Тексовый отчет F для учителя уровневика

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адрейсова Гульжанат Алданқызы мұғалім портфолиосы Ғ есебі

І топ І деңгей

Қарағанды қаласы 03.03.2014 ж

Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды қалай қолдаймын?

"Желілік қоғамдастық - оқыту қоғамдастығында жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді".

Энн Либерман

Энн Либерманның осы сөзі желілік қоғамдастықтың маңызды мақсатын көрсетіп отыр. Мектептер арасында құрылған желілік қызмет оларды бір-бірімен ақпарат алмасуға, өтіп жатқан іс-шараларды талқылауға, пікір алмасып, көптеген мәселелерге ортақ шешім қабылдау үшін таптырмас байланыс түрі.

Желілік қоғамдастық мұғалім, ата-ана, оқушы үшін өте маңызды. Себебі, мұғалім жан-жақтан ақпарат алып, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алатын болса, ата-ана өз баласының білім деңгейін, мектептің ахуалын біліп отырады,мысалы bilimal.kz-ке кіріп, ал оқушылар желі арқылы әртүрлі жарыстарға, интеллектуалды турнирлерге, т.б қатысады, сабағына керекті ақпараттарды алып, оқиды.

Ал енді мұғалімдерге бұл қоғамдастық қандай көмек беретініне тоқтала кетейін. Бұл қоғамдастықта мұғалімдер бір-бірімен тәжірибелерін бөлісе отырып оқиды. Кездесулерде олар өздерінің жобаларын, әзірлемелерін таныстыра алады, пікірлерін, идеяларын бөліседі және өз практикасы мен жалпы мектептегі практикасын тепе-тең жағдайда жетілдіреді. Бұл жерде мұғалімдердің зерттеулер жүргізуі маңызды, және олардың тақырыпнамасы мектепті дамытуға тікелей қатысты. Қоғамдастықтағы осындай жұмыс біліктілікті арттырудың сыртқы курстарының баламасы болып табылады, ол ұзаққа созылады және ұзақ мерзімге жоспарланған.

Қоғамдастық не үшін қажет деген сұраққа мен курс барысында оқыған таратпа материалдардан үзінді келтіремін:

  1. Ақпарат тарату үшін

  2. Ынтымақтастық жасап, өзара қолдау көрсету үшін.

  3. Оқу үшін.

  4. Білім қалыптастыру үшін.

  5. Ұжымдық пікір білдіру үшін.

Желілік қоғамдастық туралы мен өзім осы курсқа барғаннан бастап хабардармын, бұның алдында басқа жақ мұғалімдерімен тек қана mail.ru арқылы хабарласып, пікірлесетінмін. Мектептегі тәжірибе кезеңінде әріптестерімізбен бірігіп mail.ru -да «1 деңгей» атты группчат құрып, сол жерде пікір алмасып отырмыз.

Тексовый отчет F для учителя уровневика

Педагогикалық шеберлік орталығының сайтында «Қарағанды1/1 деңгей.Наурыз 2014» атты топ құрып, өзіміз соған тіркелдік. Ол жерде де әріптестер бір-бірімізбен байланыс жасап отырмыз.
Тексовый отчет F для учителя уровневика

Біздің аудан көлемінде «Шашубай мектеп-балабақша кешені» КММ желілік қоғамдастық жұмыс жасайды. Бұл қоғамдастық «Шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету» мақсатында құрылған. Бұл қоғамдастық мүшелері аталмыш мектептің І,ІІ,ІІІ деңгейлі курстарын аяқтап, сертификат алған мұғалімдер. Бұл мектеп ресурстық орталық болғандықтан, қарамағындағы үш магниттік мектеппен үнемі тығыз байланыс жасап, оқушыларына жылына екі рет сессия өткізіп отырады. Міне, осы мектептердің мұғалімдеріне үнемі көмек беріп, коучингтер өткізіп отырады. Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығымен де байланыста болады. Осы қоғамдастықты басқаратын Н.С-мен хабарласып, мүшелерімен кездестім. Өзім қазір І деңгей тыңдаушысы екенімді айтып, курсты аяқтаған соң қоғамдастық мүшесі болсам деген ойымды айтып едім, ол кісілер бірден келісімін берді. Жаңа оқу жылынан бастап, өз жоспарыммен таныстыруға келуімді өтінді.

Және де осы практика кезінде Қарағанды қаласының мектептерінде жұмыс жасайтын, өзімнің группаластарым құрған «Бәйшешек» атты желілік қоғамдастықпен де алдағы уақытта байланыс жасап отырамын. Осы қоғамдастық аясында 13 мамыр күні сағат 12.30-да онлайн кездесуді жоспарлап отырмыз. Ол жерде бір-бірімізбен практика кезінде жасап жатқан жұмыстарымыз, есептер жазуда, видеоларды өңдеуде кездесіп жатқан қиыншылықтарды шешу турал пікір алмасамыз. Одан бөлек біздің аудандағы Сарышаған кентіндегі мектеп мұғалімі Г.Д-мен Skype арқылы байланыс жасап, ортақ пікірлерді, ойларды талдап отырмыз.

Негізгі байланыс желілері:gmail.com, bilimal.kz, cpm.kz, mail.ru арқылы мектеп аясында қоғамдастық құру, оның ішіндегі жұмыстарды топтар арасында бөлу. Басқа мектептермен тәжірибе алмасу жолында байланысты кеңейтуді жоспарлап отырмын.

Заман ағымындағы ақпараттар легінен қалыс қалмау үшін барлық ұстаздар қауымын желіге тартылуға шақырамын.





© 2010-2022