Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы "Фонетика. Тіл дыбыстары" 5 сыныпҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі; Камзанова Назым СерикжановнаМұнда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы барлық оқушыларды сабаққа қатыстырып және пәнге деген қызығушылықтарын оятуға болады. Тапсырмалары да өте қызықты. Лексика саласы бойынша да толық қайталау жүргізіледі.
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып№ 27 «ЖОББМ» КММ



САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

Өткізген: Камзанова Назым Серикжановна



Семей қаласы

Сынып: 5 Күні: Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.

Сабақтың мақсаты: Лексикадан өткенді еске түсіру.Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Лексикадан -өткенді қайталау.

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сыныпҚазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып

ІІІ.Жаңа сабақ: - Балалар, лексика тарауы бойынша өткен тақырыптарды біледі екенсіңдер. Енді бүгін жаңа үлкен сала фонетика тақырыбын өткелі отырмыз.

-Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.

Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)

Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

Адамның тілі- дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре алмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да бола алмас еді.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:

Бас, тас, жас, қас, нас

Ескек, кек, ек

Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек


  • Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді.

  • Біріншісі - оның сапалық сипаты.

Мысалы: мал, тал, қал.

  • Екіншісі - сөздердегі дыбыс санының әртүрлі болып келуі (бала, ала, ал).

  • Үшіншісі - сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас-сат; қас-сақ т.б.).

Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру.


Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып




Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі болады.

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту.

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ тақырыбы Фонетика. Тіл дыбыстары 5 сынып




ІҮ. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.

233-жаттығу. Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.

Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.

235-жаттығуды ауызша шарты бойынша орындау.

Егер т-дан бастасаң -

Биіктердің биігі.

Егер д-дан бастасаң -

Қиындардың қиыны.

Екеуін де алып тастасаң,

Балықшының бұйымы.

(... , ... , ..)

Егер б-дан бастасаң -

Түтіндей боп көшемін.

Егер н-дан бастасаң -

Жап-жасыл боп өсемін.

Жеке өзімді тастасаң -

Ішкен жанға кеселмін.

(.., .., .)

Г-ден баста, мен кілең

Ажарымын өмірдің.

К-ден баста, енді мен

Қалдығымын көмірдің.

К-ден егер бастасаң-

Шомыласың суына.

Ш-дан егер бастасаң-

Жазда аунайсың құмына.

( ..., ...)

2-тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?

і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а

к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т

а, л, а, д

236-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, өз ойларын айтқызу.

Дыбыстың шығуына қызмет ететін ауыздың түрлі мүшелері: өкпе, кеңірдек, тамақ, мұрын. Ауыз мүшелерінің ішінде көбірек қызмет ететін - тіл. Тілдің қатыспайтын дыбысы жоқ. Тіл қай сөз де дыбысқа түр беріп, тіл дыбысы болып шығуына қатысады. Басқа мүшелер - тілдің жұмсайтын құралы, ылаждаушы (амалдаушы) есебіндегі нәрселер болады. Дыбыс жасауға дем беретін - өкпеден кеңірдек арқылы келетін ауа. Сол ауаны бірде ананы, бірде мынаны сепке алып, керегіне қарай олай да, былай да жіберіп, сөзге керек түрдегі дыбыс қылып шығаратын - тіл. Сондықтан «сөз», «сөйлеу», «айту», «хабар» дегеннің орнына көбінесе «тіл» аты жұмсалады.

Ү.Қорытындылау:

Тест тапсырмаларын орындау.

1.Қайсысы тіл білімі саласына жатады?
А) фонема;
В) фонология;
С) фонетика;
D) фонетист

2. Фонетика нені зерттейді?
А) тіл байылығын;
В) тіл жүйесін;
С) тіл тарихын;
D) тіл дыбыстарын.

3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
А) тек тілдің қатысуымен;
В) сөз арқылы;
С) сөйлеу мүшелері арқылы;
D) екі заттың соқтығысуы арқылы.


4. Адамның тілі қандай тіл?
А) дыбыстық тіл;
В) ым тілі;
С) ишара тілі;
D) сазды тіл.

5. Тіл дыбысы - сөздің несі?


А) ішкі мағынасы;
В) сыртқы жамылғысы;
С) түпкі мазмұны;
D) көне мағынасы.

INSERT КАРТАСЫ

Не үйрендім?

Не білдім?

Нені білгім келеді?


ҮІ. Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

2. Метаграммалар жазу.




© 2010-2022