямен кірдіңіз. Үй тапсырмасын орындамай келген оқушыға барынша ұрсып, ашуыңызды таратып алдыңыз. Осы әрекетіңізге қалай баға бересіз және ол сыныппен қандай психологиялық ахуалға әкеледі деп ойлайсыз?

  4. Жоғары сыныптағы оқушы қыз оқу құралын үйіне ұмытып кетіп, сабақтағы тапсырманы орындамай отыр. Мұғалім қаталдық көрсетіп, ашу шақырып, үгіт-насихат жүргізеді. Ал оқушы айтылған сөздерді үндемей тыңдай берді. Осыдан оқушы қандай әсер алды, не сезінді?

Жүргізуші: Ал енді соңғы турымыз «Электрондық жариялым (газет)» яғни, үй тапсырмасы, сіз өзіңіздің дайындап әкелген жариялымдарыңызды интерактивті тақта арқылы көрсетесіз. (барлық топтар жарияламдарын қорғайды) уақыты -3 минут

Студенттер «Психологиялық олимпиада-2015» атты сайыстың мақсатын түсінеді.

1.1пКДО тобы

2.2 аКШИ тобы

3.2а КШО тобы

4.2сКШИ тобы

5.2с КШО тобы

6.1п КШФТ топтары ортаға шығып, реттік сан жазылған карточканы команда капитаны суырып, көрсетілген сан бойынша орналасады.

Студенттер әрбір турдың бағалау критерийлерімен танысады.

Внеклассное мероприятие по психологии

Внеклассное мероприятие по психологии

Студенттер олимпиадаға қатысушы қонақтар, бағалаушы әділқазылармен таныс болады.


1тур «Сәлемдесу» турында барлық команда мүшелері (1п КДО, 2аКШИ, 2аКШО, 2с КШИ, 2с КШО,1аРШИ.) дайындалады. Топтың ұраны мен атын, эмблемасын, өздері жасақтаған «Психология және біз» слайдтарын (5 минут уақыт ішінде) топ алдында таныстырады.

«Теориялық тур» бөлімінде алдарына үлестіріліп, берілген тест сұрақтарына бірлесіп, ақылдаса, (5 минут уақыт ішінде) әрбір топ жауап береді.

2 тур бойынша әділқазылардың бағалауын тындайды.

3 тур «Практикалық турдың» 1-бөлімінде команда капитандары ортаға шығып, психологиялық жағдаяттарды суырып, ойланып, жағдаяттың жауабын береді.

«Психологиялық жағдаяттардың» жауаптары:

1.Әкем «Сен барлық нәрсеге көңіл бөле бересің» деген сөзін тыңдап, оның қазіргі жағдайына қарағанда менің мәсілем әлде қайда жеңіл деп ойлап, тамағымды іше беремін.


2.Мен ересек адам болсам, ұзақ ойланып, барлық өзімнің жұмыстарымды ысырып қойып, балаларыма әр бір аптамның бір күнін белгілеп, олармен қыдыруға, қарым-қатынасқа, демалуға арнаймын.Шешілмейтін түйін жоқ, осылар шешр едім.


3. Мен бұл кісінің орнында болсам, ата-анаммен ақылдасып, өзімнен кеткен қатені түсніп, сынып жетекшімнің қолдауымен сынып алдында барлығынан газет шығарытын қабілетімді қолданып, жазбаша, ауызша кешірім сұраймын.



4. Айдостың акселерат екенін білгесін, оған күрделірек тапсырма берер едім. Сонда ғана ол сабақтан жалықпайды.


5. Ол ағайдан топ болып кешірім сұрап, келесі сабақта қайтадан семинар тапсырамыз.


6.Мен бұл әрекетімді өте нашар бағалар едім. Менің кесірімнен жағымсыз психологиялық ахуал туындаса, бұл менің жұмысымдағы сәтсіздігім деп есептер едім. Сондықтан алдымен өзімді тәрбиелеу қажетпін.

7. Оқушы өзінің қателігін түсініп, үндемей ұғынады. Яғни ол келесіде өз оқу құралын міндетті түрде тексереді, ол топ алдында өзінің ұмытшақтығына, қатты ұялады.

4 тур «Электронды жариялым», яғни үй тапсырмасы студенттер өздерінің шығармашылықтарымен дайындап келген, психологиялық электронды газеталарын топ алдында қорғайды.

Оқушылар шараның тақырыбымен, мақсатымен және сайыстың бөлімдерімен танысып, түсінеді.








Студенттердің жетістіктерімен кемшіліктерін әділқазы мүшелері әрбір тур соңында баға береді.

Студенттердің психология пәніне байланысты өз шығармашылықтарын шыңдау арқылы идеяларын топ алдында ұсыну қабілетін меңгереді.

Пән бойынша студенттердің тест тапсырмалары арқылы өз білімдерінің теориялық жағынан деңгейін біледі.



Топ мүшелерінің ішінен команда капитанын анықтау, ұсынылған психологиялық жағдаят арқылы шешу жолын табуға, кездесетін кедергілерден шығу жолдарын біледі.

















Студенттер «электронды жариялымды» жасақтауда пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденеді. Сонымен қатар газеттерінде психологиялық кеңестер, ұсыныстар жаттығуларды енгізу арқылы өздерінің қабілеттерін көрсетеді.

ІV. Қорытынды.

Жүргізуші: Ендігі кезекті әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.

Жеңіске жеткен топты марапаттайды.

Барлық қатысқан топтарға рахмет айтады.

  • Осындай шаралар арқылы өздеріңіздің қабілеттеріңізді, білімдеріңізді шыңдап, жетістіктен көріне беріңіздер!

Барлық тур бойынша алған ұпайларын біледі, өз кемшіліктері мен жетістікерін түсінеді.

«Психология олимпиада-2015» сайысының жеңімпазы анықталады. Студенттер психология пәнінен өздерінің теориялық және практикалық жағынан білімдерін кеңейтеді.


© 2010-2022